Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе



бет70/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83
Байланысты:
treatise13466

3.15-сурет. Орбитамен түзілетін байланыстардың кеңістіктік конфигурациялары:
а) sp; – диагоналды сызықтық конфигурация, Zk=2;
ә) sp2; – тригоналды жазықтықтық, Zk=3;
б) sp3; тетраэдрлік, Zk=4;
в) d23p3 – октаэдрлік, Zk=6;
г) тригоналды-пирамидалық, Zk=3
Zk атомдық коваленттік байланыс санына тең. Коваленттік кристалдар құрылымы Юм-Розери ережесі мен валенттік электрондардың толқындық функциялар анализінен орнатылған байланыс бағытымен анықталынады. Металдық байланыс ковалентті байланыстың бағыттылығы мен қанығушылығы болып табылады.
Юм-Розери ережесін:

Nв + Zk = 8 (3.57)


түрінде жазуға болады. Мұндағы, Nв – элементтің валенттік электрондар саны (Юм-Розери ережесіне бағынатын элементтер үшін ол периодтық жүйенің топ нөмірімен сәйкес);


Zk – бірінші координациялық сфералардың химиялық байланысына берілетін валенттік электрондар саны. Юм-Розери ережесінің осылай жазылуы жартылай өткізгіштер құрылымдарының қалыптасуындағы жақын реттіліктің рөлін көрсетеді. 3.5-кестеде Музер-Пирсон ережесі бойынша есептердің мысалдары келтірілген.


3.5-кесте. Музер-Пирсон ережесі бойынша есептердің мысалдары



Қосылыс

Класс

ne

na

в

(ne/na) +в

GaAs

АIIIBV

8

1

0

8

CdTe

АIIBVI

8

1

0

8

Mg2 Si

АIIBIV

8

1

0

8

Ga2Te3

АIIIBVI

24

3

0

8

SiC

АIVBVI

8

2

4

8

2) Екіншілік жартылай өткізгіштік фазалар IVА – VIIIА топша элементтерінен тұрады.


3) IVА – VIIIА топша элементтерінің жартылай өткізгіштік фазалардың көбісі қалыпты ковалентті ережесіне бағынады:

хА = у (8-в), (3.58)


мұндағы, А және В Ах Ву қосылысындағы А және В элементтерінің сәйкес валенттіліктері.


А және В компоненттері қосылысқа Х:У қатынаста кіреді. Мысалы: InSв: АIn = 3; В=5; 1*3=1*(8-5).
4) Элементтердің электр терістілігінің айырмасы ∆Х (екілік жартылай өткізгіштік фазаға кіретін) әдетте, аз мәнде емес.
∆Х кристалдағы (молекуладағы) атомдардың валенттік электрондарды тарту қабілеттілігін сипаттайды.
∆Х шамасы : ∆Х ~ шамасына тура пропорционал:

∆ = ЕА-В – (ЕА-А + ЕВ-В)/2. (3.59)


Мұндағы, ЕА-А, ЕА-В, ЕВ-В – А-А, А-В, В-В атомдар арасындағы байланыс энергиялары.


∆ шамасы физикалық мағынасы бойынша Ω өзара әсерлесу параметрі шамасына ұқсас.
Егер байланыс энергиясын атомға электрон вольтта келтіретін болсақ, онда:

∆Х = (3.60)


Жалпы жағдайларда ∆Х өсуімен байланыстың иондық құраушылар мөлшері өсетінін атап өткен дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет