Судьям и посредникам за решение дела назначил он в собственность десятую часть от всего иску. Подать расположил поголовно на всех киргизцев, могущих управлять оружием, исключая султанов, т.е. ханских детей. Хан, или правитель, получал для себя со всего имения и скота только 20-ю часть в год, а таковая же доля отдаваема была биям, управляющим в народе. Один осенний месяц определил к всеобщему посреди степи собранию старейшин, султанов и хана для решения дел, до целого общества касающихся, и при случае смерти хана - для избрания оного. Он положил также за священное правило, что казак (киргизец) не может без оружия появиться под открытым небом; «тогда голос его в совете да не внемлется и младшие, да не уступят ему мест своих». Охоту и ристания не забыл также Тявка хан поместить в своих уставах. Почитая оные за единственное в жизни удовольствие, от занятия сего не исключил он даже и женского пола. Для уменьшения излишних споров в делах фамильных, разделил родовые тамги[32]* на многие части, так что каждое отделение рода и почти всякое семейство получало свой знак для намечивания скота, а чрез сие хозяйству доставил удобность повсюду и во всех табунах отличать свою собственность от чужой. Оградя, таким образом, внутренне спокойствие орды Киргизской, хан возбуждал в народе дух к ратоборству противу стран порубежных. Нельзя сказать, чтобы с самого начала все обитающие в степи племена прямо подчинились правилами Тявки-хана. Сие зависело от одного только времени, которое потом принесло семейной жизни неоцененное благо - безопасность. Кочевья начали рассеиваться безмятежно по всем степям. Табуны бродили смешанно и без надзору, скотоводство размножалось и человечество, казалось, было счастливо».[33] «…XVI-ғасырдың басында өзара араздықтан жалығып көптеген қырғыз [қазақ. - Қ.Ә.] рулары өзінің көзсіз ерліктерімен атақты болып және даугерлерді бітімге келтіру мен асау жүректі көшпелілерді шешендігімен баурап алуда ерекше өнер көрсетіп өзіне қараған халықтың санын айтарлықтай көбейткен Тәукені хан қылып көтерді немесе, басқалар айтқандай, Шабахты[34]* хан көтерді. Ол Әбілғазы тарихынан[35] белгілі сұлтандар ұрпағынан шыққан.[36] Осы оқиға жергілікті тарихтың ең маңызды заманын айшықтап көрсетеді. Қырғыз [Қазақ. - Қ.Ә.] даласын мекендеген халықтың көпшілігіне шабыт біткендей, олар тұңғыш рет бірауыздан бас басқарушыны сайлап шығаруға ұмтылады және Тәуке ханның адал билігі оған бүкіл үш жүздің көптеген ру-тармақтарын тез арада қаратады. Халықтың әр тарамында қоғамдық істерді үлгілі жолмен атқару үшін Тәуке ханның ақылымен ақсақалдар үш елағасын сайлап оларға әр ауыл билерінің, немесе төрелік етушілерінің, сот істерін қалай жүргізіп жатқанын қадағалау міндетін жүктеді және сол елағалар пәлен руда қандай да тәртіпсіздік бола қалса тікелей хан алдында жауап беретін болды. Сол елағалыққа Ұлы жүзде Төле би, Орта жүзде - Қазыбек, Кіші жұзде - Әйтеке тағайындалды. Шабындық жерлері жөнінде даулардың алдын алу үшін Тәуке ел-жұрттың ерікті келісімімен әр рудың көшуіне қыстау және жайлау қоныстарын белгілеп берді[37], рулар ішінде ауылдар мен ауылбасыларды үлестіріп бекітіп қойды, өзінің қысқа да нұсқа жарғыларына халық жадында қалған кейбір ежелгі жол-жораларды қосып рубасылардың дара билігін шектеп қойды[38] және сол заңдарын балалараға емшектен шықпай тұрып үйретіп жаттатуға міндеттейді, яғни бұлар сол заңдарды жаттап алып өз ұрпақтарына ауызша жеткізіп сақтауға қабілетті болсын дегені. Ақиқат ауылынан алыс болса да, білместіктен немесе оны артық көретіндіктен қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] өз қоғамының заңдарының пайда болуы сол билеушілерінің [Тәуке ханның. - Қ.Ә.] арқасы деп біледі. Бұл заңдардың бұрын да болуы әбден мүмкін және уақыттың жылжуымен олар біресе нығайып, біресе әлсіреп күшінде қала берген, өйткені сол заманда Тәуке ел-жұрттың ішінде әлсіреп өшіп бара жатқан заңдарға тек дем беріп қолдау көрсете білді. Қалай болса да, бұл жағдайға назар аударғанымыз жөн, өйткені жақсы жарғысы болмай еш қауымдастықтың берекелі болуы мүмкін еместігіне бұл мысал іс жүзіндегі дәлел бола алады. Бұл заңдарда мынадай жолдар көрсетілген: «Қанға қан, зорлық және дәлелденген зинақорлық үшін өлім жазасы кесіледі, дегенмен, кінәлі адамның бүкіл руы өлтірілген немесе жәбірленген адамның тектілігі мен ауқаттылығына байланысты 200-ден 1000-ға дейін жылқы басын және жағдайға байланысты лайық мөлшерде басқа мүлікті даугерге оның келісімімен қазаның не басқа зиянның есесіне берсе жауапкер өлім жазасынан құтыла алады». Осы өтеуді құн, яғни қан ақысы, деп атайды. «Әр түрлі жарақаттың есесіне тура сондай жарақат келтіріледі немесе жәбірленгеннің еркі болса кінәлі адамнан мал мен мүлік өндіріледі». Бұны жарақат ақысы деп атайды. «Мал ұрлаған анықталса ұрланғанынан тоғызды үш есе төлейді, бұған үстеме түйелерге бір бас тұтқын, жылқыларға - бір бас түйе, қойға - бір бас жылқы және т.т. Тоғыз рет ұрланғаны анықталса өлім жазасы кесіледі». Ұрлықты өтеу жазасы айбана,[39] яғни ұрлық ақысы деп аталған. «Кінәлі адам кесілген жаза ақысын өтей алмаса ол тұрып жатқан ауылы жауапқа тартылуы тиіс». «Жылжымалы заттар ұрланғанда өтеуіне ұрыдан тура ұрланған мөлшерде мал-мүлік өндіріледі және ұрланғанның мөлшеріне қарай бір бас жылқы, бір бас түйе және т.т. үстеме ретінде өндіріледі». «Қылмыскердің айыбын ашу үшін даугер куәлікке үш бөтен адамды ертіп келтіру керек».[40] «Тергеуді билер, төрелік етушілер немесе даугер мен жауапкер тұратын ауылдарды басқаратын басшылар (старшындар) [ауылбасылар. - Қ.Ә.] жүргізеді, оның үстіне, әр дауласатын тараптың тәжірибелі және адал ақсақалдарынан дәнекер өкілдікке екі адамды сайлаған». «Егер айыпталған қылмыскер билердің тергелуіне шақырғандарына қарамастан келмей қалса, жазасын оның жакын туысына тарттырады немесе қылмыскердің өз ауылы жиналып пәлен мөлшерде ақы төлеп, қайтадан бұндай жазаға ұшырамау үшін кылмыскерді тауып билер сотының оның үстінен шығарған шешімін орындаттыруға міндеттенеді». «Билер сотының шешімінде көрсетілген айыпты төлеуге немесе басқа жазаға қылмыстылар көнбесе және рубасы қылмыстыны жасырып өзі де тергеуге қол ұшын беруден жалтарып жүрсе, жәбірленгендердің жақын-туыс пен жора-жолдастарымен ынтымақтасып жауапкердің ауылынан қылмыстың айыбына немесе ақысына кесілген малды жасырын айдап әкетуге қақысы болған; алайда, айдалған малмен өз ауылына келгенде жәбірленуші бұл іс туралы дереу ауылбасы ақсақалына және жолшыбай кездескен құрметті адамдарға да хабарлауға міндетті болған». Осылай кегін қайтару амалы барымта[41] деп аталды. Билер мен дәнекер өкілдердің пайдасына дау-істерді шешкендерінің ақысына ол [Тәуке хан. - Қ.Ә.]дау нарқының оннан бірін тағайындап берді. Қару-құралды пайдалана білетін бүкіл кырғызға [қазаққа. - Қ.Ә.] алман-салық ортақ деп ол шешті. Бұл ереже тек сұлтан атаулыға, яғни хан ұрпақтарына жүрмеген. Хан немесе билеушінің өз пайдасына жыл сайын бүкіл мал-мүліктің жиырмадан бірі тиесілі болған, тура осындай мөлшердегі алман халықты тікелей басқаратын билердің пайдасына да алынған. Күздің бір айында хан мен сұлтандар және басшы ақсақалдар даланың ортасында жиылып бүкіл ел-жұртқа қатысты мәселелерді талқылап шешетін болсын, ал хан өмірден өтсе жаңа ханды сайлап көтеретін болсын деп Тәуке хан ұйғарды. Бұған қоса ол еш қазақ[42] қару-құралсыз ашық аспан астында жүре алмайды деген қасиетті ереже шығарып бекітті; «олай болмаған жағдайда бұндай [қару-құралсыз] адамның дауысы кеңестерде елеусіз қалсын, жасы кішілер оған орындарын бермесін». Саят пен бәйгені де Тәуке хан өз жарғыларында ұмытпаған. Бұларды салтты өмірлерінің жалғыз бір рахаты деп әйел адамдардың да соларға қатысуына тыйым салмай жол берді. Отбасы-туыс қарым-қатынастарындағы дау-дамайларды азайту үшін ол ру таңбаларын[43]* көбейтіп үлестіріп бергендіктен әр ру тармағы (бөлімшесі) және түгелге жуық отбасы атаулы өз малын таңбалауға жеке таңба алды. Бұның арқасында әр табын мен үйірде өз меншігіңді айырып тануға оңай болып елге мал шаруашылығын да жүргізу ыңғайлы болды.[44] Осылай Қырғыз [Қазақ. - Қ.Ә.] ордасының ішкі берекесін қамтамасыз етіп хан көршілес елдердің көз алартуына тойтарыс беруге елдің рухын көтеруге тырысты. Даланы мекендеген барлық тайпалар Тәуке ханның ережелеріне ең басынан бірден мойынсұнды деп айтуға болмас. Бұл тек уақыттың ісі еді, өйткені уақыт өткен сайын отбасы өмірінің ең асыл игілігі - қауіпсіздік анық көрініп сезіле берді. Көшпелілер қиырсыз даланың әр жерінде алаңсыз көшіп жүре бастады. Үйір-үйір мал араласып бақылаусыз жайылып жүрді, шаруашылық ұлғайып қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман келгендей болды». «Жеті жарғының» құқықтық күшін және кейінгі заманда қаншалықты күшін сақтағанын талқылайтын болсақ, ерекше айтарлық жайт, Гавердовскийдің өзі байқағандай, Тәуке хан заңдарына жатқызылатын ережелерінің күші Гавердовский жазып жатқан кездің өзінде қазақтар арасында қатты әлсірегенін баса айтады.