Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет17/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   255
Түйінді сөздер: жаңғыру, ұлт санасы, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм. 


29 

 

Рухани  жаңғыру  бағдарламасы  Тұңғыш  Президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаев 



Әбішұлының    2017  жылы  12  ші  сәуірінде  жарық  көрген 

«Болашаққа  бағдар:  рухани 

жаңғыру»

атты  мақаласына  негізделіп  жасалынған  болатын.  Бұл  жобаның  мақсаты 

айқын,  бағыты  белгілі  –  ол  Дамыған  30  елдің  қатарына  кіру.  Сонымен  қатар, 

онда 


ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: 

рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту. Осы мақсаттарға жету 

жолына  бағытталған  жобалар  бағдарламада  толық  көрсетілген. 

Бірақ,  Елбасымыз 

айтқандай даму жолында біз өзіміздің ұлттық кодымызды ұмытпай, оны сақтай отырып 

жаңашылдық  пен  заманауи  көзқарасты  ұштастыра  отырып,    жандандыруымыз  қажет, 

«

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз 



жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай». 

Әлем күн өткен сайын өзгеру үстінде. Егер біз санамыздағы пайдасыз қағидалар 

мен қажетсіз ақпараттардан дер кезінде арылмасақ, әлемдегі  алпауыт  мемлекеттермен 

тең дәрежеде өмір сүре алмауымыз әбден мүмкін. Сол себептен де бізге, қазақ ұлтына 

өзгеру керек. Өзгеру үшін өзімізді қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жеке 

қабілеттерімізді  дамытсақ,  мемлекетіміздің  мерейінің  үстем  болатыны  анық.  Рухани 

жаңғырудың  басты  шарты  –  ұлттық  кодты  сақтау.  Бағдарламада  келтірілген  әрбір 

қазақстандықтың  санасын  жаңғыртудың  бағыттары:  бәсекеге  қабілет;  прагматизм; 

ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес, 

эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы. 

Аталмыш  бағыттардың  бәрі  барынша  өзектендірілген  және  уақыттың 

талаптарына  нақты  жауап  береді.  «Мәңгілік  ел»  болуымыз  үшін  бізге  ауадай  қажетті 

қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық 

ғылымды  игерген  адамдар  көп  болса,  еліміз  өркениетті,  бәсекеге  қабілетті  болатыны 

ақиқат.  «Болашақта  ұлттың  табысты  болуы  оның  табиғи  байлығымен  емес, 

адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады... Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол 

арқылы  тұтас  ұлт  ХХІ  ғасырға  лайықты  қасиеттерге  ие  болуы  керек.  Мысалы, 

компьютерлік  сауаттылық,  шет  тілдерін  білу,  мәдени  ашықтық  сияқты  факторлар 

әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы 

Қазақстан»,  «Үш  тілде  білім  беру»,  «Мәдени  және  конфессияаралық  келісім»  сияқты 

бағдарламалар  –  ұлтымызды,  яғни  барша  қазақстандықтарды  ХХІ  ғасырдың 

талаптарына даярлаудың қамы», - деп ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен 

экономикада,  білім,  ғылымда,  технологияда,  яғни  барлық  салада  болуы  тиіс.  Бәсеке 

болған  жерде  әрбір  тұлға  өзінің  ең  сапалы  қызмет  түрін  ұсынады.  Білім  мен  тәрбиесі 

ғажайып  түрде  үндескен,  ұлттық  идеологиясы  темірқазығына  айналған  табысты  ел 

болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық 

қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға 

тиістіміз.  Елбасы  «Таяу  жылдардағы  міндеттер»  бөлімінде  мемлекетімізге  пайдасын 

тигізетін  алдағы  жылдары  мықтап  қолға  алынуы  қажет  бірнеше  жобалар  туралы  сөз 

қозғайды. Олардың бірінішісі, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау. 

Себебі  де  белгілі.  Ол  бүгінгі  технологиялық  қоғам  мен  коммуникацияның  талап  етіп 

отырғаны  –  осы.  Жастардың  мектеп  табалдырығынан  ағылшын  тілін  үйренетінін 

ескерсек,  латын  әліпбиіне  көшудің  аса  қиындық  туғызбайтыны  анық.  Елбасы 

«Қазақстан-2050» стратегиясында мемлекеттегі барлық сала 2025 жылдан бастап латын 

әліпбиіне  көшуі  тиіс  екендігін  мәлімдеді.  Оған  дейін  кириллицаны  қолдануға  рұқсат 

берілген.  Қаншама  жыл  өмір  сүрген  қазақ  елі  бүгінгі  күнге  дейін  бірнеше  әліпбиді 

қолданды. Латыншаға көшу де терең логикаға сүйеніп ұсынылған жоба іспетті. 

 

 



Екінші  жоба, «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы жастарға дүние жүзіндегі 

таңдаулы  үлгілердің  негізінде  білім  алуға  мүмкіндік  беруге,  білім  сапасын  арттыруға 




30 

 

және  ұлттың  өзіндік  сана-сезімі  мен  оның  тілін  дамытуға  бағытталған.  Нұрсұлтан 



Назарбаевтың  сөзімен  айтқанда,  «біздің  әлеуметтік  және  гуманитарлық  біліміміз  ұзақ 

жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға 

мәжбүр  болдық».  Міне,  осы  шектіліктен  арылу  үшін,  тарих,  саясаттану,  әлеуметтану, 

философия,  психология,  мәдениеттану  және  филология  саласы  бойынша  әлемнің  ең 

үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару ұсынылып отыр. Бұл бағдарламаның нәтижесі 5-

6  жылдан  кейін  –  кітаптар  студенттердің  қолына  тигеннен  кейін   өз  жемісін  бере 

бастайды,  сол  кезде  отандық  жоғары  оқу  орындарының  түлектері  халықаралық  еңбек 

нарығында бәсекеге төтеп бере алатын болады деп күтілуде.    

 «Қазақстанның  киелі  географиясы»  атты  жоба  еліміздің  тарихи-мәдени  және 

символикалық киелі негіздеріне сүйенеді. Бұл жобаға жататын қасиетті орындар – елде 

туризм  индустриясын  дамытуға,  сөйтіп  халықты  киелі  жерлерге  тартуға  арналады. 

Сонымен  қатар  Елбасы  өз  мақаласында  республикада  жаппай  спортты  дамыту 

мәселелеріне де көбірек көңіл бөледі. Осы орайда аталған «Туған жер» жобасы елдегі 

әлеуметтік маңызы зор мәселелерді шешуге, азаматтарды өздері тұратын елді мекендерді 

абаттандырып,  өлкені  жандандыруға,  дамытуға,  сөйтіп  жалпы  қоршаған  ортаны 

қорғауға баулуға бағытталған. 

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы ұлттық мәдениетіміздің 

озық үлгілерін шетелге таныстыру жүйесін қолға алуды көздейді. Шын мәнісінде қазіргі 

заманғы қазақстандық мәдениетті мазмұндық жағынан да, қалыптық жағынан да ілгері 

дамытуға бағытталған. Осы орайда алдымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шетелдік 

қауым назарына ұсынылып, 2017 жылы 17–19 қазан күндері UNESCO-ның Париждегі 

штаб-пәтерінде онымен таныстыру рәсімі өткен болатын. Осы шара аясында шетелдік 

көрермен  қазақстандық  мәдениеттің  әртүрлі  бағыттарымен  танысып,  көптеген  мәдени 

іс-шараларды тамашалады. 

Сонымен қатар, бұл бағдарламада Елбасы ұсынған соңғы жоба – «Қазақстандағы 

100  жаңа  есім»  жобасы.  Бұл  жобаның  негізгі  мақсаттары  –  ақылымен  заманауи 

Қазақстанды  жасап  жатқан  қарапайым  адамдарды  қазақ  қоғамына  таныту  мен  оларға 

ақпараттық  қолдау  көрсету  арқылы  таныту.  Жастар  шет  мемлекеттің  азаматтарынан 

емес, отандастарымыздан үлгі алуға тиіс. Біздің мемлекетте де еліне пайдасын тигізіп 

жатқан, үлгі болуға лайықты адамдар жоқ емес. Ал олар осы жоба арқасында мемлекет 

алдындағы маңызын түсінуімен қатар ұлты үшін жасаған істерінің нәтижесін алады. 

Айта  кетерлік,  Рухани  жаңғыру  аясында  2019  жылы  –  Жастар  жылы  болып 

жарияланса,  2020  жылы  –  Еріктілер  жылы  болып  жарияланған  болатын.  Бұл  серпін 

аясында болашақ жастардың қолында екені айқын көрініп, жастарды қолдау мен білім 

көкжиегін арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылғанын көре алдық. 

Рухани  жаңғыру  –  қазақстандықтардың  салт-санасы  мен  дүниетанымын 

өзгертетін  қозғаушы  күш.  Елбасы  Нұрcұлтан  Назарбаевтың  мақаласын  оқып  шығып, 

осындай  ой  түйген  болатынмын.  Оның  айтуынша,  бұл  ұлттық  құндылықтарымызды 

ұмытпай,  жаһандық  жаңашылдыққа  жетелейтін  жол.  Қазіргі  қоғам  көзқарасы 

қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-

жақты  жетілген  жөн.  Міне,  осы  бағдарламадағы  ұлттық  сана  туралы  Тұңғыш 

президентіміздің ойларын ой саласынан өткізіп, елімізді дамытуға арналған жұмыстарға 

бүкіл Қазақстан болып бірігіп, күш сала әрекет етуімізді жалғастыруымыз керек.

 

 



 


31 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.  Болашаққа  бағдар  -  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы.  [Электронды  ресурс]. 

Режим доступа: https://www.gov.kz/k  (дата обращения: 19.01.2021).  

2. Рухани жаңғыру: Мақсат пен міндет айқындалды. [Электронды ресурс]. Режим 

доступа: https://ztb.kz/ (дата обращения: 19.01.2022).  

3.  Рухани  жаңғыру  –  табысты  ел  болуымыздың  кепілі.  [Электронды  ресурс]. 

Режим доступа: https://qazaquni.kz/ (дата обращения: 19.01.2022).  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет