47
бастап қазіргі кезге дейін Н.Д.Шматконың басшылығымен зерттеушілер тобы
айналысуда). ХХ ғ. 90-ж. бастап Ресейдің бірқатар білім беру мекемелері
(Мәскеу,
Санкт-Петербург, Новосибирск т.б.)
инклюзивті білім беру
режимінде жұмыс істей бастады . Инклюзивті білім беру немесе «білім
баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу
орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік
береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы
мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13
желтоқсанында
енгізілді. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрлігімен 2013 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасында
мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру деңгейін
жақсарту бойынша «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз»
шарасының
мақсаты – қоғам өмірінің барлық салаларында мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға
жәрдемдесуге, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін
қолдануға қоғамдық назарды аудару болып табылады.
XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ,
Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі
балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру
болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін
қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде
интеграциялаудың өзіндік үлгісі
іске асырылуда, бұл білім беруде
интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде.
Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым
бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған
категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді
көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: