2.3. Инвестициялар және мемлекеттік шығыстар
r - нақты пайыз мөлшерлемесі болсын, ол қазіргі күндегі жинақтардың сомасына болашақта сатып алынатын тауарлар көлемінің терминдерінде есептелетін жинақтардан түсетін табысты өлшейді.
Атаулы пайыз мөлшерлемесі і қазіргі күндегі жинақтардың сомасына болашақта алынатын ақша сомасының терминдеріндегі табысты білдіреді.
I = Y – C – G
I инвестициялар көлемі мен r нақты пайыз мөлшерлемесі арасында кері тәуелділік бар. r пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі көптеген инвестициялық жобаларды пайдалы етуі мүмкін.
I = e – dr
e – бастапқы инвестиция көлемі.
d – инвестицияның пайыздық қойылымы.
r
Яғни, инвестициялық функция I = I(r) кемімелі болып табылады.
Инвестициялық қисықтың қалпына әр түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы, болашаққа оптимистік болжау I(r) инвестициялық қисықты оңға, ал пессимистік болжау оны солға жылжытады.
Мемлекет өз шығындарын мақсатқа сәйкес қажетті көлемде жұмсайды. Сондықтан мемлекеттік шығыстар G үкіметтің экономикалық саясатының құралы болып табылады.
2.4. Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
Мұнда біз бағалар өзгеріссіз қалады деп есептейік. Онда нақты және атаулы пайыз мөлшерлемелері теңеседі: і = r. Жиынтық сұраныс немесе жоспарланатын шығыстар
E = C(Y - T) + I(i) + G.
Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныстың қанағаттандырылғанын білдіреді, яғни
E = Y.
Ондай болмаған жағдайда игіліктерді кем өндіру немесе артық өндіру арқасында экономикада инфляция немесе өндірістің құлдырауы мен жұмыссыздық пайда болуы мүмкін.
Y = C(Y - T) + I(i) + G (2.1)
теңдеуі берілген G, T көлемдерінде Q табысты бір мағынада анықтамайды, себебі і пайыз мөлшерлемесі белгісіз.
Достарыңызбен бөлісу: |