6) көп нәрсеге көшіру – өзінің теріс эмоционалды жағдайын жансыз нәрсеге көшіру;
7) бірін-бірі үйрету;
8) тұлғааралық қатынас дағдылары;
9) имитациялық мінез;
10) катарсис.
Т-топтарындағы зерттеулер:
Т-топтарындағы зерттеулер:
- топтық процестерді зерттеу;
- топтық әсерлерді зерттеу.
Әр адамды өз-өзін және өзгелерді танып білуге үйрету кезеңдеру:
1) өзін-өзі басқаларға таныстыру;
2) кері байланыс жасау;
3) эксперимент жүргізу.
6 лекция Арт-терапия. Негізгі ұғымдары және процедуралары.
Арттерапия – (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргізу) адамның психоэмоционалды халіне шығармашылық арқылы әсер ету және емдеу мағынасын білдіреді.
“Арттерапия” – көбіне ағылшын тілді халықтар қоныстанған елдерде кеңінен тараған. Арттерапия өнерге, бірінші орында шығармашылық пен өзіндік өнерін көрсетуге негізделген психотерапияның мамандандырылған бөлімі.