Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе



бет77/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83
Байланысты:
treatise13466

3.19-сурет. Бір компонентті жүйелердің фазалық диаграммалары:
аGTP координатасында тұрғызылған диаграмма; жеке фазалардың изобаралық-изотермиялық потенциалдың G беткі қабатының осы беткі қабаттары екеуінің қиылысу сызығы моновариантты, ал үш кеңістіктің қиылысу нүктесі - фазалардың нонвариантты тепе-теңдігін көрсетеді; ә,бРТ координатасында тұрғызылған диаграммалар, осы кезде қатты фаза меншікті көлемнің артуымен (ә) және азаюымен (б) аяқталады



А нүктесі нонвариантты және үш фазалық тепе-теңдікке сәйкес.
Тапсырма. А нүктесінің еркіндік дәрежесінің санын анықта (3.19-сурет).
3.19ә,б-суреттегі диаграммалар АС балқу қисығының иілуімен ажыратылады. Әрбір екі қисықтың иілуі өз кезегінде берілген түрдің фазалық ауысу кезіндегі меншікті көлемнің өзгеруі белгісімен анықталынатын бал/dP туынды белгісімен анықталынады.
Қысымның артуы егер ол меншікті көлемнің артуымен аяқталса, онда фазалық ауысу температурасын арттырады. Егер меншікті көлем фазалық ауысу кезінде азайса, онда осы темпертураны төмендетеді.
dV/dT > 0 және dT/dP > 0 кезінде фазалық ауысу сызығы оңға, ал dV/dT < 0 және /dP < 0 кезінде солға иілген болады.
Булану мен сублимация әрдайым меншікті көлемнің артуымен аяқталатындықтан, ОА және АВ қисықтары әрдайым оңға иіледі.
Меншікті көлем, сәйкесінше тығыздықтың балқу кезіндегі мәндерінің өзгеруі бірдей мәнде емес. Егер де металды балқыту кезінде ∆V әрдайым оң болса (3.19ә-сурет), онда жартылай өткізгіштерді балқыту кезінде ∆V өзгеру мәні химиялық байланыс сипатының өзгеруімен сұйық күйге не өтуімен не өтпеуімен аяқталады.
Жартылай өткізгіштерді балқыту кезінде қатты күйден сұйық күйге өтудің екі жағдайы болуы мүмкін:

  1. жартылай өткізгіш → жартылай өткізгіш;

  2. жартылай өткізгіш → металл.

Бірінші жағдайда, күкірт, селен, теллур, Bi2Te3, Cu2S қосылыстары, АIIВVI (мысалы, CdTe) сияқты заттар үшін ∆V > 0, ал екінші жағдайда германий мен кремний, сондай-ақ АIIIВV қосылыс түрлері үшін ∆V < 0 (3.20-сурет).









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет