Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе



бет15/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83
Байланысты:
treatise13466

1.4-сурет. Диэлектриктің меншікті көлемдік электр өткізгіштігінің темпертуралық тәуелділігі

Бұл формулаға lnγV сызықты тәуелділігінің кері температуралық тәуелділігі сәйкес (1.4-сурет).


Жоғары температуралық аумақтары (сол жақтағы бұрылыс) меншікті, ал төмен температуралық-қоспалық электр өткізгіштігіне сәйкес келеді. Тік бөліктің абцисса осіне иілу бұрышы заряд тасымалдаушылар активация энергиясы мен электр өткізгіштігінің түрін (меншікті және қоспалық) анықтайды, ал осы бөліктің жалғасқан абцисса осіне қиылысатын кесінділер – меншікті және қоспалық электр өткізгіштің аумағының температуралық аралықтарын анықтайды.
Инженерлік есептерде  =В exp формуласы жиі қолданылады, мұндағы, В және b – материалдың тұрақтылары.
B тұрақтысы электр кедергінің (К-1) мәніне тең. Кристалдық құрылымдық диэлектриктерде түрлі кристаллографикалық бағыт бойынша электр өткізгіштік бірдей емес. Иондық құрылымы бар материалдардың электр өткізгіштігі иондарын түзетін валенттілікке тәуелді. Мысалы, валенттік аз болса өткізгіштік соншалықты үлкен болады.
Аморфты диэлектриктерде меншікті электрлік өткізгіштік материалдың құрамы мен ондағы қоспаның болуына байланысты барлық бағыт бойынша бірдей. Жоғары молекулалық қосылыстарда электр өткізгіштік макромолекулалар арасындағы көлденең байланыстың бар болуына, сәйкесінше полимеризация және материалдардың полярлығына тәуелді. Ең төмен электр өткізгіштік полярлы емес диэлектриктерде бақыланады.
Енгізілген өрістің кернеулігінің артуымен диэлектриктердің электр өткізгіштігі электронды сипаттық қосымша электр өткізгіштіктің пайда болу салдарынан елеулі түрде өседі. Сондықтан  . Әртүрлі факторларға тәуелділікте   және   өзгеру сипаты толығымен ұқсас, бірақ беткі қабаттың ылғалдануы мен ластануы   мәніне қарағанда   мәнін қатты төмендетеді. Сондықтан мәнін жоғарылату үшін полировкалау, тазалау және құрғату және де сыр бояуларымен, глазурьлер, сондай-ақ мәні жоғары гидрофобты жабындылар қолданылады.
Диэлектриктердегі электр өткізгіштік өте күрделі, өйткені олардың құрамына поляризацияланған токтар кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет