Бұл əдіс бойынша үлгі 150-180 С температураға дейін қыздырылып, құю жүйесі бекітілген үлгі
плитасы (13а-сурет) жəне қалып қоспасы айналмалы шанаққа
(13ə-сурет) бекітіледі. Қалып қоспасының құрамы 6-8 термореактивті шайырдан (смоладан), қалғаны кварц құмынан тұрады. Шанақ 180°-қа бұрылған кезде қалып плитасының жəне үлгінің жылуымен қоспасы үлгінің үстіне
төгіледі (13бсурет). Үлгі қалып коспасының құрамындағы термореактивті шайыр еріп, құмның қиыршықтарын біріктіреді. Біріктірілген құм қиыршықтары үлгі мен үлгі
плитасына жабысып, қабат пайда болады. Пайда болған қабаттың қалыңдығы үлгі мен плитаның температурасына жəне суретте көрсетілген күйде ұстау уақытына байланысты. Ұстау уақыты 15-30 секунд болса, пайда болған қабаттың қалыңдығы 50100 мм-ге
дейін жетеді.
Қазіргі кезде құю өндірісінің өнімдері еліміздің шаруашылық нысандарында барлық тарауларында қолданылады. Өйткені құю арқылы бөлшектер жасау арзан, кейде бөлшек жасаудың бірден-бір жолы болып табылады. Машина бөлшектерінің 40%-ы құю əдісімен
жасалады, ал кейбір машиналар үшін бұл көрсеткіш артады, яғни 80-90%-ға дейін барады. Мысалы, су турбинасы бөлшектерінің 75%-ы, қапсыру балғалары бөлшектерінің 95%-ы универсал фрезер станоктары бөлшектерінің 80%-ы құю əдісімен жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: