Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет14/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   255
Түйінді  сөздер:  болашақтың  негізі,  азаматтық  патриотизм,  жаһандану  дәуірі, 

гуманитарлық ғылым. 

 

Ұстаздың мақсаты шәкіртін оқыту, Рухани жаңғыру, халқыңды жаңғырту. Рухани 



жаңғыру  -  елдік,  азаматтық  патриотизм  мәселелерін  бала  санасына  сіңіру  керек,  осы 

бастан  үйрете  беру  қажет.  Бізге  мұның  бәрі  керек,  ел  болып  тұруымыз  үшін,  ұлттық 

бірегейлігімізді сақтауымыз үшін керек. Осының бәрінің кілті- ұстазда деп ойлаймын. 

Сондықтан әрбір ұстаз қазіргі заман талабына сай жаңашыл, білімді, жан-жақты болуы 

тиіс.Ұстаз - ол ағартушы,мұғалім,оқытушы,жетекші және тәрбиеші.Сол себепті,рухани 

жан – дуниеңді түсінетін адамның бірі – ұстаз.  

Көшбасшымыздың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  халықтан  қызу 

қолдау  тапқан  кешегі  тұғырнамасын  ширек  ғасырды  артқа  тастаған  Тәуелсіз 

Қазақстанның  жаһандану  дәуіріндегі  рухани  кеңістігіміздің  жаңа  бастауы  деп 

бағалауымыз  керек.  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  бұл  мақаласы  ел 

дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, 

батыл  шешімдерге  құрылған  маңызды  құжат.  Ұлттық  жаңғыру  дегеніміз  –  ұлттық 

санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде 

бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге 

қабілетті,  табысты ел болу. Мемлекет  басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі  қызметі 

мен  ерекшеліктеріне  ой  жүгіртіп,  бұл  жаңғырудың  маңыздылығына  тоқталады: 




26 

 

«Жаңғыру  атаулы  бұрынғыдай  тарихи  тәжірибе  мен  ұлттық  дәстүрлерге  шекеден 



қарамауға  тиіс.  Керісінше,  замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озық  дәстүрлерді  табысты 

жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. «Қазақстандағы 100 жаңа 

есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді 

қамтамасыз  етеді  және  жастарды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  жарқын  үлгісі  болады. 

Бұл  тапсырмалар  мемлекеттің  және  азаматтық  қоғамның  барлық  идеологиялық 

жұмысының  орта  мерзімді  перспективадағы  негізі  болады.  Н.Назарбаев  айтқандай: 

«Болашақтың  негізі,  білім  ордаларының  аудиторияларында  қаланады».  «Жаңа 

гуманитарлық  білім.  Қазақ  тіліндегі  100  жаңа  оқулық» жобасын  жүзеге  асырып, 

қоғамдық  және  гуманитарлық  ғылымдарды  оқытудың  жаңа  деңгейіне  шығу  мына 

мақсаттарға  қол  жеткізуді  көздейді:  –  еліміздің  барлық  жоғарғы  оқу  орындарында 

гуманитарлық  ғылым  кафедраларын  қайта  құру.  Елбасы  өз  мақаласында  қазіргі 

жаһандану  заманында  ұлттық  бірегейлікті  сақтап  қалу,  өркениеттің  жақсысын  алып, 

жаманынан  жирену  жөнінде  өте  құнды  пікірлер  айтты.  Ендігі  міндет  –  осы 

айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету. 

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның 

екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық 

болмыстың  өзегін  сақтай  отырып,  оның  бірқатар  сипаттарын  өзгерту.  Қазір  салтанат 

құрып  тұрған  жаңғыру  үлгілерінің  қандай  қатері  болуы  мүмкін?  Қатер  жаңғыруды 

әркімнің  ұлттық  даму  үлгісін  бәріне  ортақ,  әмбебап  үлгіге  алмастыру  ретінде 

қарастыруда  болып  отыр.  Алайда,  өмірдің  өзі  бұл  пайымның  түбірімен  қате  екенін 

көрсетіп  берді.  Іс  жүзінде  әрбір  өңір  мен  әрбір  мемлекет  өзінің  дербес  даму  үлгісін 

қалыптастыруда.  Ұлттық  салт-дәстүрлеріміз,  тіліміз  бен  музыкамыз,  әдебиетіміз, 

жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 

Мемлекет  пен  ұлт  құрыштан  құйылып,  қатып  қалған  дүние  емес,  үнемі  дамып 

отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге 

қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден 

төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында 

тұр. 


ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.Кенни  Энтони.  Батыс  философияның  жаңа  тарихы.  1-том.  Антика 



философиясы. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. 408 б. 

2.Хесс  Р. Философияның  таңдаулы  25  кітабы.  Алматы:  «Ұлттық  аударма 

бюросы» қоғамдық қоры, 2018. 360 б. 

3.Барнард  А.  Антропология  тарихы  мен  теориясы.  Алматы:  «Ұлттық  аударма 

бюросы» қоғамдық қоры, 2018. 240 б. 

4.Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. Астана: Фолиант, 2017. 496 б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет