$149.Э.Эриксон жеке адам дамуының қанша кезеңін ұсынады A)2
B)8
C)3
D)4
E)5
$150.Кез-келген интеллектуалдық тапсырманы шешу үш компонент: операция, мазмұн, нәтижелерден тұрады деген кім? A)Бине B)Спирмен C)Гильфорд
D)Теплов E)Эриксон
Семинар сабақтарының қысқаша сипаттамасы (семинар сабақтарының жоспары, МОӨЖ, МӨЖ) 1 Тақырып. Қазіргі психологиядағы ғылыми мектептер және теориялар пәні мен міндеттер
Отандық және шетелдік психологиялық мектептер және олардың даму беталыстары. Қазіргі тұлға теорияларына сипаттама. Тұлғаның психологиялық құрылымы.
2 Тақырып Тұлғаның психологиялық сипаттамасы Тұлғаның қажеттіліктер мен мотивтері. Тұлғаның мотивациялық құрылымдары мен мотивациялық қылықтары. Тұлғаның бағыттылығы.
3 Тақырып Тұлғаның дамуы туралы зерттеулер Тұлғаның дамуына ықпал етуші негізгі факторлар туралы түсінік. Адамның табиғатына қатысты негізгі тұрғыларға сипаттама. Жасөспірім және жастық шақтың психологиялық ерекшеліктері. Жасөспірім шақтағы даму заңдылықтары. Жасөспірім шақ кезеңі.. Типтерге жіктеудің соционикалық тұрғылары. Тұлғаның студенттік шақтағы бағыттылығы. Кәсіби жетілудегі акме-деңгей (А.А. Бодалев, А.Н. Деркач).
4 Тақырып Қазіргі тұлға психологиясындағы зерттеу әдістері. Қазіргі тұлға психологиясының зерттеу әдістеріне сипаттама. Бақылау әдісі, анамнез әдісі, корреляциялық әдіс, экспериментті әдіс. Қазіргі тұлға психологиясындағы зерттеу әдістерінің салыстырмалы талдауы.
5 Тақырып Персонология бағытының қалыптасуы мен дамуы Персонологияның
қалыптасуы мен даму тарихына шолу. Персонологтардың теориялық бағыттарының қалыптасуына әсер негізгі тұрғылар. З. Фрейд бойынша мотивтер ықпалының түсіндірілуі. К.Г. Юнгтің аналитикалық психологиясы. Топтық бейсаналылық және архетиптер. Тұлға типологиясы. Тұлғаның неофрейдистік социодинамикалық теориялары. А. Адлердің жеке-дара психологиясы. Өмір сүру мәнері. К. Хорни теориялары. «Басты қауіп» тұлғаның мотивациялық факторы ретінде. Мінез-құлық, жүріс-тұрыс стратегиясы. Е. Фроммның гуманистік психоанализі. А. Маслоудың қажеттіліктер теориясы.