Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

 
Негізгі сұрақтар: 
1. Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері;
2. Қылмыстылықтың көрсеткіштері; 
3. Латенттік қылмыстылық. 
Дәріс тезистері: 
 
1.
 
Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері. 
Қылмыстылық

бұл салыстырмалы жаппай, тарихи 
өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында 
жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Осындай анықтаманы алпысыншы 
жылдары Н.Ф.Кузнецова берген болатын. Одан бері де осы анықтаманың мұрты қисайған жоқ.
Оның өзіндік себептері де бар. Жоғарыда айтып өткеніміздей қылмыстар жинақтала келгенде жаңа бір 
сапаға ие болады, ол - қылмыстылық. Осыған байланысты теңіз бен тамшыны, клетка мен организмді мысал қып 
келтіре кеттік. 
Қылмыстылық - 
әлеуметтік құбылыс, өзінше бір организм, қоғамның өзіне бағытталған 
сырқаты. Сырқат демекші, қылмыстылықтың сыртқа көрінетін көрсеткіштері оның симптомы сияқты екендігін 
айта кету керек, себебі кейбір сырқат түрлерінің симптомы бірдей болғанымен диагнозы және емдеу жолдары әр 
түрлі болатыны аян. Мысалға, тұмау мен сібір жарасының сыртқы симптомдары бірдей болғандықтан АҚШ-та 
2001 жылы сырқаттанғандарды тұмаудың дәрісімен емдегендіктен бернеше адам қайтыс болды. Сол сияқты 
ұрлық пен кісі өлтірудің немесе, тіпті, ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу жолдары да әр қилы болу керек екендігі 
хақ. 
Жоғарыдағы анықтамадан қылмыстылықтың мынандай белгілерін анақтауға болады:
-
оның салыстырмалы-жаппайлығы. Жалпы жаппай емес салыстырмалы жаппай болатын себебі - 
қоғамның бәрі қылмыстылық атты сырқатпен ауырмайды, тек белгілі бір бөлшегі ғана қылмыстылық 
құбылысына үлес қосады, ал тұмау эпидемиясы жаппай құбылыс, өйткені ол кездерде жұрттың бәрі тұмауратып 
шығады. Ал салыстырмалы жаппай болмаса да ол қылмыстылық емес, бар болғаны бірді-екілі немесе жүз-екі 
жүз қылмыстардың жиынтығы ғана болып қалады.
-
тарихи өзгермелі болатындығы қоғамның қылмысқа деген көзқарасы үнемі өзгеріп отыратындығында. 
Бір уақыттарда қылмыс боп есептелген әрекеттер басқа бір кезде қылмыс емес немесе керісінше. Мысалға, Кеңес 
дәуірінде алып-сатарлық әрекеті қылмыс боп, қылмыстылықты құрап тұрса, қазір ол қылмыс болмақ түгілі 
экономиканы дамытушы факторлардың бірі (бизнес). Не болмаса сол уақытта компьютерлік қылмыстардың атын 
да білмеген болса, қазір ол дүниежүзінде кең тараған қылмыс түрі. Яки құл иеленушілік құрылыс кезіндегі құлды 
өлтіру мен осы күнгі адам (кез келген) өлтіруді, ортағасырдағы еуропа елдеріндегі ‘’алғашқы түн’’ құқығын 
атауға да болады. 
-
жоғарыдағы белгімен сабақтас қылмыстылықтың қылмыстық-құқықтық сипатқа ие құбылыс екендігі. 
Әлбетте, қылмыстылық өзі сырттай қарағанда жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұрады, ал әрекетті 
қылмыс деп тек қана қылмыстық құқыққа сүйене отырып тани аламыз. 
-
оның белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан 
тұратындығын кез келген құбылыстың кеңістік пен уақыт параметрлеріне бағыныштылығымен түсіндіруге 
болады. Мысалға, Қазақстандағы қылмыстылық десек мүлде түсініксіз, себебі Адам ата - Хауа ана жаралған 
сәттен бастап қазақ даласында қанша қылмыс болғанын біле алмаймыз немесе 2002 жылғы қылмыстылық десек 
те Әлемнің түкпір-түкпірінде қанда қылмыс болғанын білмейміз. 
-
оның әлеуметтік құбылыс екендігі қылмыс тек қана адамдар қоғамында орын алатындығымен 
ерекшеленеді. 
-
оның таптық қоғамның құбылысы екендігі бір қарағанда дау туғызуы да мүмкін, өйткені бұл белгіден 
социалистік көлеңке іздеушілер де табылады. Бірақ олармен келісе қою да қиын. Барлық қылмыстылықтың 
бәріне ортақ бір ғана себебі бар ма?- деген сұраққа жауап табылуы екіталай. Десек те бір факторды ортақ 
деп айтуға әбден болады. Ол - қайшылық, мүдделердің, мұқтаждықтардың, көзқарастардың қайшылығы. Ал 
осы ойды індетсек, қайшылық қай жерде болады? Тек тап бар жерде, әлеуметтік тап жоқ жерде қайшылық 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 7-бет 36 беттен 
та (антогонистік қайшылықтарды қоса алғанда) болмайды. Демек, қылмыстылықтың табы бар қоғамға тән 
құбылыс екендігі мың мәрте шындық. 
Қылмыстылық қоғамның төл баласы, сөйте тұра ол қоғамның өзіне қарсы бағытталған сырқаты. Осы 
жерде қылмыстылықтың кері байланысқа ие құбылыс екендігін айта кету керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет