З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



бет1/48
Дата15.12.2023
өлшемі484,69 Kb.
#138762
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева-emirsaba.org


З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева

1
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
З.Ү.АДИЛЬШИНОВА, А.М.СУГУРАЛИЕВА 
ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ 

(дәрістер жинағы) 


Ақтөбе, 2017 

2
З.Ү.Адильшинова, А.М.Сугуралиева. 

Инклюзивті оқыту. (Дәрістер жинағы). Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлекеттік университеті, 2017.- 93 бет.

Бұл дәрістер жинағында мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру


мектептерінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы
әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу. Сондай-ақ жалпы білім беру
мекемелерінде инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби
қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің
құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту туралы мағлұматтар берілген.
Дәрістер жинағы күндізгі және сырттай оқитын студенттерге,
оқытушыларға арналған.


ПІКІР ЖАЗҒАНДАР: 
Жукенова Г.Б. - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 

Мустояпова А.С. - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-ның оқу әдістемелік кеңесінің мәжілісінде
мақұлданып, баспаға ұсынылды. №6 Хаттама 20 маусым 2017 ж.




3
Алғы сөз 



Инклюзивті оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар
балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция
процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту
біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-
мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы
топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы
балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді,
сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар
1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі,
мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.
Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар
балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және
мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан
Республикасының
мүмкіндіктері
шектеулі
балаларды
«Әлеуметтік
және
медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып отыр.
Қазақстанда және де басқа ТМД мемлекеттерінде бұл процестің құқықтық,
ғылыми, оқу-әдістемелік, тәжірибелі мамандармен жетік қамтамасыз етілуі
қарастырылмаған. Сондықтан, барлық балаларды жалпы білім беру процестеріне
толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне,
экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға;
отбасыларын белсенді қатыстыру, баланың дұрыс дамуына педагогикалық және
әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың ғана емес, ортаның балалардың
жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни, жалпы білім беру
сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту курсының мақсаты – мұғалімдерге бала бақшада және
бастауыш кластарда инклюзивтік топтарды құруға көмектесу. Инклюзивтік топтарда
дамуында ауытқушылығы бар үштен-алты жасқа дейінгі балалар қарапайым нормада
дамитын балалармен бірге оқиды. Бұл курс дамуында ауытқушылығы бар балалармен
қалай жұмыс жасау керектігі туралы мұғалімдерге практикалық мәлімет береді және
қарапайым жағдайда педагогикалық процесті ұйымдастыруына, алдын-ала
жоспарланған нәтижеге жетуіне және өз іс-әрекетін басқа педагогикалық процесте
талдауына көмек береді.
Инклюзивтік топтарда дамуында ауытқушылығы бар үштен-алты жасқа дейінгі
балалар қарапайым нормада дамитын балалармен бірге оқиды. Бұл курс дамуында
ауытқушылығы бар балалармен қалай жұмыс жасау керектігі туралы мұғалімдерге
практикалық мәлімет береді және қарапайым жағдайда педагогикалық процесті
ұйымдастыруына, алдын-ала жоспарланған нәтижеге жетуіне және өз іс-әрекетін
басқа педагогикалық процесте талдауына көмек береді.
Курстың міндеттері:
Ақыл-ой дамуы мен физикалық дамуында кемшілігі бар балаларды оқыту мен
тәрбиелеу мәселесі халыққа білім берудің біртұтас мемлекеттік жүйесіне енгізілген.
Қазіргі уақыттағы арнаулы білім берудің жасақталған ғылыми негіздемесі жалпы
білім беретін мектептерге интелектуальды дамуында ақауы бар балаларды
қарапайым балалармен бірге оқыту жүйесін ұйымдастыруды қарастырады.


4



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет