Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет38/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   255
Түйінді сөздер: Маңғыстау, күмбезтам, кесене, өркениет, Каспий. 

 

 




71 

 

Біз жаңа дәуірде Алтайдан Днепрге дейінгі Евразия сахарасында әрі сулы (өзенді), 



әрі  таулы,  әрі  далалы  өркениет  болғанын  білуге  тиіспіз.  Ұлы  Жібек  жолындағы 

халықтың 20%, ал дәл сол кезде Батыс Еуропада ортағасырлық қалаларда халықтың 12% 

шоғырланғандығын айта келе, біздің жеріміздегі өркениет қала мен дала мәдениетінің 

қосындысы екендігін дәлелдеудеміз.  

Кеңестік  кезеңде  көшпенділіктің  әлемдік  өркениеттегі  орны  мен  рөлі  біржақты 

түсіндірілгендігі белгілі. Осы кезеңдегі идеологиялық қысымға қарамастан Л.Н.Гумилев 

көшпенді  халықтардың  тарихы,  мемлекеттілігі,  этникалық  тегі,  мәдениеті  туралы 

кешенді зерттеулерін ғылыми қауымға ұсынды. «Ұлы дала» терминін ғылымға әкелген 

санаулы ғалымдардың басында Лев Николаевич Гумилев тұр деп айтуға толық негіз бар. 

Л.Н.Гумилев  ұшы-қиыры  жоқ,  жазы  ыстық,  қысы  суық  қатаң  континентальды 

климаттық  ерекшелігі  бар  даланы  жадағай  hәм  дәлелсіз  «ұлы»  демейді,  керісінше 

салыстырмалы түрде тұрмыс-тіршілік пен шаруашылыққа қолайсыздау табиғи ортамен 

үйлесімді  өмір  сүрген,  сол  даламен  жарасқан,  қайталанбас  далалық  өркениет  пен 

мемлекеттілігін қалыптастырған көшпелі халықтардың елдік парасат-пайымын ғылыми 

жүйемен дәлелдей алды. 

Арғы ата-бабаларының аруағын сыйлап, қастерлі тұтатын біздің дана халқымыз 

туған жерінің тау-тасы, өзен-суы, даласын да қасиетті де киелі санады. Осы тұрғыдан 

алып  қарағанда,  Қазақстанның  батысындағы  Каспий  теңізімен  шектесіп  жатқан  киелі 

Маңғыстау өңірінде де өзіндік ерекшеліктері бар өркениет дамыды. Көптеген деректерде 

жеріміз  –«Жеті  жұрт  келіп,  жеті  жұрт  кеткен  Маңғыстау»  деп  айтылып  жүр.  Ал  сол 

көшпелілердің  қалдырған  материалдық  және  рухани  мұраларын  біреу  білсе,  біреу 

білмес.  Олардың  қалдырған  мұраларының  басқа  өңірлерге  қарағанда  өзіндік 

ерекшеліктері  болды.  Мысалы  Маңғыстаудың  салт-дәстүрлері,  діни  сәулет 

ескерткіштері, этнографиялық заттай деректері күні бүгінге дейін жақсы сақталған. Ал 

енді өңіріміздің ерекшелігі саналатын архитектуралық тарихи-мәдени ескерткіштердегі 

дала  халқының  қолтаңбаларының  ерекшеліктерін  зерттеу  үшін  тұтас  бір  ғылыми 

кешенді жұмыстар жүргізу де артық болмайды.  

Маңғыстау  өңіріндегі  «Қазақстанның  қасиетті  орындары»  ретінде  ерекше 

қастерленетін табиғи-мәдени мұра, діни сәулет ескерткіштері кесене, күмбезтам, тарихи 

қорған-қамалдар  болып  есептеледі.  Маңғыстаудың  киелі  орындары  саналатын  сәулет 

ескерткіштеріне Қараман Ата, Нұрмағанбет,  Сисем Ата, Есенберлин Ата қорымдарын 

айтуға  болады.  Маңғыстауда  дала  төсіндегі  күмбезтамдардың  ерекшелігі  -  өте  биік, 

порталды,  астыңғы  тұрған  тастарына  дейін  бір  тұтас  етіп  бір  тастан  салған.  Олардың 

көбісі  іші-сырты  өңделген  қиматаммен  салынған.  Қабырғалары  әртүрлі  бояумен 

көрсетілген, күмбезі мен найзатастарында да ою-өрнектер кездеседі. Екінші ерекшелігі - 

ішкі қабырғаларында араб-эпиграфикалық жазбалар жазылады. Ол жазулар – біріншіден 

мазарда  жатқан  кісі  әулетінің  қолтаңбасы,  екіншіден  -  жерленген  адамның  есімі,  қай 

рудан екенін және осы құрылысқа кеткен шығын көлемін білдіреді [1]. 

«Ата-бабаларымыз  баяғы  кезде  далалық  өсімдіктер  -  жусан,  адыраспан,  жоса, 

томарбояу  мен  топырағын  түгел  қайтатын  жасаған  бояудан  әртүрлі  ою-өрнектерді 

салған. Өңірімізде күмбезтам салатын арнайы шеберлер болған» - дейді ауыл үлкендері 

өз әңгімелерінде. Әйтседе олардың бояуды қандай материалдан жасайтындығы әлі күнге 

дейін  белгісіз.  Аталған  ескілердің  бояулары  күні  бүгінге  дейін  мін  құрамай  сақталып 

келеді. Ауылдағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан тағы бір ауызекі деректерде «Күмбезтам 

салу-екінің  бірінің  қолынан  келе  бермейтіндігі,  бұл  да  нан  табудың  бір  түрі  екендігі 

айтылады және шеберлер тапсырыс келген уақытта қасына дорбасын, құрал-сайманын 

алып шөп жинауға кетіп қалады екен. Бірақ қасына адам алмайды. Құпияны жанынан 

артық сақтаған ғой. Егер бояудың құпиясын кім көрінген білсе ол жұмысынан айырылып 




72 

 

қалады емес пе?»-делінеді. Кеңес өкіметі орнаған соң Маңғыстаудағы бұл құрылыстарға 



адамзат  тарапынан  және  қатал  табиғат  әсерінен  үлкен  зиян  келді.  Себебі  жер-жерде 

жалған зерттеушілер көбейіп, алтын іздеп, барлығын қирандыға айналдырды. Кейін 60-

жылдары талай-талай мұнайға қатынаушы көліктер үстіндегі  жүктерді түзеп алу үшін 

тамдар және күмбезтамдарға әдейі соғып, олардың қабырғаларына зиянын тигізді. Оның 

үстіне жеріміз ащы, шөлейтті болған соң да табиғи эрозияға ұшыраған. Маңғыстаудағы 

ерекше  күмбезтамдарға  Нұрмағанбеттің  Күмбезтамы,  Қараман  Атадағы  Шойынбай 

күмбезтамы, Жұлдыз күмбезтамы секілді сәулет ескерткіштерін жатқызуға болады. Ал 

сол күмбезтамдардың кейбіреулеріне жеке-жеке тоқталып өтсек: 

Нұрмағанбеттің  күмбезтамы  -  ХІХ  ғасырдың  аяғы  –  ХХ  ғасыр  басына  тән 

ескерткіш. Таушықтан Ақтау қаласына жүретін ескі жол бойында, Ақтаудан солтүстікке 

қарай  35  км  жерде  осы  аттас  қорымның  орталық  бөлігінде  орналасқан.  Нұрмағанбет 

күмбезтамының биіктігі 6, 55 м, өлшемдері 3, 57х4, 89 м, жоспарда төртбұрышты, төбесі 

күмбезді, аласа бір сатылы цокольге орнатылған бір бөлмелі, табиғи әктастан қаланған 

ғимарат.  Күмбезтамының  алдыңғы  беті  оңтүстік-батысқа  бағышталған,  төртбұрышты 

ойығы  мен  парапеті  бар.  Қабырғалары  екі  бетінен  өңделген  қиыстырылған  жазық 

тастардан  құрастырылып,  ортасы  саз  балшықпен  аралас  уақ  тастармен  толтырылған. 

Дулыға  тәрізді,  биік  барабанды,  әшекейлеп  қашалған  үшкір  найзатасты  күмбезі  бір-

біріне нақыштап қиыстырылған жазық тастармен жабылған төбеге орнатылған. Төбесі 

ішкі жағынан «жалған күмбез» әдісімен бұрыштарын иілте отырып қаланған. Фасадтары 

мен  интерьерінің  қабырғалары  жазықтықтары  әртүрлі  тақырыптағы  түрлі-түсті  ою-

өрнектер  мен  суреттер  арқылы  безендірілген.  Негізгі  фасадтағы  ою-өрнек  парапет 

арқылы симметриялы орналастырылған. Бояулары ашық, қанықтығымен ерекшеленеді. 

Бұл  ескерткіш  -  халық  шебері  Омар  Қырымқұлдың  туындысы.  Мемлекет  қорғауына 

алынған  [2,  7-б].  Жұлдыз  күмбезтамы-  ХІХ  ғасыр  ескерткіші,  Қарақия  ойпатының 

оңтүстік-батыс  жағында,  Құрық  кентінен  солтүстік-шығыс  жақта  25  шақырым  жерде 

орналасқан. Күмбезтамның биіктігі 3, 60 м жоспарда тікбұрышты, күмбезді, бір бөлмелі, 

табиғи  әктастан  қаланған,  фундаменті  жоқ  ғимарат.  Қабырғалары  сом  тастардан 

қаланып,  сыртқы  бетінен  өңделген  әрі  қиыстырылған  жазық  тастармен  беттелген. 

Күмбезтамның  алдыңғы  фасады  оңтүстікке  бағытталған,  кіріс  ойығы  бар.  Күмбезі 

өңделмеген  тастардан  қаланған.  Тамның  оңтүстігінде  жасалған  кіру  ойығы  жанында 

қойылған таста «Қосай, Сүйіндік Қожабекұлы Маңдай Жұлдыз осында жатыр.1743-1806 

ж.ж. Тас қойған Қарауылбек» деген жазу бар. Қорымы мемлекеттік есепке 2004 жылы 

алынған [2, 20-б]. 

Маңғыстаудағы  осы  уақытқа  дейін  көп  зерттелінбеген  сәулет  ескерткіштері 

қатарына  Маңғыстау  қамалдарын  да  жатқызуға  болады.  Қамалдардың  ерекшелігі  - 

өңірімізге  тән,  керуен  сарайларды  қорғау  мақсатында  салынған  болуы  мүмкін  деген 

ғалымдардың  болжамы  бар.  Олардың  орнында  қазіргі  кезде  сонау  оғыз-қарлұқ 

заманынан XVIII ғасырға дейінгі уақытты қамтитын бекіністердің үйінділері сақталған. 

Маңғыстау қамалдарының өзіне тән ерекшелігі-қамалдың үш жағы адам баласы шыға 

алмайтын,  құлама-құз,  тік  жартастан  және  жазық  бетіне  бекіністердің  салынуы. 

Қорғаныс  және  аңшылық  мақсатта  салынған  2,6  метрден  18  метрге  дейін  жететін 

бастиондары  (мұнаралары)  бар.  Мұндай  жар,  құз  мен  жартастардың  тасасына  тиімді 

географиялық жағдайларды ескере отырып салынған қамалды жаулап алу мүмкін емес. 

Аталған бекіністердің биіктігі 2 метрден жоғары және жергілікті сом тастардан қаланған. 

Олар  солтүстік-шығыстан  солтүстік-батыс  бетке,  яғни  жел  келетін  жақтан  Қаратау, 

Бозащы бетіне қарай созылып салынады. Маңғыстауда қазіргі кезде мемлекет қорғауына 

алынған  және  ең  танымал  бекіністер-қамалдарға  Көкжал  қамалын,  Ұқшы,  Қарлыбас 

бекіністерін  және  т.б.  жатқызуға  болады.  Құлпытастағы  көне  жазбаларды  оқи  алатын 




73 

 

өлкетанушы 



Нұрлан 

Құлбай: 


«Маңғыстау 

қамалдары 

ХІ-ХІІ 

ғасырларда 

салынғандықтан,  оларды  отырырықшы  шығыстан  келген  тайпалардан  қорғану 

мақсатында салуы мүмкін» -деген болжамын айтты [3]. 

Үшқұю бекінісі - ХІІ-ХІV ғасырларға тән ескерткіш, Жетібай кентінен солтүстік-

батысқа қарай 28 шақырым жерде, Мұнайлы ауданының аумағында орналасқан. Қарақия 

ойпатының  теңізге  қарай  құлайтын  биік  басында,  жардың  ернегінде  және  ұшпаның 

астында тасаланған бірнеше сатылы террасада шоғырланған. Бекітілген елді мекеннің 

орны  150  шаршы  метр  жерді  алып  жатыр. Жардың  ернегінде,  төменгі  террасадан  3  м 

жуық биіктікте, өңделмеген сом тастардан қаланған мықты 6 қорғаныс мұнаралары бар. 

Олар  бір-бірінен  30  метр,  яғни  оқ  жетердей  қашықтықта,  ұшпаны  жағалай 

орналастырылған.  Бұл  қырдан  келіп,  жоғарыдан  қауіп  төндірген  жауларды  ұшпаның 

астындағы елге жолатпай, мұнаралардан оқ жаудырып қорғану мақсатында салынғаны 

айқын.  Бекіністің  төменгі  бөлігінде  адамдар  шаруашылықта  ұзақ  уақыт  пайдаланған 

құдық көзі,  таудың  баурайын жағалап келетін жалғызаяқ жол бар. Елді мекен аумағы 

төменгі  жақтан  тас  қоршаумен  бекітілген  болуы  керек,  қазіргі  таңда  өте  үлкен  сом 

тастардан қаланған қақпасы сақталған. Бекіністің «қақпасының» екі жағындағы тастарда 

оғыз-түрік тайпаларының тамғалары кездеседі. Аталған тарихи-мәдени ескерткіш 2004 

жылы мемлекет қорғауына алынған [2, 18-б.]. 

Көкжал  бекінісі  (ел  аузында  -  Ұзынбастың  қорғаны)  –  ХVІ-ХVІІ  ғасырлардағы 

ескерткіш,  Емір  ауылынан  оңтүстік-шығысқа  қарай  18  шақырым,  Құйылыс  насосты 

станциясынан  8  шақырым  жерде  орналасқан.  2004  жылы  облыстық  тарихи-мәдени 

қорық  экспедициясы  барысында  анықталды.  Бекініс  -  Маңғыстау  өңіріне  тән,  табиғи 

ортаның мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, жартастардың мүйісінде, негізгі керуен, 

көш жолдары маңдарында орналасқан қорғаныс бекіністерінің бірі. Үш бетінен ұшпамен 

(тік  жартастармен)  шектелген  жардың  мүйісінің  екі  шеті  өңделмеген  тастан  қаланған 

мықты  қоршаумен  жалғанады.  Қалыңдығы  бірнеше  метрге  баратын  қабырғаның  екі 

бетін  үлкен  сом  тастармен  қалап,  ортасын  саз  балшықпен  аралас  уақ  тастармен 

толтырады.  Бұл  қабырғаның  бойында  садақшыларға  арналған,  арнайы  ойықтары  бар 

бекітілген  мұнаралар  орналастырылады,  ішкі  бетінен  жауынгерлерге  арналған  тас 

баспалдақтар,  жасырын  қақпасы  болады.  Көбінде  ұшпаның  бойымен  төменге  түсетін 

арнайы жасырын жалғызаяқ жолдар орналастырылады. 

Көкжал бекінісінің ұзындығы 110 метр болатын қабырғасының биіктігі 2 метр, 

кейбір жерлерде 3 метр, қалыңдығы 1,5-1,8 метр. Бұл бекіністің ерекшелігі - мұнаралары 

жоқ, ал қорғаныс қабырғалары иректеліп орналастырылған. Бір бетінде қабырға мүйістің 

ұшпасына жалғанбай аяқталған, бұл жерде ені 1,5 м-ге жуық ашықтық бекініске кіретін 

есік  ретінде  қалдырылған:  жауды  кіргізбей  ұшпадан  құлатып  жіберуге  ыңғайлы. 

Бекіністің  ішкі  жағында  ұшпадан  түсетін  жасырын  жалғызаяқ  жол  бар.  Қабырғаның 

үстіңгі  жағында  ішкі  бетінде  садақшыларға  арналған  оймалар  бар,  оларға  шығу  үшін 

арнайы  баспалдақтар  жасалған.  Барлығы  осындай  18  «ұялар»  тіркелді.  Екі  жерде 

қабырғаның  тастарында  ойылған  ортағасырлық  таңбалар  бар.  Осы  аталған  таңбалар 

Осман  империясын  құрған  Оғыздың  Қайы,  Салу,  Байандур  руларының  белгілерімен 

бірдей.  Аталған  қорғандарды  зерттеу  мақсатында  арнайы  археологиялық  қазба 

жұмыстары  жүргізілмеген  және  мәселе  алдағы  уақытта  өз  зерттеуін  күтіп  отыр. 

Ескерткіш мемлекеттік есепке 2004 жылы алынған [2, 19-б]. 

Көтеріп  отырған  мәселеміз  тұрғысында  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш 

Президенті  Н.Ә.Назарбаев  2017  жылдың  12  сәуіріндегі  «Болашаққа  бағдар:  рухани 

жаңғыру»  атты  мақаласында  «біз  халықтың  санасына  одан  да  маңыздырақ  – 

жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті 

рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы 




74 

 

керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны 



сол халықтың әрбір азаматы біледі. 

Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай 

рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі 

рөл  атқарған.  Бірақ,  осынау  рухани  географиялық  белдеуді  мекен  еткен  халықтың 

тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. 

Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін 

бұрын-соңды  жасаған  емеспіз...  Мұның  бәрі  тұтаса  келгенде  халқымыздың  ұлттық 

бірегейлігінің  мызғымас  негізін  құрайды»  [4]  деу  арқылы  қазақ  елінің  киелі  тарихи 

орындарының  маңызын  ашып  көрсеткен  болатын.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  да, 

біздің  көтеріп  отырған  зерттеу  тақырыбымыз  мемлекеттің  отандық  тарихты  қолдауға 

арналған саясаты аясында қарастырылды деп нық сеніммен айта аламыз. 

Каспий  теңізі  іргесіндегі  Маңғыстау  түбегіндегі  ежелгі  дала  өркениетінің  бір 

бөлігі  болып  табылатын  оғыз-түркі  дәуірі,  одан  беріректегі  дала  халықтарының 

архитектуралық сәулет өнері ескерткіштері әлі де кешенді түрде зерттеу үшін өз кезегін 

күтуде.  Осы  тұрғыдан аталған  мақалам  аясында  жас  ұрпақ  өкілі  ретінде  бұл  мәселеге 

тарихшылардың назарын аударуға мүмкіндік туды деп есептеймін; 

Сонымен қатар, өңірдің тарихи-мәдени ескерткіштерін көрсету арқылы өңірдегі 

далалық  өркениеттің  аясында  дамыған  қолөнер,  ұсталық,  құрылыс  саласының  да 

дамуының өзіндік ерекшеліктері болғандығын айтуға тиіспіз. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.  Жанбауыл  ата  Сырым  батырдың  дос!  Адай-Байбақты!  24.06.2018ж.  // 

https://youtu.be/HyZIiz1SGLQ. Жүгіну мерзімі: 11.11.2021 ж. 

2.  Мерейлі  мекен  –  Мұнайлы:  дерекнама-ақпараттық,  энциклопедиялық  жинақ. 

Құраст.: Я.Қ.Аталықов, Ү.Жәлеке. Алматы: Бабамұра-М, 2011. – 248 б. 

3.  Н.Құлбай,  өлкетанушы.  Қарақия.  Ұзынбас  бекінісі.  Аққар  көтерілім  // 

https://youtu.be/v7JVwBeTVvM. Жүгіну мерзімі: 17.11.2021ж. 

4. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. 

12.04.2017ж.  //  https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-

basshysynyn. Жүгіну мерзімі: 17.11.2021ж. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет