Бекітемін Кафедра меңгерушісі З.А.Мовкебаева ___________________________
(қолы)
«____»___________2014 ж.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН
«Қазіргі психологиядағы ғылыми мектептер және теориялар»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
магистратурадағы 6N050300-психология мамандығы бойынша
2014 ж. Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені
Психология бойынша жоғары білімнен кейінгі білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
« » тамыз 2014 ж. бекітілген Психология мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспары негізінде дайындалды
«Қазіргі психологиядағы ғылыми мектептер және теориялар» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасын п.ғ.к.,доцент,Іргебаева Н.М.дайындады және психология және арнайы білім беру кафедрасының мәжілісінде ұсынылды, «___»_____________2014 ж., хаттама №_________
Бағдарламаны жазған _____________________ Іргебаева Н.М.
(қолы) Кафедра меңгерушісі _____________________ Мовкебаева Б.А.
(қолы) « » 2014ж.
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнының тізімдемесі
№
Құжаттаманың атауы
Беті
Силлабус
4-9
Дәрістер тезистері
9-29
Семинар сабақтарының қысқаша сипаттамасы (семинар сабақтарының жоспары, МОӨЖ, МӨЖ)
23
Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер
Аралық бақылаудың кестесі (семестр аптасы): 7 және 15
П.ғ.к.,қауымдасқан профессор Іргебаева Назиля Мұқатайқызы
Байланыс ақпараты (телефон, e-mail)
8-7029990611 n.irgebaeva@mail.ru
Кафедра меңгерушісі Мовкебаева Б.А.
2. Пәннің қысқаша сипаттамасы. Пәнді оқытудың мақсаты магистранттардыңқазіргі психологиядағы ғылыми мектептер және теориялар туралы түсініктерін дамыту,тұлғаның жан-жақты дамып, қалыптасуы және тұлғаның қажеттіліктері, мотивтері, бағдары турасында психологиялық сипаттама бере отыра түрлі көзқарастардың, мектептердің тұжырымдарын сатылап қарастыру.
Курстың мақсаты:
магистранттардың тұлға ұғымы туралы түсініктерін қалыптастыра отыра, жалпы психология курстарынан алған теориялық білімдері мен іскерліктерін арттыру, жетілдіру.
Курстың міндеттері: Қазіргі психологиядағы ғылыми мектептер және теориялар туралы түсініктерін молайту;
магистранттардың қазіргі заманғы психологиядағы тұлға теориялары туралы түсініктерін қалыптастыру;
Қазіргі психологиядағы ғылыми мектептердің зерттеу бағыттары туралы білімдерін жетілдіру;
Тұлғаны зерттеудегі түрлі теорияларға салыстырмалы талдау жасай білуге машықтандыру;
Өзін-өзі тұлға ретінде дамыту, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі басқару сипаттарын игере білуге дағдыландыру. «Қазіргі психологиядағы ғылыми мектептер және теориялар» пәнін оқыту нәтижесінде магистрант: Қазіргі психологиядағы ғылыми мектептердің зерттеу бағыттарын талдап, қазіргі теориялардың ерекшеліктері мен бір бірімен байланысын ажыратып, алған білімдерін психологиялық теориялардың педагогикалық тәжірибеде қолдануын;
жастардың психологиясын; кәсіби дайындау процесінде білім алушының тұлғалық және интеллектік даму ерекшеліктерін; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде бұл теориялардың алатын орнын пәнінің мазмұнына сәйкес білімдерді меңгеруі керек.
ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ