Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе


Гомогенділіктің жіңішке аумағын түзетін қосылыстар



бет68/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83
Байланысты:
treatise13466

Гомогенділіктің жіңішке аумағын түзетін қосылыстар. Оларға қосылыс құрамына кіретін компонентті қатты ерітінділердің жіңішке аумағын түзетін жартылай өткізгіштің көбісі жатады. Аумақ ені оннан (мысалы, A2IIIB3VI, In2Те3 қосылыс түрлерінде 59,5 - 60% Те) жүзге дейін (AIIBVI) және тіпті, мың (АIIIВV) атомдық пайыз мөлшері аралығында жатады. Шаманың аздығына қарамастан қосылыстың физикалық қасиеттерін қалыптастыруда маңызы зор. Гомогенділіктің жіңішке аумағында (А және В қалдықты компоненттері бар) орналасқан қатты ерітінділерді зерттеу, сондықтан маңызды және тәжірибелік қиын тапсырмалардан тұрады.
Маңызды ерекшілігі АIIIВV және AIIBVI қосылыстары негізіндегі қосылыстардың көбісінде гомогенділіктің аумағының шегінде қатты ерітінділердің суперпозициясы түзіледі, мысалы, азайтудың қатты ерітіндісімен енгізудің қатты ерітіндісі. Екінші ерекшелігі балқу температурасының максимумы бұл жағдайда стехиометриялықтан кішкене ерекшеленетін құрамға келеді және қатаң стехиометриялық құрам қосылысын алу қиын болуымен түсіндіріледі. Мұндай қосылыстар стехиометриямен араласқан қосылыс деген атауға ие. Алайда, стехиометриядан шамалы ауытқу кезінде ашық максимумды балқыған қосылыстар конгруэнтті балқыған қосылыс ретінде (бірінші жуықтауда) қарастырылады.


§ 7. Қос жартылай өткізгіштік және диэлектрлік фазалар
Жалпы түрде екілік жартылай өткізгіштік қосылыстар жіктелімі жоқ. Ең тиімді жіктелуі элементтердің периодтық жүйелерінің бір тобында орналасқан элементтерден түзілген және бірдей стехиометриялық формулаға ие қосылыстардың бір класқа жиналуына негізделінген. Периодтық жүйе топшасында реттік нөмірінің азаюымен орналасқан элементтер А әрпімен белгіленеді, ал реттік нөмірі үлкеюімен топшада орналасқан элементтер В әрпімен белгіленеді. АIIIBV түрінің элементтердің белгіленуін периодтық кестеде, топшада олардың орналасуымен шатастырудың қажеті жоқ.
Мысалы, АIIIBV кластың қосылыстары: GaAs. GaP, InSb периодтық жүйенің III А және V А топшаларында орналасқан және эквиваленттік қатынастағы қосылысқа кіретін элементтерден түзілген.
А периодтық жүйенің V A және VI A топшасында орналасқан және 2:3 қатынасына кіретін элементтерден түзілген.
Мұндай жағдайда класс формуласы аталған класқа кіретін қосылыстың жинақтық стехиометриялық формуласы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет