Юнеско әзірленген акт құзыреттілігі стандарттары



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата12.10.2022
өлшемі266,19 Kb.
#42481
1   2   3   4   5   6   7   8
Ұйымдасты
ру және 
басқару 
Бірлескен топтар. Егер оқушылар ұзақ 
уақыт бойы топта жұмыс істейтін 
болса, онда сабақтың ұзақтығы мен 
сыныптың құрылымы өзгеріп тұрады. 
Мұғалімдер қолайлы оқу ортасын 
құра білуі керек. Бұл ортада 
мұғалімдер оқушыларға бағытталған 
жаттығу орындатып, 
ынтымақтастықты қолдау үшін 
технологияларды орынды қолдана 
білуі керек. 
Мұғалімнің 
кәсіби 
дамуы 
Басқару және бағыттау. 
Мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін бұл 
тәсілді енгізу күрделі проблемаларды 
шешу барысында оқушыларды 
бағыттау үшін, сондай-ақ қарқынды 
оқу ортасын басқаруда АКТ-ны 
қолдануға бағытталған.
Мұғалімдерде күрделі жобаларды 
әзірлеп, оларды басқаруға, басқа 
мұғалімдермен ынтымақтасып, 
өзінің кәсіби дамуын жалғастыру 
мақсатында ақпарат алып, 
әріптестері мен сыртқы 
сарапшылармен байланыс орнату 
үшін желіні пайдалануға қажетті 
білімі мен дағдылары болуы тиіс. 
Білімді қалыптастыруға негізделген тәсіл
Саясат және 
ұстаным
Бұл тәсілдің мақсаты – оқуға үнемі қызығушылық танытатын және жаңа 
білімнің қалыптасу артықшылығын, инновацияларды пайдалану 
басымдығын көретін оқушыларды, азаматтарды және жұмыс күшін 
тәрбиелеу арқылы өнімділікті арттыру.
Оқу мақсаты 
Мұғалім дағдылары 


 Саясат
Инновациялық саясат. Бұл тәсіл 
арқылы мұғалімдер мен мектеп 
қызметкерлері білім беру жүйесін 
ұдайы реформалаудың белсенді 
қатысушылары болып табылады. 
Мұғалімдер ұлттық саясаттың негізгі 
бағытын түсініп, осы саясатты жүзеге 
асыруға бағытталған 
бағдарламаларды әзірлеуге, 
орындауға және оларды қайта 
қарастыруға қатыса отырып, білім 
беру реформасының саясатын 
талқылауға өз үлесін қосуға дайын 
болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет