YouTube платформасында математиканы оқыту әдістері


Математиканы оқытуда YouTube ресурстарын қолдану



бет3/5
Дата18.05.2022
өлшемі3,25 Mb.
#34829
1   2   3   4   5
Байланысты:
Математиканы оқытуда ютуб ресурсын қолдану, Сейдахмет Асылай

1.2. Математиканы оқытуда YouTube ресурстарын қолдану

мүмкіндіктері
Youtube ең көп білім беру мен оқытуда қолданылады. Сабаққа және сабақтан тыс жұмыстарға тиісті түрде енгізілген порталдар оқыту мен оқудың тиімділігі мен сапасын арттыра алады. Бейнематериалдар біраз уақыттан бері оқыту мен оқудағы тиімді құрал болып табылады. Р.Козьма зерттеуі бойынша көру мен естуді қатар қолдану жаңадан қабылданған ақпаратты еске жақсы сақтауға мүмкіндік береді.

Youtube порталында арнайы математиканы оқытуға арналған толық бейнематериалдарды табуға болады. Сонымен қатар, Youtube порталының әдістемелік көзқарасына сүйенсек, Youtube ресурстарын қолдану оқытушыға өтілетін сабағын шығармашылық жоспарлауға және оны балалардың ынтасын арттырып, жеке даму құралы ретінде қолдануына мүмкіндік береді. Бірақ ескеретін нәрсе де бар. Қолданылатын материалдарды дұрыс таңдап, сапалы бағалап өз оқыту процессіне қосу үшін де оқытушы жеткілікті тәжірибелі болуы қажет. Яғни бейнематериалды таңдауда белгілі бір шарттарды қанағаттандыратынына көз жеткізген дұрыс. Олар:



  • Материалдың түпнұсқа болуы;

  • Тілдік нормаға сай болуы;

  • Таза әрі анық сапалы суреттелудің болуы;

  • Материалдың ұзақтығының тиімді болуы, тым ұзақ уақыт бойы көру де оқушыны жалықтыруы мүмкін;

  • Тақырыппен толық сәйкестігі.

Youtube порталындағы материалды оқытуға қолданудың бір мысалы ретінде « Мектеп Online Математика» арнасын келтіруге болады. Ол арна 2020 жылы іске қосылған. Бұл ата-аналар мен оқытушыға және оқушылар үшін қашықтықтан оқыту кезінде мектеп бағдарламасын оқытуда таптырмас көмекші құрал бола алды. Ең бастысы, бұл арнада сабақтар екі тілде, қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Мысал ретінде 9- сыныпқа түсіндірілген «Екі айнымалысы бар теңсіздіктер ұғымы» деген тақырыпты келтірдім. https://youtu.be/rrwh0_YF3V4?list=PLCRqj4jDCIYmk0FMaBBiAQF5dV_JKhBqv сілтемесі бойынша қол жетімді. Мұнда сабақты түсіндіру кезінде келесі алгоритмді қолданады:

  • Екі айнымалысы бар теңсіздікке анықтама береді, қатаң және қатаң емес теңсіздікті айтып өтеді;

  • у-х2 <0 мысалын келтіреді, теңсіздікте теңдік түрінде алып, функцияны анықтайды;

  • Шыққан х2 функциясыныі «парабола» екені белгілі болып, оның кескінін салу арқылы жауапты тапты;

  • Кез-келген бір жауапты тексеріп, қанағаттандыратын нүктесін тапты..


Сурет 6. Түсіндірме бейнеден үзінді.


6- суретте осы алгоритмдерді қайталай отырып, тағы бір мысал көрсетеді. Келесі есепті оқушы өзі шығарып көреді. Осылайша бір тақырып түсінікті болды

Демек, оқытушы нақты әрі сапалы етіп бір тақырыпта бірнеше мысал түсіндіру арқылы өз уақытын да, оқушының да уақытын үнемдей отырып, жаңа тақырып түсіндіре алады. Әрі бұл бейне кез- келген сәтте қол жетімді болмақ. Тіпті қосымша сабақтарға ақы төлеу орнына үйден сапалы бірнеше арналарға жазылу арқылы білім жетілдіруге болатынына көзіміз жетіп отыр.



Осы арналарды басқаратын керемет адамдар оқуды қалай көңілді ету керектігін біледі. Көңіл көтеру кезінде мүмкіндігінше көп білуге ұмтылатын ғылым мен білім берудің келесі үздік арналарының тізімін қараңыз.

Мектеп Online Математика– екі тілде мектеп бағдарламасын түсіндіретін арна.

Bilimland.kz- үш тілде білім беретін, 50000- нан астам мектепке дейінгі және мектеп бағдарламасына ұсынылған медиаматериалдарқамтылған білім беру платформасы.

GetAClass— просто математика»- кескіндер мен суреттер арқылы негізгі математикалық ережелер мен шешімдер көрсетілген арна. Онда бейнелер 15 минутқа дейінгі уақытты қамтиды.

DA VINCI– Жаратылыстану бағытында оқытатын көшбасшы орталықтардың бірінің арнасы болып табылады. Онда ҰБТ- ға,БИЛ, НЗМ мектептеріне дайындық сабақтары түсіріледі.

Numberphile- сандар мен математика жайлы қызықты деректер түсіндіретін ағылшын тіліндегі арна. Ағылшын тілін түсінетіндер үшін керемет ресурс деуге де болады.

Көріп тұрғандай, осындай қызықты математикалық арналарды іздеп ондағы ресурстар арқылы математикаға деген қызығушылықты арттыра түсуге болады. Сонымен қатар, оқытушы да оқушы да өзін дамыта түседі.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет