Кратохвил арттерапияны – сублимациялы, проективті және әрекетшіл деп бөлген.
Дельфина – Бейли арттерапияны қолдануда 4 негізгі бағытты бөліп көрсетеді:
енжар арттерапия – дайын өнер туындыларын пациентпен талдау және интерпретация жасау арқылы оның емдік әсерін қолдану.
Белсенді арттерапия – клиенттің өзіндік шығармашылығын ояту арқылы оның емдік әсерін қолдану. Шығармашылық актінің өзі негізінде емдік фактор болып саналады.
Бірінші және екінші қағидаларды бір мезгілде қолдану.
Психотерапевттің өзіндік рөлін, оның клиентпен қосылып істеген шығармашылық жұмысын қабылдау және талдаудағы қарым – қатынасына мән беру.
Арттерапия әдісі – сурет салғанда, өлең жазғанда, скульптура жасағанда, ойланбай істесе де адамның ішкі өзіндік “Менін” көрсетіп отырады деген сенімді тұжырымдайды. Гольштейннің пікірінше, шығармашылық адамның шытырман жағдайдан туындаған қорқыныш сезімдерінен арылдың бірден – бір тиімді жолы. Шығармашыл адамдар өз күш – жігерлерін ішкі және сыртқы қайшылықтарды, сонымен қатар шытырман жағдайларды жеңуге жұмсайды.