Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет59/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   255
Түйінді сөздер:қарым-қатынас, әлеуметтену,қарым-қатынас мәдениеті. 

 

Қазіргі  қоғамымыздың  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси,  мәдени,  рухани 



өміріндегі  өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және 

адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді. Әсіресе әлемдік 

деңгейде  қарым-қатынас  мәселелерінің  шиеленісіп  отырған  шағында  адамның  адамға 

қатынасын  ізгілендіріп,  жоғары  мәдениеттілік  деңгейіне  көтеру  қажеттігі  айқындала 

түсуде. 

Қарым-қатынас  негізінде  балалардың  барлық  жеке  басының  қасиеттері  дамып, 

психикалық  кейіптері  қалыптасады.  Сонымен  қатар  қарым-қатынас  балалардың 

танымдық  үрдістерінің  жетілуін  қамтамасыз  ететін  бірден-бір  фактор  және  жағдай 

болады.  Ал  балалардың  өзін-өзі  дамытып,  қалыптастыруы,  реттей  алуы,  олай  болса, 

өзіндік  бағаның  дұрыс  болуын  қамтамасыз  ететін  де  балалардың  ересектермен  және 

басқа  балалармен  жасайтын  өзара  әрекеттестігі,  өзара  қатынасы  және  өзара  ақпарат 

алмасуында болады. 

Психолог-педагогтар  А.Н.Леонтьев,  И.Ф.Харламов  қарым-қатынас  ұғымына 

мотив  ұғымының  мазмұнын,В.Н.Мясищев  оны  қажеттілік  ұғымының  мазмұнымен 

теңестіреді.   

С.И.Ожегов    өз    сөздігінде  қарым-қатынас  ұғымы  өзара  келісім,  іскерлік  және 

достық  байланыс  арқылы  анықталады.  Нақты  әлеуметтану,  психологиялық 

педагогикалық  зерттеулерінде  қарым-қатынас  үғымы  өзара  әрекеттестік,  байланыс 

ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады.   

Қарым-қатынас – білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі 

іспетті  адам  баласының  тәлім-тәрбиесі  мен  өзгелермен  байланыс  орнатуының  ерекше 

жолы.  Қарым-қатынас  –  бұл  адамдардың  іс-әрекет  процесіндегі  өзара  әрекет 

формаларының бірі. Қарым-қатынастың белгілі анықтамаларының бірде біреуі олардың 

біржақтылығының  себебінен  сынға  төзбейді.  Бұны  қарым-қатынастың  адамдардың 

біріккен өмір әрекетінің бірден көптеген жақтарын қамту ауқымдылығымен түсіндіруге 

болады,  бұл  қарым-қатынастың  қанағаттанарлық  дефиниясын  өңдеудегі  объективтік 

қиындық болып табылады. 

Қарым-қатынас  –  педагогикалық  үрдістегі  өте  маңызды,  әрі  күрделі  де  ұзақ 

мерзімді қажет ететін көкейтесті мәселелердің құрамдас бөлшегі. Қазіргі кезде ащы да 

болса  кездесетін  шындық  –  кейбір  педагогтардың  бойынан  жат  қылықтарды    жиі 




118 

 

ұшырастырып  қаламыз.  Ондай  олқылықтар  мінез-құлыққа  еніп,  педагогтардың 



оқушыларға қарым-қатынас мәдениетін меңгерте алмауына жағдай туғызады.  

Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының басты факторы қарым-

қатынас  болады.  Балалар  бұл  кезеңде  қарым-қатынасты  ересек  адамдармен  және  өз 

қатарластарымен  құра  алады.  «Қарым-қатынас»  ұғымы  психология,  педагогика  және 

олармен салалас ғылымдарда қарастырылады. Бұл кезеңде балалардың басқа адамдарды, 

яғни  әлеуметтік  ортасын  танып  білуге  белсенділігін,  қарым-қатынас  жасауда  өзара 

түсінісумен әрекеттестікті қажетсінуі, вербалды емес қарым-қатынас тәсілдері дамиды. 

Сондықтан,  бастауыш  сынып  оқушыларының  қарым-қатынас  мәдениетін  қажет  етуін, 

коммуникативтік  мотивтерінің  болуын,  қарым-қатынас  тәсілдерін  меңгеруді,  қарым-

қатынас  құралдарын  (вербалды  және  вербалды  емес)  қалыптастыруды,  қарым-

қатынастан жалпы нәтиже алуды қамтамасыз ету қажет болады.   

Баланың  басқа  балалармен  қарым-қатынас  құру  арқылы  өз-өзін  тану,  бағалау 

мүмкіндіктері  болады.  Ал,  бастауыш  мектеп  жасы  кезеңіндегі  «бала-бала»  жүйесі 

В.С.Мухина  еңбектерінде  сипатталады.  Ғалым  баланың  басқа  балалармен  қарым-

қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасайтынын көрсетеді. Онда негізгі 3 

жағдай баса көрсетіледі: 

1)  баланың  балалар  тобымен  қарым-қатынас  құруында  ерекше,  ересектермен 

жасалған қарым-қатынастан айрықша қатынас тағайындалады; 

2) «бала-бала» жүйесінде ғана кейбір іс-әрекет түрлерін меңгеруге болады, яғни 

балалар топпен ғана ересекадамдардың қатынасын бірлесіп қайта жаңғырта алады

3)  балалар  тобында  мінез-құлық,  жүріс-тұрыс  нормалары  мен  адамгершілік 

қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады. 

7-8 жастағы балалардың басқа балалармен қарым-қатынасты қажетсінуін 3 топқа 

бөледі . 

1-ші  топқа  қарым-қатынаста  белсенді  балалар  жатады.  Олар  басқа  балалармен 

байланыс  жасағанда  жағымды  эмоциялы  реакция,  жұптасуға  қызығушылық  танытып, 

аса  назар  аудару,  сезімталдық  көрсетуі,  жұптасының  қарым-қатынас  құруына  түрткі 

болу сияқты мінез-құлық, жүріс-тұрысын көрсетеді. 

2-ші  топқа  қарым-қатынаста  енжар  балалар  жатады.  Олар  өздерін  топ  ішінде 

ұстай алмай, беймаза күй кешеді, жағымсыз эмоция танытады. 

3-ші топ қарым-қатынаста ауыспалы болатын балалармен сипатталады. Оларға 1-

ші де және 2-ші де топ балаларының тенденциялары тән болады.  

Баланың  басқа  балалармен  қарым-қатынас  құруда  әрбір  баланың  ересектермен 

байланыс жасауындағы психологиялық жас ерекшеліктері айқын көрінеді-деп көрсетеді  

М.И. Лисина. 

Олай  болса,  ұлттық  салт-сана,  біздің  жағдайымызда  қазақ  отбасындағы 

әлеуметтік  роль  мен  жыныстық  ерекшеліктер,  қазақ  халқының  адамгершілік 

құндылықтарын қарым-қатынаста ескерілуі қажет деп пайымдаймыз.  

Қарым-қатынас  аса  үлкен  құндылық  болып  табылады.  Қарым-қатынассыз 

адамның тек өзін-өзі танып білу, әлеуметтену яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, 

әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тарату, әлеуметтік топтардың 

қауымдастықтар  мен  мемлекеттердің  өмір  сүруінің  өзі,  сондай-ақ,  индивидтің  (дара 

адамның) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес. 

Бастауыш сынып оқушысының өз құрбыларымен қарым қатынасы әртүрлі және 

осының  өзі  бұрын  бала  бақшада  өсті  ме,  соған  орай  келеді.  Бұлардың  ұжымшылдық 

қасиетінің  қалай  қалыптасатынын  алсақ,  осының  өзі  І  сыныпта  әлі  қалыптаспаған, 

балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың бірқатары өзгелерден бөлшектеніп, өзін 

сол ұжым мүшесі деп санамайтыны кездеседі. Бұлар бір-біріне жаны ашып, көмектесу 




119 

 

дегенді  білмейді. Тек өзіне басқалар кедергі  жасамаса болғаны. Бірақ 2-3 сыныптарда 



бұл қасиеттер жойылып, бұлар өзара достаса бастайды. Баланың бір-біріне көмектесуі 

әуелгі уақытта мұғалімнің басшылығымен іске асады. Кейін барлыгы өзара достасып, 

бірі өзгесіне мейірімді келе бастайды.  

Әлеуметтік    көзқарас    тұрғысынан    қарағанда,    тәрбиеге    қоғамдық бақылау     

және     түзету     енгізетін,    жастарды мемлекеттік және   қоғамдық құрылымдар арқылы 

басқарып  бақылайтын,  қоғамның  қазіргі  және  болашақ  өміріне      мақсаттылықпен   

даярлау   ісі   деп қараймыз.    Тәрбие   ісі   адамның қабілетін  қоршаған  ортада және 

оның  санасында  қалыптастыруды  мақсат  ететін  болғандықтан,  ол  психологиялық 

процесс. Қатынас, әсіресе,  дамып келе жатқан тұлғада тез дамиды да жаңа мағына мен 

жаңа  нысанаға  ие  болады.  Тұлға  қатынасқа  еңбекте,  оқуда,  спорттық  жаттығуларда, 

мәдени қызмет барысында түседі. Сондықтан да тұлғамен дұрыс қатынас жасап, оның 

ынтасының  дұрыс  бағытта  жүруіне  көмек  беріп,  жөн  сілтеу  керек.  Ежелгі  дүние 

тарихына көз жүгіртетін болсақ, философ Платонның ұстазы Сократты мысалға алуға 

болады. Б.з.д. 470-399 ж.ж. Афинада тұрған Сократ, өзінен кейін бірде-бір еңбек жазып 

қалдырмаса  да,  оның  оқушыларының  мәліметі  бойынша  өзінің  тыңдаушыларымен 

әңгімелесу арқылы дүниені, шындықты тануға ұмтылғаны көрінеді. 

Қарым-қатынас мұғалім пен оқушының біріккен әрекетін реттейді, өзара әсерін 

қамтамасыз  етеді,  педагогикалық  процестің  тиімді  өтуіне  септігін  тигізеді. 

Оқушылармен  қарым-қатынас  жасай  отырып,  мұғалім  оның  жеке  және  тұлғалық 

ерекшеліктерін анықтайды; құндылық бағдары, тұлғааралық қарым-қатынасы, іс-әрекеті 

туралы ақпарат алады.  

Қазіргі  қоғамымыздың  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси,  мәдени,  рухани 

өміріндегі  өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және 

адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді. Әсіресе, әлемдік 

деңгейде  қарым-қатынас  мәселелерінің  шиеленісіп  отырған  шағында  адамның  адамға 

қатынасын  ізгілендіріп,  жоғары  мәдениеттілік  деңгейіне  көтеру  қажеттігі  айқындала 

түсуде.  Қарым-қатынас  мәселесі  күнделікті  әлеуметтік  өмірде  ғана  емес,  білім  беру 

саласында да маңызды. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын 

өмір  сүруінің  міндетті  шарты.  Әсіресе,бастауыш  сынып  оқушылары  үшін  қарым-

қатынас  аса  үлкен  құндылық  болып  табылады.Сондықтан,бастауыш  сынып 

оқушыларының қарым-қатынас мәдениетінің дамуы - баланың белсенділігінің бірден бір 

алғы шарты. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Андреева Г.М. Социальная психология. - М., 1980. 

2. Бодалев А.А. Личность и общение. - М., 1995. 

3. Бойко В.В. Энергия эмоций в общении: взгляд на себя и на других. - М: 1996. 

4. Брудный А.А. О проблеме коммуникации.- М., «Наука», 1975. 

5. Сухомлинский В.А. Как воспитать настоящего человека. – Киев, 1975. 

 

 



120 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет