44
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мангутова Б.Б. Мүмкіндігі шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы.
// Психология,
социология, дефектология, 2009, №4, 23-26 б.
2. Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі,
2011, №7, 60-61 б.
3. Дзюбаева Т.В., Бердалина А.У., Хафизова К.М. Особенности обучения
вклассах ЗПР. // Психология в школе 2010, №5(29) 34-37 б.
4. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектердi
әлеуметтiк қорғау туралы» заңы // Егемен Қазақстан. – 2005. – 21 сәуір.
10-дәріс.Инклюзивті білім берудің маңызы
Жоспар:
1. Инклюзивті білім беру мазмұны
2. Инклюзивті білім берудің маңызы
3. Инклюзивті білім беру мен интеграция
Дәріс тезисі: Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін
мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал.
Атап айтқанда:
–
жалпы
мектептерге
арналған
типтік
оқу
бағдарламалары;
– мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру
бағытындағы оқу бағдарламалары;
– мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала
отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған
мәселе балалардың жеке сұраныстары
мен ерекшеліктеріне ортаның,
отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын
инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай
анықтама береді:
инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде
мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және
әлеуметтік бейімдеуге,
жынысына, шығу тегіне, дініне,
жағдайына қарамай,
балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке
шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына
арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға
бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары
бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда
қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде
балалардың қандай да бір
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға
деген теңдік қатынасты
қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға
арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда
жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-
әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті
дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың
45
мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын
қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту
түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде
қалыптасқан және даму
үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт
арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп,
жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру
жүйесіне
енгізу
арқылы
оқушыларды
адамгершілікке,
ізгілікке,
қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі
балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .
Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықта білім беру саясатындағы
басымдылық саясаты инклюзивті білім беру принципіне незігделеді. Қазіргі
таңда барлық әлемде жеке қажеттіліктерді түзету – педагогикалық қолдау мен
бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік
сұраныстары мен жеке
ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне
толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе инклюзивті
білім беру туралы айтуда. Әлем жұртшылығының назарын аударып отырған
мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның,
отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын
инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге мынадай анықтама береді:
инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде
мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және
әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай,
балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке
шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына
арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға
бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары
бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда
қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты
қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға
арнайы жағдай қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Конституциясы
республика азаматтарына міндетті болып табылатын тегін орта білім алуына
кепілдік береді, бұл басқа жақтарын қоспағанда, оның қол жетімділігі мен
сапасын да көздейді. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы
7 маусымдағы Заңында білім мақсаты қоғам мүшелерінің адамгершілік,
зияткерлік, мәдени және дене дамуының әрі кәсіптік
құзыреттілігінің жоғары
деңгейіне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының білім
беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасында
алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балаларды қолжетімді білім алу жағдайларын
ескеретін оқыту үдерісіне кіріктірудің механизмдері анықталған болатын.
XVIIғ.
швейцариялық математик Я.Бернулли (1654-1705) математика
ғылымында «интеграл» терминін енгізеді. Кейінгі үш жүзжылдықта
интеграциялау термині біртіндеп ғылымның басқа салаларына да ене бастайды:
алдымен философияға, кейінірек психологияға, әлеуметтануға, соңынан
педагогикаға енеді. Педагогикада «
әлеуметтік интеграция» термині ХХ ғ.