Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет159/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   255
Түйінді сөздер: Каспий, Ембімұнай, мұнай, «Қазмұнайбарлау», барлау. 

 

Каспий  теңізінде  мұнай  саласының  қалыптасу  кезеңі  XX  ғасырдың  20-шы 



жылдарының аяғында Ембінің мұнайшылары айналмалы роторлық бұрғылауды қолдана 

бастады, мұның өзі бұрғылау жұмыстарының дамуына, ұңғыма тереңдіктерінің артуына, 

мұнай  жатындарын  аршу  және  оларды  барлау  қарқынының  жеделдетілуіне  септігін 

тигізді.  Айналмалы  бұрғылау  КСРО-да  алғаш  рет  Ембіде  қолданылды,  мұның 

нәтижесінде  бұрғылау  тереңдігі  айтарлықтай  өсті.  Мәселен,  1929  жылы  бұрғылаудың 

орташа  тереңдігі  196,7  м  болса,  1932  жылы  бұл  көрсеткіш  637,7  м-ге  жетті.  Ембі 

мұнайшылары  КСРО-да  және  бүкіл  Еуропа  алғашқы  болып  сол  кез  үшін  аса  терең 

бұрғылау шараларын жүзеге асыруға қол жеткізді  - Доссор мен Мақат тереңдігі 2500-

2800  м-ге  жететін  ұңғымалар  бұрғылана  бастады.  1927  жылы  Халық  шаруашылығы 

Бүкілодақтық  Кеңесінің  мұнай  өнеркәсібі  кеңесі  отырысында  жасаған  «Орал-  Ембі 

ауданының даму перспективалары» атаулы баяндамасында И.М.Губкин былай деп атап 

көрсетті: «Барлау жұмыстарының алғашқы кезеңдері өткен ғасырдың аяқ шеніне, яғни 

1889 жылға сәйкес келеді. Алғашқы жұмыстар Каспий теңізінің жағалауында орналасқан 

Қаратоннан  шамамен  35-40  км  қашықтықта  орналасқан  Қарашүңгіл  шатқалында 

Леманның  тарапынан  жүзеге  асырылды.  Осы  Қарашүңгілде  Леман  17  саяз  ұңғыма 

бурғылады, 1899 жылдың қараша айында сол ұңғымалардың бірі  40 метр  тереңдіктен 

мұнай  бұрқағын  берді,  мұндағы  мұнай  ағымы  тәулігіне  90000  путқа  жетті.  Мұндай 

нәтиже аталған ауданға өзге де мұнай кәсіпкерлерінің қызығушылығын тудырды, сөйтіп 

1916-1917-ші жылдары «Ембі-Каспий» бұл өңірде орташа тереңдігі 150 м-ге жететін 14 

бұрғылау ұңғымасын тіктеді». Бұдан әрі И.М.Губкин Ембі аймағының дамуы мәселесіне 

өте  ыждағаттылықпен  қарау  қажеттілігін  айта  келіп,  былайша  түйіндейді:  «Менің 

ойымша, мемлекеттің Ембімұнайға көмектесуі дұрыс болған болар еді. Көмек әр түрлі 

бағытта  берілуі  мүмкін:  мәселен,  Ембімұнайды  Доссор  мен  Мақатты  игеруден  түскен 

табысқа  салынатын  бүкіл  салықтардан  және  өзге  де  қарыздарданан  біржолата  босату, 

сөйтіп  бүкіл  табысты  барлау  жұмыстарын  одан  әрі  дамытуға  бағыттауға  мүмкіндік 

беру».  


Батыс  Қазақстандағы  геологиялық  іздеу  жұмыстарына  жалпылама  басшылық 

КСРО-ның  Бүкілодақтық  Халық  шаруашылығы  кеңесінің  Бас  тау-кен-отындық 

басқармасының  Геологиялық  комитеті  тарапынан  жүзеге  асырылды.  Орал-Ембі 

ауданының дамуына И.М.Губкин ерекше мән берді. КСРО Ғылым Академиясының 1931 

жылы  болған  төтенше  сессиясында  жасаған  баяндамасында  И.М.Губкин  «Орал-Ембі 

ауданын қарқынды және батыл түрде барлау бұл ауданды ондаған миллион тонна мұнай 

беруге  қабілетті  шын  мәніндегі  ғаламат  ауданға  айналдыруы  мүмкін.  Бұл  ауданды 

дамытуға қаржыны аямау қажет және оған деген қызығушылық бір сәтке де толастамауы 

тиіс»,-деп атап көрсетті. Батыс Қазақстан аумағында геологиялық барлау жұмыстарын 

дамытудың  қарқынды  кезеңі  1925-1926  жылдарға  сәйкес  келеді.  1925  жылы, 

«Ембімұнай» тресінің жұмысын саралау нәтижесінде, мұнайшылардың алдына жаңа да 

нақтылы  міндеттер  қойылды:  5-7  жыл  ішінде  Ақтөбе  облысының  солтүстік 

аудандарының  (Темір  ауданының)  ауқымындағы  ауданы  3500  шаршы  шақырым 

аумақтағы мұнайгаздылықтың белгілері анықталған құрылымдарды барлау шараларын 

жүзеге  асыру.  Осы  міндеттерге  сәйкес,  30-шы  жылдардың  бас  шенінде  мұнай  іздеу 

жұмыстары  Оңтүстік  Ембіден  тысқары  өңірлерге,  атап  айтқанда  Ақтөбе  облысның 

аумағына  қарай  ауысты.  Осыған  байланысты  «Ақтөбемұнайбарлау»  аймақтық  тресі 

құрылды, бұл трест кейінірек «Қазмұнайбарлау» тресі деп аталды, ол Гурьев қаласында 




332 

 

орналасты.  Мұндай  құрылымдық  өзгерістер  мұнай  саласындағы  жумыстарды 



функциялық  тұрғыдан  даралау  қажеттілігінен,  яғни  мұнайды  өндіретін  және  мұнай 

кенорындарын іздеу мен барлау шараларын жүзеге асыратын құрылымдарды бір-бірінен 

оқшаулау  қажеттілігінен  туындады,  себебі  аталған  екі  функцияны  бір  орталықтан 

басқару мұнай саласын ете ірі және икемсіз құрылымға айналдырды, сөйтіп мұнай-газ 

кенорындарын  іздеумен  және  барлаумен  байланысты  жүргізілетін  жедел  шараларды 

жүзеге асыруда айтарлықтай қиындықтар туғызды[1]. 

1931  жылы  жаңадан  құрылған  «Ақтөбемұнайбарлау»  тресі  тарапынан  Ақтөбе 

облысы ауқымында қойылған №10 ұңғыманы бұрғылау нәтижесінде Шұбарқұдық мұнай 

кен орны ашылды. Екі жыл өткеннен кейін Жақсымай кенорны дүниеге келді. Бұл екі 

кенорынды да игеру «Ембімұнай» тресінің құзырына берілді. Жоғарыда аталған жаңадан 

ашылған  кенорындар  мұнай  тазалайтын  және  өңдейтін  аса  ірі  сыйымдылықтар 

орналасқан Гурьев қаласынан айтарлықтай қашықтықта болғандықтан олардан алынған 

мұнайды  тасымалау  мәселесі  күн  тәртібіне  қойылды.  Бұл  мәселе  Гурьев  -  Қандыағаш 

темір  жол  торабын  салу  нәтижесінде  шешілді,  бұл  темір  жол  Шұбарқұдық  және 

Жақсымай кенорындарын Доссормен және Мақатпен жалғауға мүмкіндік берді. 

Жаллы  алғанда,  20-шы  жылдардың  аяғы  мен  30-шы  жылдардың  бас  шенінде 

геологиялық  барлау  жұмыстарының  ауқымы  айтарлықтай  артты,  буған  Ақтөбе 

облысының ауқымды  аумағында барлау жұмыстарымен қамту  шаралары айтарлықтай 

үлес қосты. Осы кезеңдегі 5 жыл ішінде Батыс Қазақстанның мұнай байлығын зерттеу 

мәселесімен  жалпы  саны  135  геологиялық  және  геофизикалық  партиялар  айналысты. 

Мұның өзі жұмыс көлемінің еселей артуына мүмкіндік берді. Мәселен, аймақтың мұнай 

байлығын  мемлекет  меншігіне  өткізгенге  шейін  жалпы  ұзындығы  42328  метр  ұңғыма 

бұрғыланса (жылына орта есеппен 5300 м), 1920 жылдан кейінгі оншақты жыл ішінде 

284 мың метр (жылына орта есеппен 20600 м) ұңғыма бұрғыланды. 1920 жылдан 1929 

жылға дейінгі аралықта Орал-Ембі ауданының кәсіпшіліктерінде 1630 мың тонна мұнай 

өндірілді,  бұл  көрсеткіш  революцияға  дейін  өндірілген  бүкіл  мұнай  өнімінен  19  %-ға 

артық. Мұнай ең көп өндірілген жыл - 1931 жыл, бұл жылы 417536 тонна мұнай алынды. 

Қазақ Автономиялық республикасының Халық Комиссарларының кеңесі 1934 жылдың 

29 қаңтарында №86-шы арнаулы қаулі қабылдады, ол «Ембімұнайды» дамыту шаралары 

туралы» деп аталады. Бүл қауліге сәйкес, «Ембімұнай» тресіне Қосшағыл және Ескене 

кенорындарын іске қосу, осы кәсіпшіліктерде электр станцияларын салу және оларды 

пайдалануға  беру,  мұнай  қоймаларын  тұрғызу  және  су  құбырын  тарту  міндеттері 

жүктелген.  Аталған  қауліде  Мақат  -  Қосшағыл  темір  жолын  салу  және  бұл  жолдың 

Ескене торабын тарту  мәселесіне айырықша көңіл бөлінген. Мұнайшыларды қалыпты 

тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету мәселесі де үміт қалмаған, Гурьев қаласында 

және  мұнай  кәсіпшіліктерінде  тұрғын  үйлер  тұрғызу,  сол  сияқты  қосалқы 

шаруашылықтар  (бау-бақша,  сүт  фермалары,  мал  шаруашылығы)  ұйымдастыру 

ұсынылған.  Бұл  қауліде  құзіретті  органдарға  мұнай  кәсіпшіліктерінде  жұмыс  істеуге 

2000  жұмысшы  және  1000  білікті  құрылыс  мамандарын  тарту  мәселесін  шешу 

жүктелген. 

1925 жылы, Еуропада алғашқы геофизикалық тәжірибелер пайда болғаннан кейін 

(1912-1916 жылдар, Этвеш), Ембі мұнайлы ауданында зерттеудің геофизикалық әдістері 

қолданыла бастады, атап айтқанда, Б.Нумеровтың басшылығымен Z-40 вариометрімен 

гравитациялық  түсіру  әдісі  тексеріліп  көрілді.  Ауырлық  күшін  айналмалы  кірлермен 

өлшеу  картаға  түсіру  барысында  және  Каспий  маңы  ойысы  жағдайында  күбездердің 

тұзды ядроларынның орналасу тереңдігін анықтауда бірден-ақ өз тиімділігін көрсетті. 

1930 жылы «Ембімұнай» тресі жанынан геологиялық барлау кеңсесін құру барысында 

болашақ  кеңес  академигі  Э.Фотиадидың  басшылығымен  дербес  гравиметрлік  сектор 




333 

 

ұйымдастырылды.  Бұл  геологиялық  барлау  кеңсесі  1932  жылы,  жұмыс  көлемінің 



артуына байланысты, трестен бөлініп шығып, дербес «Қазмұнайгеофизика» тресі болып 

қайтадан  құрылды.1940  жылға  дейін  1:100000-1.200000  масштабтардағы  92  картаға 

түсіру жұмыстары орындарды. 1932 жылдан бастап тұзкүмбезді құрылымдарды саралау 

барысында  1:25000-1:50000  масштабтарда  картаға  түсіру  жұмыстары  пайдаланылды. 

1930-37 жылдары Үстірт аумағы маятниктік байқаулардың сирек торабымен жабылды. 

1940 жылы біршама қымбат тұратын Я-40, S-20 т.б. вариометрлердің орнына өнімділігі 

жоғары,  әрі  арзандау  әр  түрлі  типтегі  гравиметрлер  қолданыла  бастады.  Сынған 

толқындар  әдісін  қолданған  алғашқы  тәжірибелік  сейсмобарлау  жұмыстары  Ембі 

мұнайлы  ауданында  1929  жылы  тұз  күмбездерін  зерттеу  мақсатында  жүргізілді.  Бұл 

әдісті  қолдану  тұз  күмбездері  ядроларының  пішіні  мен  орналасу  тереңдігін  анықтау 

сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді. 1934 жыл-дан бастап түзүсті түзілімдерін жіктеу 

мүмкіндігін  анықтау  мақсатында  шағылған  толқындар  әдісі  жүргізіле  бастады.  1931-

1935 жылдар аралығында сейсмикалық зерттеулердің негізінен сынған толқындар әдісі, 

азырақ  көлемде  шағылған  толқындар  әдісі  Торғай  ойысында  жүргізіліп,  ондағы 

палеозойлық  іргетастың  орналасу  тереңдігі  анықталды.  1935-1936  жылдары 

сейсмобарлаудың  сынған  толқындар  әдісі  Шымкент  қаласынан  оңтүстікке  қарай 

орналасқан  өңірдегі  палеозойлық  іргетастағы  депрессияларды  анықтау  мақсатында 

қолданылды.  1938-1939  жылдары  шағылған  толқындар  әдісі,  ал  1940  жылы  сынған 

толқындар  әдісі  Қызылжар  қаласы  аймағында  Батыс  Сібір  тақтасының  шөгінді 

түзілімдері астында солтүстікке қарай сұғына түскен Орталық Қазақстан палеозойлық 

массивы  көмкеріп  жатқан  мезозой-кайнозой  қатқабатын  жіктеу  мүмкіндігіне  қол 

жеткізді. 1934 жылдан бастап сейсмобарлау жұмыстары кең көлемде «Ембімұнай» және 

«Ақтөбемұнайбарлау»  трестері,  ал  1939  жылдан  бастап  «Қазақстанмұнайкомбинаты» 

тарапынан жүргізілді. Сейсмобарлау жұмыстарының көлемі үнемі артып отырды, және 

де 35 құрылым ауқымында жүргізілген 5331 км сейсмобарлау кескіндерінің 4620 км-і 

Батыс  Қазақстан  аймағына  тиесілі  болды.  Сейсмобарлаудың  қалыптасу  кезеңі  оны 

нақтылы  геологиялық  міндеттерді  шешу  үшін  қолданып  көру  шараларымен 

орайласты[2]. 

Кескіндеу әдісімен электрбарлау жұмыстары алғаш рет 1929 жылы Каспий маңы 

тұзкүмбезді  құрылымдарында  Мемгеолком  тарапынан  жүргізілді.  Шлюмберже 

фирмасымен  бірігіп  жүргізілген  тік  бағытта  электрлік  зондылау  әдісі  1930  жылы 

басталып,  1934  жылы  толығымен  тоқтатылды,  себебі  бұл  әдіс  арқылы  алынған 

мәліметтерді сандық тұрғыдан саралау мүмкіндігі жоқ болып шықты. 1936 жылы Каспий 

маңы  ойысында  алғаш  рет  теллүрлық  зондылау  әдісі  тәжрибеден  өтті.  1929  жылдан 

бастап  Доссорда,  Ескенеде,  Новобогатта,  Жаманкейкібаста  жүргізілген  тәжрибелік 

магнитметрлік  жұмыстар  бұл  әдіс  тұзкүмбезді  құрылымдарды  зерттеуде  тиімсіз 

екендігін көрсетті, сондықтан да 1931-37 жылдар аралығында тек қана өте сирек торапты 

бақылауға негізделген мемлекеттік магниттік түсіру жұмыстары ғана жүзеге асырылды. 

¥ңғымада жүргізілетін кәсіптік (каротаждық) геофизикалық зерттеулер Доссор, Мақат 

(«Ембімұнай»  тресі)  және  Мортық,  Жуса  т.б.  («Ақтөбемұнайбарлау»  тресі) 

кәсіпшіліктерде 1932-34 жылдарда жүргізіле бастады. Ұңғымалық каротаж, Шлюмберже 

фирмасымен  біріге  отырып,  елесті  кедергілер  әдісімен  және  өздігінен  полюстену 

әдісімен жүргізілді. 1938 жылдан бастап барлық құрылымдық-іздестіру ұңғымаларында 

электрлік  каротаж  жүргізіліп  келеді.  Сол  жылдары  Гурьев  қаласында  «Ембімұнай» 

тресінің  кәсіпшіліктерін  қамсыздандырған  дербес  электрбарлау  кеңсесі  құрылды 

(бастығы М.Қадысов). Ақтөбе облысның кәсіпшіліктерінде каротаж жұмыстарын дербес 

партия жүргізді. 



334 

 

Ембі  мұнайлы  ауданының  дамуы  мәселесіне  Бүкілодақтық  Коммунистік 



партияның  17-ші  және  18-ші  съездері  улкен  мән  берді.  Осы  съездерде  қабылданған 

құжаттар  мұнай  байлығын  іздеудің  негізгі  бағыттарын  анықтады.  Оңтүстік  Ембінің 

мұнай кәсіпшіліктеріне басшылықты жақсарту және Солтүстік Ембінің жаңа аудандарын 

игеру  мақсатында  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  1936  жылдың  22-23  желтоқсанында 

«Ембімұнай»  тресінің  құрамынан  кәсіпшіліктердің  Солтүстік  (Темір)  ауданын  бөле 

отырып, соның негізінде «Ақтөбемұнай» тресін құру жөнінде қаулі қабылдады. Жаңадан 

құрылған трест бастығы лауазымына ірі маман, өндірістің талантты ұйымдастырушысы, 

кеңестің  көрнекті  ғалым-геологы  И.М.  Губкиннің  шәкірттерінің  бірі  Я.В.  Лаврентьев 

тағайындалды, ол бұған дейін бірнеше жыл «Ембімұнай» тресінің бастығы болған-ды 

(Байдосов  З.Б.,  Се-  итпагамбетов  Ж.С.,  Султангалиева  Г.С.,  Нуржанов  Р.Н., 

«Актюбинская нефть: история и современность». Ақтөбе, 2000 ж.). 

Жалпы алғанда, ол кезеңнің іздеу-барлау жұмыстары зерттеудің ұтымды кешенін 

анықтауға  мүмкіндік  берді,  бұл  кешенге  ең  алдымен  гравибарлау  және  сейсмобарлау 

кірген болатын. Іздеу мен барлаудың геологиялық-геофизикалық жұмыстарын одан әрі 

жандандыру  қажеттілігі  1940  жылы  республикалық  масштабтағы  геофизикалық 

қызметті  ұйымдастыруға  алып  келді.  Осылайша  Қазақ  геологиялық  басқармасы 

жанынан М.Морозовтың басшылығымен геофизикалық топ құрылды. 

2000  жылы  Лақтыбай  кенорнын  барлау  аяқталды,  мұнда  мұнай  тұзасты 

түзілімдерінде 4500 м тереңдікте орналасқан. Өткен ғасырдың аяғында Ақтөбе облысы 

мұнайдың өнеркәсіптік қоры бойынша республикада үшінші орынға (900 млн т), ал газ 

қоры  бойынша  төртінші  орынға  (200  млн  текше  метр)  шықты.  Ақтөбе  облысының 

мұнайгаздылығын  зерттеу,  көптеген  кенорындарды  іздеу  және  барлау  жұмыстары 

П.Я.Авров, К.Х.Бакиров, Н.В.Черкашин, М.А.Шымболатов, Ю.Н.Гридасов, Н.А.Губкин, 

Ю.А.Иванов,  И.Б.Дальян,  З.Е.Бөлекбаев  т.б  геолог-барлаушылардың,  А.И.Цокало 

сияқты  бұрғылау  шеберлерінің  есімдерімен  байланысты  (Р.А.Сегедин,  «Рас-  сказ  о 

геологии Актобинской области и богатствах ее недр», Ақтөбе, 2000 ж.). 

30-шы  жылдары  іздеу-барлау  жұмыстарының  қарқынды  сипат  алуы  және  жаңа 

кенорындардың  ашылуы  басталып  кету  қаупі  жылдан-жылға  жақындап  келе  жатқан 

соғыс  өрті  тұтанып  кеткен  жағдайда  еліміздің  шығысында  мұнай-газ  өндіру 

өнеркәсібінің берік шикізат базасын қалыптастыру қажеттілігінен туындады. 1937 жылы 

«Қазмұнайбарлау»  тре-  сі  Құлсары  кенорнын  ашты,  «Қазақстанмұнай»  комбинаты 

(«Ембімұнай»  таратылғаннан  кейін)  тарапынан  жүргізілген  мұнай  іздеу  жумыстары 

Норманданак,  Бекбике  және  Жолды-  бай  кенорындарының  ашылуына  және  аздаған 

жылдар ішінде - 1941-1942 жылдары - игеруге берілуіне мүмкіндік берді. Осы- лайша 

30-шы  жылдары  және  40-шы  жылдардың  басы  Оңтүстік  Ембінің  негізгі  мұнай-газ 

кенорындарының  ашылуымен  және  бұрынғы  КСРО-ның  шығысында  мұнай-газ 

өнеркәсібінің бе- рік шикізат  базасы қалыптасуымен ерекшеленеді. 1940 жылы мұнай 

өндірудің жылдық көрсеткіші 750 млн тоннаға жетті. 

Алайда,  Каспий  маңы  аумағының  зерттелу  дәрежесі  әр  түрлі  болатын:  жоғары 

дәлдікпен  сипатталатын  геологиялық-  геофизикалық  зерттеулер  Эльтон,  Басқұншақ, 

Индер  ауданда-  рында  және  Ембі  ауданының  жекелеген  мұнай  кенорындарында 

жүргізілді,  ал  Орталық  Каспий  маңының  ауқымды  аумақтары  тіпті  байқаулық 

маршруттық түсірімдермен де қамтылмаған болатын. Сол жылдары белгілі болған 400-

ге жуық перспективалы құрылымдардың 38-інде ғана барлау бұрғылауы жүргізілді [3]. 

 

 



335 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.  Қазақстанның  мұнай  энциклопедиясы.  2  томдық  -  Алматы:  "Мұнайшы" 

Қоғамдық қоры, 2005.  

2.  Копбасарова  Г.К.  Правовая  охрана  окружающей  среды  от  трансграничных 

загрязнений // Вестник КазНУ. Серия юридическая, 2007, 

3.  Аманова  А.  Правовые  проблемы  защиты  окружающей  среды  Каспийского 

моря, связанные с разработкой ресурсов Каспия// Нефть Газ и Право Казахстана, - №1. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет