Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе



бет72/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83
Байланысты:
treatise13466

3.16-сурет. Компоненттері шексіз еритін жүйе қоспаларындағы ликвидация сызбанұсқасы

Бұл шарттар орындалуы үшін:


а) қатты фазада ерте және кеш кристалданудың қабаттық құрамының диффузиялық тегістелуі өтуі;
ә) дифффузиялық тегістеу сұйық фазада өтуі қажет. Соңғы талап кристалданудың беткі қабатына қосылатын сұйық ерітінді қабатының k0 < 1 кезіндегі кристалданудың қадамынан туындаған, ол кезде кристалмен ерітіндіде Сқ < Сс болғандықтан реалды шарттар немесе k0 < 1 құйманың кристалдануы таралуының тиімділік коэффициенті (kтиім) таралуының тепе-теңдік коэффициентінен көп. Реалды жағдайларда қатты фазалардағы диффузиялық тегістелу суыту жылдамдығының мәні зор болғаны толығымен өтпейді, кристалдану тепе-теңсіз солидус бойынша өтеді. Егер сұйық фазада құрамның тегістелуі өтеді деп қабылдайтын болсақ, онда қатты ерітіндінің біртексіз құрамы a's' тепе-теңдіксіз солидус сызығынан оң жақта жатқан – біздің сызбанұсқада a's орташа концентрациямен сипатталынады. Т1 температура кезінде қатты фаза құрамы b' сызығының орнына b' және а' орташасы болады және f нүктесіне сәйкес; Т2 – температурасы кезінде k нүктесіне сәйкес , b' и с'арасындағы орта мән, және т.с.с. Тепе-теңсіз кристалдану шартында солидус қисығының орны ғана өзгермейді, сонымен қатар ликвидус сызығының орны да өзгереді.
Сол себептен кристалданудың бітуі Т2 тепе-теңсіз солидус температурасында емес, a's сызығында жатқан қатты фазалық орташа құрамы С0-тең болғанда Тк кезінде өтеді.
Егер диаграммадағы суытудың берілген нақты шартындағы әртүрлі құрамның құймасы үшін кристалданудың фактілік аяқталу нүктелерін енгізетін болсақ, онда берілген шарттағы тепе-теңсіз солидус деп аталатын сызықты аламыз (3.16-суреттегі a's сызығы). Суыту жылдамдығын арттыру есебінен крисалданудың біту температурасының төмендеуі қатты ерітінділердің үздіксіз қатарын түзетін құймалар жағдайында кристалданатын ерітіндінің соңғы мөлшері екінші В компонентінің құрамына жуық болады.
Тепе-теңсіз кристалданудың нәтижесінде химиялық құрам кристалл қимасы бойынша біртексіз болып табылады. Егер кристалдану жоғары суытумен өтетін болса, яғни кристалданудың басталуының тепе-теңдікті температурасынан айтарлықтай температура кезінде өтетін болса, онда кристалданудың фронты біртегіс болмайды, кристалдар дендрит формасында өседі. Дендрит «остері» бірінші кристалданады, сондықтан соңынан қатаятын кристалл аумағына қарағанда аз қоспадан тұрады. Бұл құбылыс ішкі кристалдық немесе дендриттік ликвация деп аталады. Құйманың түрлі химиялық құрамы металды графикалық зерттеу әдісі көмегімен ішкі кристалдық ликвацияға жақсы әсер етуге мүмкіндік беретін химиялық тазартуға түрлі әсерлерін шарттандырады (3.17-сурет).









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет