ЮНИСЕФ бағдарламасына сай патронаждық медбике жұмысының ресурстық модульдері:
1. Модуль: ерте жастағы балалардың шексіз даму уақыты. Бұл модуль баланың іште пайда болған күнінен бастап 3 жасқа дейінгі даму, яғни мидың дамуы, нейробиологиялық дамуы, денсаулығына әсері, оқыту және өмірлік іс қыймылына бағытталған. 2. Модуль: патронаж қызыметкерінің жаңа рөлі. Бұл модуль патронаж медбикесіне рөлі мен міндеттерін түсіндіреді, үйге бару бағдарламасы бойынша адамдармен, отбасымен, қоғаммен және мекемелермен байланыс орнату шеберлігін ұғындырады. 3. Модуль: нәрестені дұрыс тамақтандыру(емізу және тамақтандыру). Қосымша тамақтандырудың баланың денсаулығы мен дамуы үшін маңыздылығын түсіну. 4. Модуль: ата-ана мен бала арасында бауыр басуды дамытамыз. Ана мен жаңа туған нәресте арасындағы қарым-қатынастың қалыптасу үдерісі. 5. Модуль: әкелерді қатыстыру. Әкелер баланың дамуында баланың, анасының және отбасының аман саулығында маңызды рөл атқаратынын түсіну. Әкелердің балаларын тәрбиелеу жұмысына нәресте күнінен бастап белсендірек қатыстыру үрдісі және сол үрдістерге мемлекеттік саясат және қызметтер көрсету жүйесі саласында қолдау көрсетілуі. 6. Модуль: тәрбиелеу өнері: сүй, сөйлес, ойна, оқы. Дұрыс тәрбиелеудің негізгі тұстарын сипаттау. 7. Модуль: ата-аналардың аман саулығы баланың бүкіл өмір бойғы денсаулығының, дамуының және аман саулығының негізі.
Ата-ананың перинаталдық психикалық сырқаты балаға, отбасына, қоғамға қалай әсер ететінін түсіну.
8. Модуль: балаларды тәрбиелеудің кең таралған қиын мәселелері. Ата-аналардың көпшілігі тап болатын бала тәрбиесіне қатысты түйіткілді мәселелерді түсіну. 9. Модуль: үйдегі орта және қауіпсіздік. Балалар өмірінің алғашқы жылдары орын алатын жарақаттардың кең таралған себептерін және қалай алдын алу керек екенін білу. 10. Модуль: патронаж қызыметкерлерінің тіл табысу дағдыларын дамытамыз. Тиімді тілдесуге үйретуді білу. 11. Модуль: стигманы және кемсітуді ескеру бойынша жұмыс жасау. Әділдікті, инклюзияны және саналуандылықты құрметтеуді ілгері бастыру. 12. Модуль: өзгеше дамитын балалар. Кемтар, мүмкіндігі шектелген, мүгедек балалар қоғамның өміріне толық және тең құқылы араласа отырып, өз отбасында және қоғамда өсуге және өркендеуіне қажетті барлық қызыметті алуға толығымен құқылы. 13. Модуль: даму мониторингі және скрининг. Мониторинг, мониторинг құралдары, даму кезеңдері, мерзімді скрининг, дамуды толық бағалау ұғымдарын және өзара айырмашылықтарын түсіну. 14. Модуль: балаға дұрыс қарамау, қиянат жасау, көңіл бөлмеу және тастанды баланы анықтау және бұндай жағдайларға назар аудару. 15. Модуль: мекемелер арасындағы байланыс. 16. Модуль: емханада клиникалық тәжірибеде кездесетін ынтамен тамақтандыру.