2.5. Мультипликативті нәтиже
Арнайы кейнстік теориясы жағдайында инвестициялар І тіркелген шама болып саналады. Бұндай жағдай орын алу мүмкін, егер Орталық банк пайыз мөлшерлемесін өзгеріссіз ұстап қалса. Сондықтан, E=C(Y-T)+I+G жоспарланатын шығыстар графигінің көлбеуі де MPC тең (2.4 Сурет).
2.4 Сурет. Жоспарланатын шығыстар сызығы
E=C+I+G жоспарланатын шығыстар сызығы C=C(Y-T) тұтынушылық шығыстар сызығының (I+G) шамасына жоғарыға параллель түрінде жылжуы арқылы шығарылады.
Жиынтық табыстың тепе-теңдік деңгейін Ye графиктен анықтауға болады (2.5 Сурет).
E=C+I+G
2.5 Сурет. «Кейнстің кресі»
Инвестициялар І немесе мемлекеттік шығыстардың G артуы (азаюы), сонымен қатар салықтардың Т азаюы (артуы) жоспарланатын шығыстар сызығын жоғары (төмен) параллель түрінде жылжытады.
Мемлекеттік шығыстар мультипликаторы мемлекеттік шығыстар G немесе инвестицияларды I бір бірлікке арттырғандағы Ye тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға ұлғаятынын көрсетеді.
Салықтық мультипликатор салықтарды Т бір бірлікке арттырғандағы Ye тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға азаятынын көрсетеді.
2.6. IS қисығы
Мұнда біз енді пайыз мөлшерлемесі өзгеріссіз деген ойдан бас тартайық. Сонда G, T тіркелген мәндерінің шартында (2.1) теңдеуі пайыз мөлшерлемесі і мен тепе-теңдік табыс деңгейі Y арасында байланысты анықтайды.
Y-i диаграммасында бұл тәуелділік IS қисығын береді, оның әрбір нүктесі (Ye,i) тепе-теңдік жұп болып табылады, мұндағы Ye – і пайыз мөлшерлемесіне сәйкес келетін тепе-теңдік табыс деңгейі (2.6 Сурет).
IS қисығын құру тәсілінен келесі қорытынды жасауға оңай: G мемлекеттік шығыстардың артуы, Т салықтардың азаюы IS қисығын оңға жылжытады.
I(r) инвестициялық қисықтың оңға жылжуы да IS қисығын оңға жылжытады.
2.6 Сурет. IS қисығын құру
2.6 Суреттің бірінші графигінде инвестиция функциясы бейнеленген. Пайыздық қойылым – инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін несие алудың шығындары болғандықтан, пайыз қойылымының өсуі жоспарланған инвестицияларды төмендетеді.
Екінші графикте “Кейнс кресі” бейнеленген: жоспарланған инвестициялардың азаюы табысты азайтады.
Үшінші графикте IS қисығы бейнеленген. Бұл қисық табыс пен пайыздық қойылым арасындағы байланысты көрсетеді.
IS қисығының бойымен қозғалу игілік нарығында тепе-теңдік сақтау үшін пайыздық мөлшерлеме өзгергенде ұлттық табыс мөлшерінің қалай өзгеру керектігін көрсетеді.
IS қисығы экономикалық кеңістікті екі облысқа бөледі: IS қисығының жоғары жағында жатқан барлық нүктелерде ұсыныс сұраныстан артық, яғни ұлттық табыс көлемі жоспарланған шығындардан артық. қисығының төмен жағында жатқан барлық нүктелерде игілік нарығындағы тапшылық байқалады.(Сурет 2.7)
2.7 Сурет
Достарыңызбен бөлісу: |