Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет104/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   255
ӘОЖ 665.612/613(075.8) 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ 



САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ 

 

Іздібайқызы Г. 

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, 

Ақтау қ., Қазақстан 

 

Аңдатпа.  Маңызды  және  актуалдық  проблема  болып  –  барлық  технологиялық 

тізбекпен  –  кенорынды  барлаудан  мұнай  мен  газды  пайдалануға  дейінгі  байланысты 

барлық  сұрақтар  табылады.  Дүниежүзінде  мұнай  және  газды  пайдалану  барлау,  алу, 

тасымалдау,  өңдеу  және  оларды  пайдалану  бойынша  барлық  сұрақтардың 

маңыздылығының алдын алды. 

Түйінді  сөздер:  мұнай  базалары,  мұнай  өнімін  өткізгіштер,  табиғи  ресурстар, 

мұнай базалары. 

 

Мұнай  жану  және  майлау  материалы,  сонымен  қатар  бірқатар  ауруларға  қарсы 



ембік  зат  ретінде  адамзатқа  бұрынғы  уақыттан  бері   белгілі.  Мұнайды  алу  техникасы 

бастапқыда жеңілірек болған, мұнай жер бетінен шығу жерлерінде, яғни шұңқырлардан 

алынады. Кейінгі уақытта ағаш және тас арқылы құдықтарды шегендеген. Дамып келе 

жатқан өндіріс және тасымалдау жүйелері күннен күнге көп мұнай мен мұнай өнімдерін 

ажет етеді. Көп жағдайларда бұл , дәстүрлі түрдегі тасымалдау жолдарын пайдалануға 

қарағанда  тиімдірек,  Мұнайды  өңдеу  өнімдері  және  табиғи  газды  тұтынушыға  дейін 

жеткізу  қажет.  Осы  мақсатпен  оларды  бөлу  жүйесі  қызмет  етеді.  Оның  құрамына  газ 

қоймалары, мұнай базалары, мұнай өнімін өткізгіштер, газды бөлу жүйелері, жанармай 

құю  бекеттері, газтолтырушылар және газды бөлу станциялары кіреді. Маңызды  және 

актуалдық проблема болып – барлық технологиялық тізбекпен – кенорынды барлаудан 

мұнай  мен  газды  пайдалануға  дейінгі  байланысты  барлық  сұрақтар  табылады. 

Дүниежүзінде мұнай және газды пайдалану барлау, алу, тасымалдау, өңдеу және оларды 

пайдалану  бойынша  барлық  сұрақтардың  маңыздылығының  алдын  алды.  Ең  бірінші 

кезекте  кенорнында  тұрақты  түрде  жетілдіру  жүреді,  пайдалануға  теңіз  шельфінің 

кенорындары  түседі,  үлкен  тереңдіктегі  мұнайды  бұрғылауды  меңгеру  жүреді. 

Мұнайгаздылықтың  үлкен  перспективаларын  Каспий  теңізінің  Қазақстан  секторымен 

қойнауына  байланыстырады.  Көптеген  кенорныдарда  табиғи  жағдайдар  келесідей, 

орнатылған  мұнайды  жинауда  қажетті  деңгейде  қабаттық  қысымды  ұстау  үшін 

шөгінділерге  суды  табиғи  түрде  алып  келу  жеткіліксіз.  Сондықтан  мұнайдан  газдың 

шығып  кетуінің  және  онымен  өнімділік  қабаттың  толып  қалуының  алдын  алу  үшін 

АҚШ-тың  көптеген  кенорындарында  қабатты  жасанды  жолмен  толтыру  арқылы  ең 

тиімді суқарқынды режим ұсталынады. Тек шөгіндінің оларды қоршайтын суқарқынды 




229 

 

жүйелермен  өте  жақсы  байланысы  бар  аз  ғана  бөлігі   табиғи  суқарқынды  режимде 



өңделеді. 

Маңғыстау  облысы  –  Қазақстан  Республикасының  басты  мұнай  газ  өндіретін 

аймағы болып есептеледі. Қара алтынын сыйлаған Маңғыстау даласының экологоиялық 

жағдайы  мәз  емес.Мұнай  және  газ  кен  орындарын  меңгерудің  экологиялық 

проблемаларының  өзіндік  аймақтық  ерекшеліктері  бар  –  географиялық,  геологиялық, 

геодинамикалық,  сондай–ақ  әлеуметтік.  Оның  үстіне  қазіргі  кезге  дейін  қоршаған 

ортаны  қорғау  мәселесі  мұнай  мен  газды  өндіру  бойынша  жобалық  тапсырмалардан 

кейін  тұрғаны  және  жобаларда  дұрыс  шешім  таппауы  экологиялық  жағдайға  із 

қалдырады. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жағдайды жақсарту үшін мұнай 

мен  газ  кен  орындарын,  бұрғылау  кешендерімен  игеруде,  табиғи  көмірсутектер  мен 

оларды  өңдеу  өнімдерін  игергенде,дайындағанда,тасымалдағанда  және  сақтағанда 

табиғатты  қорғаудың  шараларының  кешенін  тиімді  іске  асыру  керек.  Экологиялық 

бағдарламалар  апаттардың  алдын  алуға  мұнай  және  газ  қорларын  дұрыс  пайдалануға 

флора мен фаунаны сақтауға және қоршаған табиғи ортаны ластаумен күресу шараларын 

күшейтуге  бағытталу  керек.  Республикада  пайдалы  қазбалар  мен  жерасты  суларын 

игеруде жер қойнауын қорғау мен тиімді пайдалануды бақылау сондай-ақ бұралқы сулар 

мен  зиянды  заттарды  терең  горизонттарға  жіберу  сұрақтарын  келісуге  экология  және 

табиғи ресурстар Министрлігі жауапты. Мұнай өндіру кезінде мұнай қалдықтары далаға 

төгілмеуі тиіс. – бір сөзбен айтқанда Конституция заңдары сақталуы міндетті. Табиғатқа 

тигізген зиянды әрекеттерімізді өз қолымызбен жақсартып, бүлінген жерлерімізді өңдеп, 

қоқыс  қалдықтардан  тазалап,  оның  құнарын  қалпына  келтіруіміз  керек.  Ол  үшін  тек 

топыраққа  емес,  сонымен  бірге  топырақты  құрайтын  факторларға  –  атмосфералық, 

топырақ ортасын қажетті  бағытқа өзгертетін ылғалдық, өсімдік қорегімен қамтамасыз 

етілуін арттыру, биологиялық процестерді жеделдетіп мәдениеттендіру, яғни адамның 

өндірістік тұрғыдан әсер етуі арқылы топырақ қасиеттерін жақсарту қажет. «Бүгінгі сұлу 

табиғат, ертенгі ұрпақ еншісі» дегендей  ластанған ауаныны тазартудың ең жеңіл жолы 

–  көгалдандыру  екенін  де  әрбір  көзі  ашық  жан  мойындайды.Сондықтан  жасыл 

желектерді өсіруден жалықпаукерек деп ойлаймы.   

Өлкеміздің  басқада  экологиялық  ахуалын  болдырмау  үшін  келесідегідей 

ұсыныстар ұсынылады: 

- ең бастысы экологиялық бағытта ақпараттарды көбейту; 

-  аймақтарда,  обылысымызда,  республикамызда  экологиялық  көрмелер  мен 

байқауларды жиі-жиі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу; 

-  өндірістерде  табиғат  қорғау  заңдарын  бұзғаны  үшін  әкімшілік  және  сот 

тәжірибесімен айыптар төлету; 

- айып төлемдерден түскен қаражаттарды экологиялық ұйымдарға жұмсау және 

сол  ұйымдарға  жастарды  тартып,  қоршаған  ортаны  қорғау  бағытында  жұмыс  жасауға 

бағыт бағдар беру; 

-  мұнай  газ  өндіру  кезінде  ауаны  ластауды  болдырмайтын  қазіргі  заманғы 

техгологияларды көбірек пайдалану; 

-  мұнаймен  бірге  өндірілетін  ілеспе  газдарды  өңдеу  арқылы  тұрған  үйлерде 

пайдалану; 

- бастысы мұнайға серік газдарды ауаға жағу процесін қолдануды тоқтату. 

Ең негізгісі әр адам тек қана өз қара басын ойламай, қоршаған ортаға деген көз 

қарасы дұрыс болса, қоршаған ортамыз таза, бәрі де жақсы болар еді. 

 

 




230 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.Экология Мангистау – глазами студентов  (22-30) 2005ж 

2.  Ғ.М.  Нұрсұлтанов.  К.Н.  Абайұлданов.  Мұнай  және  газды  өндіріп  өңдеу. 

Алматы. 1999.ж (392-398) 

3. Омаралиев Т.О. Мұнай мен газды өңдеу химиясымен технологиясы. 1-бөлім / 

Т.О Омаралиев: Білім, 2001. 

4. Омаралиев Т.О. Мұнай мен газды өңдеу химиясымен технологиясы. 2-бөлім / 

Т.О Омаралиев: Білім, 2001. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет