Алматы қаласы
Zaman элиталық қазақ мектебі
Тақырыбы: «Ою-өрнектер әлемі»
Секциясы: Этно мәдениеттану.
Орындаушы: Хайруллина Аружан 3«А»
Жетекшісі: Савет Диана Серікқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
2023 жыл
З аман элиталық қазақ мектебінің
3 «А» сынып оқушысы Хайруллина Аружанның
«Ою-өрнектер әлемі» атты ғылыми зерттеу жұмысына
Пікір
Ғылыми зерттеу жұмысында 3 сынып оқушысы Базарбай Аружан қазақ халқының ою-өрнектерімен танысып, әртүрлі оюдың жасалу жолдарын және көне атауларын зерттеуді мақсат етті.
Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде ою-өрнектің тарихи шығуына шолу жасаған. Екінші , үшінші бөлімінде жалпы ою-өрнектердің мазмұны мен атаулары туралы жазылған. Бүгінгі таңда халқымыздың ою-өрнек өнерін тұрмыста қолдану аясын өзара салыстырып , өзіндік зерттеу жүргізген.
Базарбай Аружанның бұл зерттеу жұмысын ана тілі, еңбекке баулу , бейнелеу өнері , дүниетану сабақтарында , тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Ғылыми жұмысты оқи отырып, оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.
Бастауыш сынып мұғалімі :Ергалиева Акнур Тулкибаевна
Аннотация
Ғ ылыми жобамыздың негізгі мақсаты:
Бүгінгі таңда халқымыздың ою-өрнек өнерін үйреніп, болашақта осы үрдісті үзбей , ата –бабамыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан дәстүрін дәріптеу. Олардың шығу және жасалу жолдарына түсінік беру арқылы халқымыздың рухани өрісі мен дүниетанымын арттыру.
Ғылыми жобамыздың гипотезасы:
Қазақтың ою-өрнектерінің халық өмірі мен мәдениетінде алатын орнын және қайта түлеп, бай мазмұнымен жаңа түр тауып рухани қазынасына айналғанын дәлелдеу.
Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері:
-Кітаптарды, журналдарды, тарихи әдебиеттерді, зерттеулерді оқып,
қазақтың ою-өрнектері туралы материалдар жинау;
-Материалдар жинағын құрастыру;
-Ғылыми жобаны компьютерге теру, басып шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |