Ян амос коменскийдің педагогикалық теориясы


Оқыту үрдісінде педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру- білімділік , тәрбиелілік, дамытушылық . Оқыту мен білім берудің тәрбиелік мүмкіндіктері



бет2/4
Дата17.03.2022
өлшемі30,85 Kb.
#28309
1   2   3   4
Оқыту үрдісінде педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру- білімділік , тәрбиелілік, дамытушылық . Оқыту мен білім берудің тәрбиелік мүмкіндіктері. Оқытудың түрлеріне дамыта оқыту , модульдік оқыту іпроблемалық оқыту т.б. жатады.Дамыта оқытудың мақсаты білім алушының күнделікті өмірге тәуелсіз , сонымен қатар ақиқатты іздей отырып өіндік оқуы арқылы білім алуға қол жеткізуі.Дамыта оқыту әр білім алушының дербес танымдық әрекеттерге ұмтылуға құштарлығын, белсенді өмірлік қағидаттарын қалыптастырады. Білім алушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Ол оқытуда қолданылатын дидактикалық ойындар, пікірталастар, сонымен қатар шығармашылық қиялы мен ойлауына , есте сақтауына , сөйлеуіне бағытталған түрлі іс-әрекеттерге білім алушыларды зту түріндегі оқыту әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.Дамыта оқыту білім алушының жан-жақты тұлғалық сапасының дамуына, өзіндік ой-тұжырымын жасауына , өзіндік оөу іс-әрекетіне талдау жасауға және оны басқара білуіне бағытталған.

Модульдік оқыту. Мрдульдік оқыту – оқу ақпаратын блокты – модуль негізінде беру арқылы оқу процесін ұйымдастыру тәсілі .Оқу мазмүнын ақпаратты блоктарда беріледі де меңгеру мақсатқа сәйкес жүзеге асырылады.Модульдік оқыту барысында білім алушылар үшін оқытылатын білім көлемі ғана емес, оны меңгеру деңгейінің дидактикалық мақсаты тұжырымдалады. Модульдік оқыту білім алушылардың базалық дайындығының деңгейіне , жеке сұраныстары мен икемділігіне қарай оқытуды қамтамасыз етеді. Оқытуды дараландыруды: оқу мазмұнын , меңгеруін өзіндік деңгейі әдісі мен тәсілі, бақылау, өзін-өзі бақылауы бойынша қамтамасыз етеді.

Проблемалы оқыту. Проблемалы оқыту – өзіндік дүниетанымын қалыптастырудың барынша өзекті құралы. Проблемалық оқытудың тиімділігі ол білім алушылардың сыни,шығармашылық.диалектикалық ойлауын қалыптастыру міндетін шешуден тұрады.Проблемалық оқыту логикалық тәсілдер жүйесін немесе жекелеген шығармашылық іс-әрекеттерін, жаңа жағдаятта шығармашылықпен қолдану біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ол шығармашылық тәжірибесінің молаюына, зерттеушілік әдістерді меңгеруіне , практикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.Проблемалық оқыту оқудың қажеттілігін , адамгершілік, танымдық қажеттілігін құруға мүмкіндік береді.

Оқытудың үш функциясы бар: білім беру, тәрбиелік , дамытушылық.


  • Оқытудың білім беру функциясы. Оқушыларға білімді толық игерту үшін негізгі талаптарды игерген жөн.Олар : білімнің толықтылығы ; білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, білімділігі; білімнің ұғымдылығы- оқушылардың өз бетімен ізденіп білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту; білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау. Оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген ,өз бетімен білім ала алатын, жоғары білімді маман даярлауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.


  • Оқытудың тәрбиелік фукциясы- оқыту барысында тәрбиенің мақсаты , міндеттері, мазмұны , тәсілдері анықталады. Тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды,керісінше, біртұтастық ұстанымына негізделіп бірлікте қарастырылады. Демек, білім бере отырып тәрбиелейді , тәрбиелей отырып білім береді.


  • Оқытудың дамытушылық функциясы . Оқыту барысында оқушыларға білім беру, тірбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттері дамиды. Демек , тұлға жан-жақсты қалыптасып дамиды.Дамудың ерекшелігі- ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, ол оқытудың , білім беру және тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Тәрбие мен білім беру дамудың алдында жүріп отырады .






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет