«Шабан айында үш күн ораза тұтқан адамға Хақ та’ала жәннаттан орын дайындайды.» (Әййухал уәләд илмихалы)
«Мына түндерде жасалған дұға зая кетпейді. Рағаиб түні, Бәрат түні, Жұма түні, Рамазан айт және Құрбан айт түндері.» (И. Асакир)
«Рахмет (рақымдылық) есіктері төрт түні ашылады. Ол түндерде жасалған дұға зая кетпейді. Рамазан және Құрбан айттың бірінші түні, Бәрат және Арапа түні.» (Исфахани)
«Аллаһу та’ала Бәрат түнінде кәпірлерден басқа, мүминдерді кешіреді. Кекшілдерді бұл жаман мінездерін қойғанға дейін кешірмейді.» (Табарани, Бәйһақи)
«Аллаһу та’ала Шабанның 15-ші түнінде мүшрик және мүшахиннен (бидғатшыдан) басқа барлығын кешіреді.» (Ибн Мажә)
«Төрт түннің күндізі де түні секілді қасиетті. Аллаһу та’ала ол күндерде дұға еткен адамның тілегін қайтармайды, оларды кешіреді және олар бұл күндерде мол ихсанға қауышады. Бұлар: Қадір түні, Арапа түні, Бәрат түні және Жұма түні мен күндері.» (Дәйләми)
Хазреті Хасан Басри Шабанның 15-ші күні мазардан шыққандай болып жүзі бозарып тұратын. Бұл қайғысының себебін сұрағанда «Илми яқинмен білемін, күнәларым бар. Күнәм кешірілмесе, сауаптарым да қабыл болмаса, жағдайым не болар деген қорқыныштан жүзім бозаруда», – деп жауаптаған екен.
Әбу Насырдың риуаятында: Шағбанның 13-түні Пайғамбарымызға (ﷺ) Жәбрәйіл періште келіп: «Тұр тәһәжжуд уақыты болды, үмметіңді сұра», – деп, айтты. Пайғамбарымыз (ﷺ) айтқанын істейді. Жәбірейіл (ғ.с.) таңның уақытында келіп, Пайғамбарымызға (ﷺ) : «Үмметіңнің үштен бір бөлігі саған сыйлыққа берілді, яғни тозақ отынан құтылды»,-деді. Сол кезде Пайғамбарымыз (ﷺ) көзіне жас алып: «Қалғанының халі не болмақ?» – деді. Жәбрәйіл періште білмеймін деп жауап қатты. Келесі түні осы жағдай қайталанады, таңға жақын Жәбрәйіл (ғ.с.) Пайғамбарымызға (ﷺ) келіп: «Үмметіңнің 2/3 – сі саған сыйға берілді»,- деді. Сол кезде Пайғамбарымыз (ﷺ) көзіне жас алып: «Қалғанының хәлі не болмақ?»- деді, Жәбрәйіл періште: «Білмеймін»,- деп жауап берді. Үшінші күні Пайғамбарымыз (ﷺ) бен Жәбрәйілдің (ғ.с.) арасындағы уақиға қайталанады. Таң намазының уақытында Жәбрәйіл (ғ.с): «Сенің үмметіңнің барлығы тозақ отынан азат етілді»,- деп сүйіншілейді. Содан кейін Жәбрәйіл (ғ.с.): «Ей Мухаммед (ﷺ) аспанға қара»,-деді. Пайғамбарымыз (ﷺ) аспанға қараса, күллі аспан есіктері ашылып, аршыға дейінгі бүкіл періштелер Пайғамбардың (ﷺ) үмметінің күнәларын кешіруін тілеп сәждеде жатыр екен: «