Яков Гавердовский қазақтың кәдуілгі құқығы туралы («Жеті жарғы» жайлы алғашқы жазба дерек) (Қайрат Әлімжан, заңгер)


«Халық өзгерістері мен олардын заң ережелерінің тарихының жалғасы мен соңы



бет8/23
Дата13.04.2023
өлшемі100,58 Kb.
#82402
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Яков Гавердовский қаза

«Халық өзгерістері мен олардын заң ережелерінің тарихының жалғасы мен соңы
Өзара тартыс-аламанды азайту үшін және халықты рубасыларының айтқанына көндіру үшін бірінші хан Тәуке және төбе билер халықтың ортақ келісімімен заң ережелерін шығарып оларды орындауға барлық руларға жеткізеді және бұларды орындаттыруға рубасыларына қасам ішкізеді.
Сол жарғыларда көрсетілген жолдармен халық арасында болатын істер тергеліп шешілгені көшпелі халықтың асау мінезін аздап тұсаулағанымен бұдан қоғамдық байланыстардың саябырлануы да мүмкін еді, дегенмен, бұл заңдар жазбаша болмай, рудан руға ауызша, аңыз-әңгіме түрінде таралып жеткендіктен, келе-келе едәуір өзгеріске ұшырап қырғыздардың [қазақтардың. - Қ.Ә.] жүгенсіздігі салдарынан тек олардың одан бетер азып бұзылуына, өзара негізсіз мінеп шенеуіне және оңай олжаға арандары ашылып аламанға шығуға желеу-сылтаулардың табылуына кең жол ашты.
Уақыт өте келе үбірлі-шүбірлі болған рубасылар өз балаларына рудың бір бөлшегін «еншіге» басқаруға беріп ақыр соңында өз руларын бөлшектеп тынды (өйткені бұрынғы басшылардың (старшындардың) әр баласының бұған қақысы болған). Әрбір сондай басшы өз үстемдігін орнықтыру үшін оған қарасты руластарымен басқалардан бірдеңе талап етіп және белгілі жарғыларды сылтау етіп соларға қарсы жортуылға шыққан. Осыған байланысты қарапайым қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] бұрынғы рубасыларына мойынсұнбай көшіп кетіп табыс табу мақсатымен басқа партияларға қосыла берген. Осыдан күштінің қақысы жалпы жарғыға айналды.
Сұлтандар да хан отбасынан шығып және бұрын халық басқарушылары бола тұра бұ заманда менсінбеушілікке ұшырады, өйткені бұндай атақ [«сұлтан». - Қ.Ә.] бүкіл еркек кіндіктіге мұрагерлік жолымен берілген, ал осы өзгерістер барысында олардың саны қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] ішінде тым көбейіп кетті. Соның кесірінен олар есімдеріне сол құр атағын жалғап сандалып жүруге мәжбүр. Халықтың сеніміне тек ер шабандоз, табысты жортуылшы және бай отағасылар ие болғандықтан рубасылар, сұлтандар және хан асауларға тұсау салуға әлдері жетпей және халықты өз айтқандарына көндіре алмай кейбір туған-туыстарымен Ресей қамқорлығын паналап әскери бекіністер шебіне жақынырақ көшіп келді, ал жаңа билер бөліп иемденіп алған рулар қыр асып сахарада татуласпай тіршілік етеді.
Бұрынғы заманмен салыстырғанда болмашы еліктеуді елестететін заң ережелері қазіргі күйінде төмендегідей болса керек.
Адамды өлтіргені, үлкен немесе өтелуі мүмкін емес мөлшерде ұрлағаны, әйел адамды зорлағаны үшін өлім жазасы кесілген немесе жәбірленген жақ келіскен жағдайда өлім жазасының орнына 200-ден 1000-ға дейін жылқы басымен өлшенетін төлем берілген, бұны олар құн деп атайды.
Зақым келтіргені немесе жарақаттағаны үшін де малмен жаза кесілген немесе тура сондай зақым не жарақат келтіріп есесін қайырған.
Ұрлағаны үшін ұрлығын куәлар растаған жағдайда кінәлі адам жәбірленген адамға ұрлағанының есесіне үш тоғызды қайтарған, яғни ұрланған 10 бас түйе немесе басқа мал түрі үшін сол мал түрінің 270 басы өндірілген, оның үстіне, түйелерге - тұтқын адамдарды, жылқыларға - түйелерді, ал майда мал түлігіне жылқыларды қосқан, басқа мүлік түрі тура сондай мүлік түрімен өтелген. Бұндай төлем айбана деп аталады.[27]
Қылмыскердің қылмыс жасағанын дәлелдеу үшін даугер төрт куәгер ертіп әкелу керек[28], тергеуге екі жақтың сенімді өкілдері және басқарушы сұлтандар мен билер қатыстырылған. Сезікті жауапкер сотқа келмесе және оны келтіруге билердің шамалары келмесе, сенімді өкілдердің келісімімен жауапкердің малы жасырын айдалуға жатады, мал айдалғанда кезіккен қырғыздарға [қазақтарға. - Қ.Ә.] сол туралы ашық айтылуы тиіс, бірақ айдалған мал даугер талабының мөлшерін аспауы тиіс. Бұл айырбасты барымта[29]* деп атайды.
Кінәлі адамның рулас билері қылмыстыны келтіріп көрсетуге ұмтылмаса немесе қылмыстының өзі даугер талабын өтеуге шамасы келмесе, даугер және оның руының барлық тармақтары (бөлімшелері) барымтаға аттанған. Барымтадан қайтып келген қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] айдалып әкелген олжалары туралы өз билеріне хабарлауға және оларға сот істері үшін талап мөлшерінің оннан бірін беруге міндетті болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет