Кері байланыс дегеніміз қандай
да бір құбылыстың, процестің нәтитжесі сол құбылыстың қызмет етуіне, функциясына ықпал еткенде орын
алатын байланыс түрін айтамыз. Мысалға, оны қарапайым түрде былай түсіндіруге болады. Сөйлеп тұрған
(қызмет) шешен оның тыңдаушыларының ұйып тыңдап отырғандығын (нәтиже) байқайды. Олардың ұйып
тыңдап отырғандығы (нәтиже) шешеннің одан да әсерлі сөйлеуіне (қызметке) ықпал етеді. Немесе айнаға қараған
адам шашына ақ түскендігін байқайды. Енді оның ''шашым ағарып барады'' деген уайымынан да шашы ағарады.
Сол сияқты қоғам (Қғ1) қылмыстылықты (Ққ1) туындатады да ол қоғамның өзінің әрекет жасауына ықпал
етеді, осының нәтижесінде қоғамның бет-әлпеті өзгереді, өзге кейіптегі қоғам пайда болады (Қғ2), соңғысы өз
кезегінде қылмыстылықтың да сипатын өзгертеді (Ққ2), осылай жалғасып кете береді.
Яки бұқаралық ақпарат құралдарына да контент-талдау жүргізіп, олардағы қылмыстар туралы хабарлар
саны мен оларға байланысты қозғалған істердің пропорциясын зерттеу нәтижесінде де жасырылған
қылмыстардың шетін көруге болды. Өйткені Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 177-бабының 1-бөлігінің 4
тармағы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар қылмыстық істі қозғаудың бір себебі болып
табылады.
Латенттік қылмыстылықты зерттеудің өзге де әдістері бар, оларға
2. Қылмыстылықтың көрсеткіштері .
Қылмыстылықтың мынандай көрсеткіштері бар: деңгейі, қарқындылығы, құрылымы, динамикасы.
Қылмыстылықтың деңгейі дегеніміз белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған
қылмыстардың абсолюттік саны. Мысалға, Қазақстан Республикасында 1960 жылы - 29 426 қылмыс жасалса,
1970 жылы ол деңгей 56 164-ке көтерілген, 1980 жылы 76 517 болса, 1990 жылы 148 053, 2000 жылы 150 790
болған.
Жыл да р Қыл м ыс -ты