Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе



бет78/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
3.20-сурет. Жартылай өткізгіш заттарды балқыту кезіндегі тығыздықтың өзгеруі: а – теллур (балқыту кезінде р2 – байланысы сақталынады);
ә – германий (балқыту кезінде ковалентті sр3 –гибридті байланысы бұзылады)

Жартылай өткізгішті балқыту кезінде меншікті көлемнің азаюы ковалентті қосылыстарға тән алмаз немесе сфалериттің торларындағы атомдар компакті емес жиыны металдық заттарға тән үлкен координациялық саны бар өте компакті жиынға ауысады.
Сол себептен, жоғары қысым металдардың балқу температурасын арттырады және жартылай өткізгіштердікін төмендетеді.
РТ - қатты күйде полиморфты ауысуға ұшырайтын заттар диаграммасы.
3.21а-суретте РТ диаграммасы қатты күйде полиморфтық күйге ауысуы көп SiO2 үшін (α-кварц, β-кварц, тридемит, кристобалит).
3.12ә,б,в-суреттерінде германий, кремний, көміртектің РТ диаграммалары көрсетілген. 1010 Па-дан жоғары қысымды қолдану осы температура кезінде К = 4 координациялық саны бар алмаз түрінің торы өте жоғары координациялық саны бар К = 6 торға өтеді, ал коваленттік байланыс металдық байланысқа ауысады.





3.21-сурет. Полиморфты ауысуға ұшырайтын біркомпонентті жүйелердің РТ диаграммалары: а – SiO2; ә – Ge; б – Si; в – С

Жоғары қысымнан туындаған полиморфты ауысу қатарына практика жүзінде қайтымсыз үдерістер ұшырайды. Заттары жоғары қысымға бірқалыпты итере отырып қасиеттердің осы шарттары үшін метастабильді күйде қалыпты шарттар кезінде алуға болады.


Р Т X координатасында тұрғызылған фазалық диаграммалар.
3.22а-суретте екілік жүйенің гипотикалық Р Т X –диаграммасы көрсетілген. Қысымның өзгеруі фазалық ауысудың тек температурасын ғана емес, сол фазалық диаграмманың өзгеруіне алып келеді.
Қатты күйдегі шексіз еритін диаграмма төмен температура кезінде және α қатты күйдегі шексіз еритін диаграмма төмен температурада жіктелуі қысымның өсуімен эвтектикалық диаграммаға ақырындап өтеді. Мұндай ауысу α қатты ерітіндінің бастапқы көлемі бастапқы заттардың1 сандарынан түзілген α1 + α2 фазалардың қосынды көлемнен көп болатын жағдайға сәйкес келуі тиіс.
3.22-суретте GaP жартылай өткізгіштік қосылыс түзетін Ga-P фазалық диаграммасы көрсетілген. Қысымға бұл қосылыстың тәуелділігіне байланысты конгруэнтті немесе инконгруэнтті балқуы мүмкін.


1 Мысалға көміртекті тетрагоналды өзгерген торы бар темірдегі мартенсит деп аталатын қатты ерітіндісін келтіруге болады. Мартенситтің екі фазаға к.о.к. торлы темірдегі көміртектің аз концентрациясының қатты ерітіндісі мен Fe3C (цементит) темір карбидіне ыдырауы – көлемнің азаюымен аяқталады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет