Құю өндірісі Жоспары


Компрессорлық құю машинасының нобайы



бет4/5
Дата27.11.2023
өлшемі8,47 Mb.
#128735
1   2   3   4   5
Компрессорлық құю машинасының нобайы: 1-қалып, 2-мундштук, 3-сопло, 4-ауа клапаны, 5-қысу камерасы, 6-шойын қазан
12-суретте қозғалмайтын қысу камерасы бар компрессорлы құю машинасының нобайы көрсетілген. Мундштук арқылы қысу камерасына металл шойын қазаннан өздігінен түседі.
Сонан кейін шарнирлі жетектің көмегімен қысу камерасы (5) көтеріліп, мундштук қалыптың тесігіне дəл келтіріледі. Ал қысу камерасының екінші аузы (сопло) ауа клапанымен беттеседі. Клапан арқылы қысылған (35-50 атм қысымда) ауа берілгенде, металл қысу камерасынан қалыпқа ұмтылады да, оны толтырады. Ауа беру тоқталған кезде, қысу камерасы төмен түседі де, металмен қайта толады; бұдан соң форма ашылады да, құйылған бұйым итеріліп шығарылады. Осыдан кейін операция қайта басталады. Машинаның күндік өнімділігі – 60-500 құйма.

Қабықты қалыптарға құю


Бұл əдіс бойынша үлгі 150-180 С температураға дейін қыздырылып, құю жүйесі бекітілген үлгі плитасы (13а-сурет) жəне қалып қоспасы айналмалы шанаққа (13ə-сурет) бекітіледі. Қалып қоспасының құрамы 6-8 термореактивті шайырдан (смоладан), қалғаны кварц құмынан тұрады. Шанақ 180°-қа бұрылған кезде қалып плитасының жəне үлгінің жылуымен қоспасы үлгінің үстіне төгіледі (13бсурет). Үлгі қалып коспасының құрамындағы термореактивті шайыр еріп, құмның қиыршықтарын біріктіреді. Біріктірілген құм қиыршықтары үлгі мен үлгі плитасына жабысып, қабат пайда болады. Пайда болған қабаттың қалыңдығы үлгі мен плитаның температурасына жəне суретте көрсетілген күйде ұстау уақытына байланысты. Ұстау уақыты 15-30 секунд болса, пайда болған қабаттың қалыңдығы 50100 мм-ге дейін жетеді.

Қорытынды


Қазіргі кезде құю өндірісінің өнімдері еліміздің шаруашылық нысандарында барлық тарауларында қолданылады. Өйткені құю арқылы бөлшектер жасау арзан, кейде бөлшек жасаудың бірден-бір жолы болып табылады. Машина бөлшектерінің 40%-ы құю əдісімен жасалады, ал кейбір машиналар үшін бұл көрсеткіш артады, яғни 80-90%-ға дейін барады. Мысалы, су турбинасы бөлшектерінің 75%-ы, қапсыру балғалары бөлшектерінің 95%-ы универсал фрезер станоктары бөлшектерінің 80%-ы құю əдісімен жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет