Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет57/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   255
Түйінді сөздер: тұлға, мінез-құлық нормалары, тұлғалық қасиеттерү. 

 

Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар 



қояды.  Бала  психологиясын  жан-  жақты  зерттеп,  оны  терең  білу,  оның  даралық 

ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті 

міндеттер жүктейді. 

Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде 

баланың  денесі  едәуір  дамып,  бұлшық  еттері  мен  шеміршектері,  сүйектері  нығайып, 

табаны  сүйектенеді,  омыртқасы,  барлық  мойын,  арқа  бел  бүгілістері  дамиды.  Мидың 

маңдай  бөліктерінің  жетілуі  баланың  психикалық  іс-әрекеті  мен  жүйкесінің 

қалыптасуына үлкен рөл атқарады.      

Бастауыш  сынып  оқушыларының  психологиялық  ерекшеліктері  мен  тұлғалық  

қасиеттерінің  мәнін  ашуда  Ресейдің  Кеңес ғалым     психологтары: А.В.Петровский, 

Р.С.Немов,  Д.С.Мухина,  С.Ф.Жустков,  Д.Б.Эльконин  және  т.б.  зерттеген.  Сондай-ақ, 

Қазақстандық ғалым - психологтар Қ.Жарықбаев, М.Мұханов және т.б. осы жас кезеңнің 

көрініс  беретін  тұлғалық  қасиеттерін  зерттеген.  Олардың  бойында  кездесетін 

мейірімділік,  кішіпейілділік,  тәртіптілік,  ақкөңілділік,  сүйкімділік  және  т.б.  жалпы 

адамзатқа тән тұлғалық қасиеттердің жиынтығы  дамитынын   айқындаған. 



115 

 

Л.В.Петровский  өз  еңбегінде  бастауыш  сынып  оқушыларының  жеке  басының 



даму  мүмкіндіктерін  жан  жақты  сипаттайды.  Баланы  моральдық  жағынан  тәрбиелеу 

мектепке  дейін  басталады.  Алайда,  ол  мектепте  ғана  орындалуы  үнемі  де  мақсатқа 

бағытталып  отыратын  моральдық  талаптардың  айқын  да,  кең  жүйесінде  кездеседі.  

Бастауыш   сынып    оқушыларына   мінез-құлық   нормалары    мен ережелерінің аса кең 

жиынтығы  үйретілді,  оларды  оқушылар  мұғаліммен  және  үлкендермен  өзара  қарым 

қатынас  жасаудың  әртүрлі  жағдайларында,  сабақтарда,  үзілісте,  жолдастарымен 

араласқанда, қоғамдық орындарда және көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс.  

Балаларда мінез-құлық нормалары мен ережелерін  сақтау көбінесе үлкендердің 

көңіл күйіне, қалыптасқан жағдайға және өз қалауларына байланысты деген сезім пайда 

болады. Баланың моральдық өрісінің дұрыс қалыптасуының ең қауіпті жауы мінез құлық 

нормалары мен ережелер жалған сипатта және ішкі қажеттіліктер үшін емес, қандай да 

бір  сыртқы  жағдайлардың  әсерімен,  соның  ішінде  жазаланамын  деп  қорыққандықтан 

орындалуы  керек  деген  ұғым  пайда  болады.  Бала  тәрбие  үрдісінің  объектісі  ретінде 

сырттан  үлкендердің,  қоғам-ұйымдардың  және  түрлі  сананың,  табиғат  пен  әлеуметтік 

ортаның сын сезініп, белгілі әлеуметтік тәжірибені және ақпаратты игереді. 

Бала обьективті тәрбие үрдісінің мүшесі ретінде әлеуметтік жүйеге еніп, белгілі 

тәуелділікке түседі. Соның барысында, балалардың дағдылары қалыптасып, іс-әрекеті, 

санасы,  дүние  туралы  түсінігі  қаланып,  тұлғаның  психикалық  қасиеті  мен  ойлауы 

дамиды. Сөйтіп, бала қоғам өмір мен өндіріске қатынасатын мүшеге айналады. 

Бала  - тәрбие үрдісінің субъектісі  ретінде табиғи күш пен қабілеттері  негізінде 

алғашқы  қажеттіліктер  мен  түрткілерге  және  қызығуына  байланысты  дамиды.  Оның 

қабілеті  мен  қажеттіліктерінің  қалыптасу  мүмкіндігі  мол,  өйткені  ол  әлеуметтік  орта 

және  тәрбиемен  тығыз  байланысты,  баланың  жеке  басының  қалыптасуы  тек  ішкі 

заңдылықтармен  шектелмейді,  сол  сияқты  әлеуметтік  жағдайдың  ықпалынан  да  оның 

түрлі қыры, мысалы, дарыны, қызығуының дамуы немесе дамымауы мүмкін.  

Бастауыш  сынып  оқушыларының  тұлғалық  қасиеттерін  қалыптастырудың 

мазмұны мен міндеттері тәрбие бағыттарымен өзара тығыз байланысты дамиды. 

Тұлғаның  құрылымдық  компоненттері  үш  бөліктен  тұрады:  біріншіден,  оның 

ақыл-ойын  дамыту  арқылы  санасын  жетілдіру,  екіншіден  азаматтық  өркениетті 

тұлғаның біртіндеп сіңіру, үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі 

тәрбиелеуге  белсене  қатыстыру.  Тұлғаны  тәрбиелеп  жетілдіруде  осы    үш  компонент 

тығыз бірлікте қызмет етеді. 

Бастауыш сынып оқушыларындағы басты қажеттілік - оқушы болу.  Ол сыртқы 

пішіні мен оқуда   озат болу  ниетімен,  оқушының  мінез-құлқымен, «мектеп оқушысын»     

алдымен     мұғалімнің,     содан     соң     құрбыларының     тануымен, сыныптағылармен 

бірге болуға талаптанумен айқындалады. 

Оқушының  тұлғалық  бейнесі  осы  міндетті  өтудің  көрінісі.  Бұл  жаста  баланың 

бойында  өзін  оқушы  сезіну,  жақсы  үлгеруші,  қолынан  бәрі  келетін  «екінші»  немесе 

«үшінші» оқушысымын деген мақтаныш сезімі билейді. 

Балалардың мінез құлық нормалары мен ережелерін шын мәнінде және негізінен 

игеруі алдымен мұғалімнің олардың орындалуын ескерудің жақсы жетілген әдістер мен 

тәсілдер  жүйесінің  бар  екендігін  білдіреді.  Осы  нормалар  мен  ережелерді  айқын 

тұжырымдау,  орындаушылықты  міндетті  түрде  мадақтап  және  ұқыпсыздық  пен 

тәртіпсіздікке бұдан кем емес міндетті  және тиісті  шаралар қолдану бастауыш сынып 

оқушыларының  тәртіптілігі  мен  ұйымшылдығын  тәрбиелеудің  маңызды  шарттары. 

Балада осы жаста қалыптасқан осындай моралдық қасиеттер-жеке адамның ішкі  және 

табиғи жетістігі болады. 



116 

 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  өзара  және  мұғаліммен  қарым  қатынасты 



бағдарлауының алғашқы кезеңдерінде балалардың бір бөлігінде оларға тән емес белгілер 

көріне бастайды (тұйықсыздық, әдепсіздік). Бірақ, балалармен өзара қарым қатынасты 

орнату барысында әрбір оқушы өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді. 

Бастауыш сынып оқушыларының  жеке тұлғасын қалыптастыруда  мектептің  ата-

аналары  мен  жүргізілетін  жұмысының  негізгі  мақсаттары  мыналардан  тұрады. 

Біріншіден,  ата  -  аналар  мектепті  балаларының  шын  жүрегімен  қабылдайтын  үйі  деп 

санап өздеріде мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету. Екіншіден, 

ата  -  аналарды  жанұяда  баламен  өзара  қарым  -  қатынаста  болуға  үйрету.  Осындай 

мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестіктері жанұя  тәрбиесі мәселелері бойынша ата  

- аналар семинарларын ұйымдастырады.  Онда ата - аналар балалардың дамуға, есеюге, 

бостандыққа  ұмтылуының  табиғатын  және  баланың  бойында  рухани  байлықты 

қалыптастырудың маңыздылығын ол үшін қоршаған  ортадан    сүйіспеншілік    сезімінің,    

мейірімділікпен    сыйластықтың  қажеттілігіне  біледі.   

Мектептің  ата - аналармен  жүргізетін  жұмысы  баланың мектепте және жанұяда, 

тұтас    білім    берушілік    ортада  тәрбие    алуына    жағдай  жасауға  бағытталған.  Жанұя 

саналылық    пен      ынтымақтастықтың  және  болашақтың  бастаулар  негізі.  Мұғалімдер 

жанұяның тәрбиелік мүмкіндігін толығымен аша отырып, ата –аналардың да гумандық 

педагогикалық мынандай идеясын мойындауына атсалысуы тиіс. 

Бала туылғанда пәк болып, тек адамдық пен ізгілік қасиеттермен дүниеге   келеді  

бұл      ұлы  заңдылық.  Бірақ,    пәктік  ізгі  ниеттілік  балада  өзімен  -  өзі  ұзақ  сақтала 

қоймайды.  Балаға  дұрыс  тәрбие  беру  мақсаты  -  оған  дұрыс  білім  беруге  мүмкіндік 

туғызады. Ол үшін ата-аналар өз балаларының дүниеге келгенде белгілі бір құлықпен 

келетін, оны өзгерту мүмкін емес екенінің білулері қажет. Баланың дара ерекшелігін біле 

отырып, оның дамуына жағдай туғызады. Ол үшін әрбір ата - ана жас кезеңдеріне сай 

өзгерістерін,  оған  дұрыс  қатынас  жасау  жолдарын  біліп  отыру,  мектеппен  сынып 

жетекшісімен тығыз байланыста болуы керек.   

Ұлы халқымыз - «Тәрбиеде ұсақ түйек болмауы тиіс» - дейді.Отбасы тәрбиесінде 

ата-аналар  және мектеп Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау жолында өз 

жанын аямайтын нағыз ұлтжанды, өз халқын, өз отанын шексіз сүйетін еліміздің нағаз 

қорғаны  бола  алатын  азаматтарды  шығару  үшін  ықпалы  ерекше  болады.  Олардың  өз 

бетінше  әрекет етіп, дамуына бағыт беріп отырады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Давыдов В.В  Психология младших школников.- М., 1990. 

2. Калмыкова З.И Продуктивные мышление как основа обучаемости.- М., 1981. 

3.Атемова  Қ.Т.  Оқушылар  бойында  гумандық  қасиеттерді  қалыптастырудағы 

отбасының ролі.- А., 2002.   

4. Қалиев С.Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері. 

-А. 2002. 

 

 




117 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет