Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе


Эвтектикалық айналулары бар фазалық тепе-теңдік диаграммалары



бет61/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83
Байланысты:
treatise13466

Эвтектикалық айналулары бар фазалық тепе-теңдік диаграммалары. Компоненттердің кристалдық құрылымы ерекшеленетін, ал олардың бір-бірінде еруі кристалдану температурасының төмендеуіне алып келетін қос жүйелерде эвтектикалық айналулар өтеді.
Эвтектиканың сұлбалық диаграммасы 3.8а-суретте көрсетілген. Ол алты фазалық аумақтан тұрады: сұйық ерітіндінің С бірфазалық аумағы; сұйық ерітінді С + қатты ерітінді α және сұйық ерітінді С + қатты ерітіндінің β екі фазалық аумақтары; α және β біріншілік ерітінділерінің бір фазалық аумақтары; қатты ерітінділердің α + β бірге өмір сүруінің екі фазалық аумағы.
А'е және В'е иілген ликвидус сызықтары сәйкес температура кезіндегі шекті концентрациясының сұйық ерітініділердің фигуративті нүктелерінің геометриялық орнын көрсетеді.
А'с және B'd солидустың иілген сызықтары эвтектикалық температурадан Те асатын белгілі температура кезіндегі бар болатын шекті концентрациялары қатты ерітінділердің фигуративті нүктелерінің геометриялық орнын көрсетеді.
сed горизонтальді сызығы эвтектикалық сызық болып табылады. сedсызығындағы тек үш сызық фигуративті болып табылады, олар α (с нүктесі) және β (d нүктесі) қатты ерітіндінің α және сұйық ерітіндінің (е нүктесі) эвтектикалық айналулар кезіндегі шекті концентрацияларын сипаттайды.
٭ эвтектика (eutektos – (грекше) – оңай балқитын) –жеке аомпонеттердің балқу температурасынан өте төмен температура кезіндегі ерітіндіден біруақытта кристалданатын қатты заттардың қоспасы.
3.8б-суретте эвтектикалық температура кезіндегі қатты α және β ерітінділері мен сұйық ерітінділердің изобаралық-изотермиялық потенциалдарының қисығы көрсетілген. Эвтектикалық температура Те және эвтектикалық нүктенің орналасуы (е нүктесі) идеалды сұйық ерітінді жүйесінде түзілу жағдайында және компоненттерінің бір-бірінде қатты күйде ерігіштігі кезінде А және В компонентінің ликвидус теңдеуінің бірге шешілуімен есептелуі мүмкін:





(3.49)






сed эвтектикалық сызығының ерекшелігі тепе-теңдіктегі с-дан d-ға дейін құрамның құймасында эвтектикалық температура кезінде (Те) құрамнан жоғары үш фаза табылады.











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет