З аман элиталық қазақ мектебінің 3 «А» сынып оқушысы Хайруллина Аружанның



бет4/10
Дата18.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#83816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.2. Қазақ ою-өрнегінің тарихы
Қ азақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталып, қазақ жерін мекен
еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал-әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән бір жүйеге келген.
Ою-өрнек (латынша ornament – әсемдеу, сәндеу) – геометриялық және бейнелеу элементтері жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын, әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар (Қазақ энциклопедиясы, А., 1976, 8 т., 627-б).
Күн көрісі төрт түлік мал болған көшпелі қазақтың мал жүнінен иіріп киіз үй жасауларын, киімдерін тоқығаны, ал сүйегінен, мүйізінен және терісін илеп, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарын дайындағаны, осы асыл бұйымдарға қиыннан қиыстырып, алуан түрлі шытырман ою-өрнектерді түсіріп отырғаны тарихтан мәлім. Осыдан туындаған қазақ әйелдерінің тоқу өнері де қаншама тарихи оқиғалар болуына қарамастан, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қала берді. Ою-өрнектерден сол кезеңнің кескін-келбеті елестейді, халықтың салты, әдет-ғұрпы, тіршілігі, дүниеге көзқарасы, тіпті көңіл-күй сезімі айқын көрініп тұрады. Сол үшін де туысқан түрікмен халқы «жайшы алдыма кілеміңді, білейін мен жүрегіңді» деп бекер айтпайды. Мысалы, қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрпы, салты бойынша бөтен жерге, алыс ауылға ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс болған. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай ақ жарғаққа көгершін мен гүл бейнесі кестеленсе немесе «құсмұрын», «құстұмсық» ою-өрнекті түскиіз, басқұр, құстұмсық жүзік сияқты зат келсе, ата-анасы баласының барған жерінде басы бостандықта, құстай ерікті, жағдайы жақсы екенін ұғынатын болған.
Сондай – ақ ою-өрнек элементтері арқылы халықтың арман-мүддесі, дүниетанымы берілетінін мынадан көруге болады. Пазырық қорғанынан

табылған сақ дәуіріндегі кілем үлгісінде Ел, Байлық, Қорғаныс ұғымдары шартты түрде «Таңба», «Марал», «Салт атты сарбаз» бейнесі ретінде берілген. Мұндағы символды ұғымның мегзері – елді, ел мұрасын сақтау. Сондай-ақ, VII-VIII ғасырларда қалыптасқан «қорған өрнекті» кілем үлгісінде «қала», «өзен», «күмбез», «су», «қорған» бейнеленген. Бұл кілемдегі шартты түсініктің тұспалы «кіндіккесті мекеніңді айла-тәсіліңмен қорғай біл».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет