Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет6/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255
Түйінді сөздер: тәуелсіздік , еліміз, егемендік, ел болашағы, білім, Қазақстан. 

 

Талай-талай  қас  батырлар  жанын  қиып,  қорғап  қалған,  талай  арулар  махаббат 



құрбаны болған,  талай өзегі  өртенген өкінішті  жандар мен қуаныштан жүрегі  жарыла 

шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! 

Қазақсатан  –  тәуелсіз  ел.  Сол  тәуелсіздік  жолында  қазақ  бабам  не  көрмеді 

десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, XX ғасыр 

қазақ халқы үшін  ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалады. 

«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес 

пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. 

Тәуелсіздік – ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі,күші,алтын 

діңгегі,халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман!Жер бетінде қанша ұлт болса,сонша 

арман бар.Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 

1991 жылы – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан 

жылы.Сол сәттен бері  міне 25 жыл да өте шыкты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында 

мақтанарлықтай беделге ие.Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген 

ірі  экономикалық  ,саяси  және  әлеуметтік  жетістіктерге  қол  жеткізді.Қазіргі  таңда 

Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан 

нық  тұруы,  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету   және  экономикамыздың   жедел 

қарқынмен даму –қазіргі  таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек 

өзі  орналасқан  аймақта  ғана  емес,  бүкіләлемдік  проблемаларды  талқылауда  және 

шешуде  ықпалды  рөл  атқаратын  ел.  Қазақстан  үшін,  қазақ  халқы  үшін  тәуелсіздік 



18 

 

аспаннан  түскен  сый  емес  еді.  Халқымыз  бостандықты  аңсап,Тәуелсіздікке   зарығып 



жетті.  Тәуелсіздік  деген  ұлы  жеңіске  қол  жеткізуде  әлі  де  жаңғырып  тұрған  кешегі 

Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және 

егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен 

жігер берген болатын. 

Қазіргі  таңда  Тәуелсіздік  –  барлығымыз  үшін  ерекше  қасиетті  күн.  Бірліктің, 

ынтмақтастық  пен  татулықтың  күні.  Мемлекетіміздің  тәуелсізігі  –  ең  алдымен 

халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті 

нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап 

беру  болған  еді.  Сондықтан  бүгінгі  күні  халқымыз  өткеннен  қалған  тарихи  өнегені, 

отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық 

сезіміне  енгізуге  ерекше  көңіл  бөлуі  керек  деп  ойлаймын.  Тәуелсіздігімізді 

жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің 

тыныштығы  мен  қауіпсіздігі,  көп  ұлтты  Қазақстан  халқының  жарастығы  мен 

ынтымақтастығы  Президентіміздің  жүргізіп  отырған  парасатты  көреген  саясатының 

нәтижесі. Тәуелсіздік – еліміздің жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар 

көзі. Бүгінгі күннің жетістіктері осы Тәуелсіздіктің арқасында келді. Отыз жыл ішінде 

елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісіне қыруар 

жұмыстар жасалды. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт  салалары айрықша даму 

үстінде. 

Ата-бабамыз  армандаған  тәуелсіз  күн  арайлап  атып,  көк  байрағымыз  көкке 

желбіреді.    Жас  елдің  тарихындағы  жаңа  дәуір  өзінің  бастауын  Тәуелсіздіктен  алады. 

Сондықтан  Тәуелсіздік  мерейтойы ерекше мәнге ие. Биылғы айтулы жылды жоғары 

дәрежеде  ұйымдастыру  және  идеологиялық  деңгейге  жеткізу  міндеті  тұр.  Ел 

тарихындағы осындай бірегей белесті толайым табыстармен қарсы алу баршамыз үшін 

үлкен  сын.  Тәуелсіздік  тойы  жалпы  халықтық  сипатқа  ие  болып,  отандастарымызға 

айрықша рух беруі керек. Тәуелсіздік  тойына әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы тиіс.  

Ол  –  ауыл  шаруашылығында,  өндірісте,  өнеркәсіпте  жұмыс  істеп  жүрген  кез  келген 

отандасымыздың  сапалы  еңбек  етіп,  ел  игілігін  арттыру  деген  сөз.  Яғни, 

азаматтарымыздың  адал  еңбегі  мен  елге  деген  шынайы  құрметі  тәуелсіздік  тойына 

жасалған  үлкен  тарту  болмақ.  Бүгінгі  уақыт  –  елдіктің,  егемендіктің,  кемелдену  мен 

келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне айналуы тиіс. 

Артқа  тастаған  отыз  жылдың  ішінде  бір  мемлекетке  жетерлік  іс  тындырылды 

және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз өсті. Қазақ 

мектептері  мен  балабақшалар  саны  артты.  Білім    мен    денсаулық  саласына  аса  мән 

берілді. Өзге елдермен  қарым-қатынасымыз жақсарды. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні // http: kk.wikipedia.org/wiki 

2. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. — Алматы: 

Раритет, 2010. — 448 б. 

3. Сұлтанов Қ. Серпінді кезең. — Астана: Елорда, 2005. — 608 б. 

4. Абрахманов С. Тәуелсіздік шежіресі. — Алматы: Атамұра, 2006. — 392 б. 

5.  Назарбаев  Н.Ә.  Нұр  Отанның  дамуында  жаңа  белес  басталды.  Мемлекет 

басшысы  Н.Ә.  Назарбаевтің  «Нұр  Отан»  партиясы  Саяси  кеңесінің  кеңейтілген 

отырысында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. — № 21 — 18—қаңтар. — 2008. 

6. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. 

— Алматы: Қарасай, 2006. — 216 б. 

 



19 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет