Юнисеф модульдері Пән атауы: «Мейіргер ісіндегі әлеуметтік жұмыс»


Мақсаты  Балалардың құқықтарын қорғау,негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру және олардың дамуына ықпал ету



бет2/4
Дата09.06.2023
өлшемі0,78 Mb.
#100296
1   2   3   4

Мақсаты 

Балалардың құқықтарын қорғау,негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру және олардың дамуына ықпал ету.

Міндеті

Балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ қызметінің негізгі бағыты

1. Әлеуметтік саясат және білімді басқару.

2. Денсаулық және балалар мен жасөспірімдердің дамуы.

3. Балаларды қорғау

Білімді басқару және әлеуметтік саясат

  • Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар
  • Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
  • Тегiн жалпы орта бiлiм немесе техникалық және кәсіптік бiлiм алғанға дейiн баланы мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнен шығару, шығарудың жалпы тәртiбiн сақтаумен қатар тек қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкiн.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға сәйкес арнаулы педагогикалық тәрбиенi қажет ететiн мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекеттiк бюджеттен белгiленген стандарттар деңгейiнде олардың бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша қаражат бөлінеді.
  • Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiнің күтiп-бағу шығынын толық немесе iшiнара көтередi. Олардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк көмектің мөлшерлерi мен көздерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

Денсаулық және балалар мен жасөспірімдердің дамуы.

  • әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар
  • мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.
  • балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру жұмыстары жүргізілуі тиіс
  • балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк қолдалады
  • баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу жұмыстары жүргізілуі тиіс
  • бiлiктi медициналық көмек көрсету
  • баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау
  • балалар үшiн сапасы тиiстi деңгейдегі тағам өнiмдерiнің өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етiледi.
  • Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi.
  • Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп-жетілуіне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет