Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет81/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
treatise13466

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Металдар мен жартылай өткізгіштердің қандай сипаттамасы меншікті электр кедергісінің температуралық тәуелділік түрін анықтайды?


2. Кейбір оптикалық және акустикалық қасиеттердің (жұтылу, шашырау, дифракция және т.б.) сәулелену әсерінің интенсивтілігіне тәуелділігі сызықты еместігі неден туындайды?
3. Химиялық байланыстың түрлері қатты материалдардың қасиеттеріне (механикалық, электрлік, акустикалық және т.б.) қалай әсер етеді?
4. Вольфрам неліктен ферромагнетик емес?
5. Кремний неліктен конструкциялық материал ретінде қолданылмайды?
6. Кремний және германий қатты ерітінділердің шексіз қатарын түзеді. Ge0,5Si0,5 қатты ерітінді құрамының кристалдық торының компактілік коэффициентін және қатты ерітіндінің тыйым салынған аумағын анықта.
7. Меншікті электр кедергісі 105 Ом*см, ал электрондардың қозғалтқыштығы 1400 см2/(В*с) белгілі болса, 300К кезіндегі n-типті кремнийдің монокристалындағы валенттік электрондардың концентрациясын және өткізгіш электрондар концентрациясын анықта.
8. Кремний кристалындағы байланыс энергиясын килоджоуль/атом бойынша тап.
9. Алмазтәрізді фазалар секілді кремнийдің жетілген монокристалдарын өсіру үшін Чохральский әдісі секілді кристаллизацияның контейнерсіз әдістері қолданылады?
10. Темірдің, вольфрамның, кремнийдің, германий және теллурдің балқу энтропиясын ΔSбалқу анықта және аталған заттардың балқу кезіндегі химиялық байланыстардың өзгеру сипатымен алынған мәндерді салыстырыңдар.
11. 50% (ат.) Ge және 50% (ат.) тұратын қатты ерітіндінің қарапайым торын сызыңдар. Екі жағдайда: ( ) және жақын реттіліктің жоқ кезінде ( ).
12. Гомогенділіктің екі жақты аумағы бар біреуі конгруэнтті балқитын АВ байланысы түзілетін А–В жүйесінің екі компонентті фазалық диаграммасының Р–Т – проекциясын салыңдар. АВ байланысы мен В компоненті жоғары қаныққан буға ие. Р–Т – проекцисына тепе-теңдіктің үш фазалық сызығын түсір.
13. АIVBVI қосылыстарының жылжымалы стехиометриялы қосылыстарын ата. 14. Неліктен n-типті SnTe қосылысын үшінші компонентті легирлеусіз алуға болмайды?
15. Стехиометриялық құрамға жауа беретін балқымалардан PbS және SiC қосылыстарының монокристалдарын алуға бола ма?
16. GаАs қосылысының тыйым салынған аумағы AlSb қосылысының тыйым салынған аумағынан неліктен көп?
17. GаАs және Gа2Те3 екі қосылыстың қайсысы радияцияға тұрақтылығы жоғары?
18. АIIIВV және АIIВVI қосылыстарының қандай атомдарының аралықтарында тыйым салынған аумақатырының ені 2 эВ-тен жоғары болады?
19. Термоэлектрлік материал ретінде таза қосылыс емес, ал оның негізіндегі қатты ерітіндісі мақсатты қолданылады?
20. Аморфты және шынытәрізді заттардың қыздыру кезіндегі сипаттамаларының ерекшеліктері неде?
21. Аморфтық заттардың құрылымдық сипаттамаларының металдық және коваленттік бйланыстан айырмашылығы қандай?
22. Сфалериттер құрылымында кристалданатын CuInSi2As4 және CuGaGe2As4 қосылыстары Музер-Пирсонның заңына бағына ма?
23. Кристаллизация, қайта кристалдану және кері кристалдану (рекристаллизация) арасындағы ортақ ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай?
24. Қалай және неліктен қатты күйге ауысу және сұйық фазадан кристалдану жағдайларында жаңа фазаның туылуының гомогенді түзілу жұмыстары ерекшеленеді?
25. Берілген заттың бөлшектеріндегі (тамшысындағы) кеңістіктегі қаныққан бу қысымы оның өлшеміне (көлеміне) немесе оның формасына тәуелді ме?
26. Кремний, германий, мыстардың поликристалдық кесектерінің микроқұрылымдарының санының ұқсастықтары көптігі, ал алюминий микроқұрылымында мүлдем жоқтығы немен түсіндіріледі?
27. Фазалардың негізгі қандай түрлері қатты күйде түзілуі мүмкін?
28. Жүйенің тепе-теңдік күйі. Гетеро – және гомогенді жүйелер.
29. Фаза. Аллотропия (полиморфизм).
30. Қатты ерітінділер түрлері. Жүйе компоненттері (компоненттер саны).
31.Термодинамикалық потенциалдар. Фазалық тепе-теңдік диаграммасының мүмкіндіктері.
32. I- және II-текті фазалық ауысулар.
33. Фазалардың гетерогенді тепе-теңдік шарттары.
34. Гиббстің фазалар ережесі.
35. Екілік жүйенің фазалық диаграммасын тұрғызу кезіндегі негізгі болжамдар.
36. Ерітіндіні сипаттайтын термодинамикалық функциялар.
37. Екі идеалды ерітінді (қатты және сұйық) жағдайында араласудың изобаралық-изотермиялық потенциалы.
38.Шексіз еритін екілік жүйенің фазалық тепе-теңдігінің Т – Х диаграммасы.
39. Шексіз ерігіштігі бар қатты ерітінділерді қолдану.
40. Термолинамикалық потенциалды өлшеу туралы мәлімет бойынша шексіз еритін фазалық диаграмманы тұрғызу.
41. Шексіз ерігіштен шекті ергіштікке өту.
42.Шекті еритін екі компонентті жүйелердің Т – Х тепе-теңдік диаграммалары.
43. Эвтектикалық айналулары бар фазалық тепе-теңдік диаграммалары.
44. Эвтектоидты айналулары бар фазалық тепе-теңдік диаграммалары
45. Перитектикалық айналулары бар фазалық тепе-теңдік диаграммалары.
46. Перитектоидты айналулары бар фазалық тепе-теңдік диаграммалары.
47. Химиялық байланыстары бар фазалық тепе-теңдіктің диаграммалары.
48. Компоненттердің әртүрлі химиялық байланыстары бар эвтектикасы бар фазалық тепе-теңдік диаграммалары.
49. Ликвация.
50. Дендриттер.
51. Бертоллидтер.
52. Дальтонидтар.
53. Қысымның фазалық күйге әсер етуінің жалпы заңдылығы.
54. Полиморфты айналулар қатты күйде өтетін заттардың Р – Т диаграммалары.
55. Монокристалдарды өсіру әдістері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет