8. Эндокриндік жүйе
Жоғарғы сатыдағыларда организмдерге тэн айтылатын эндо-криндік жүйе
омыртқасыздарда болмайды. Бірақ буынаяқтылардың ерекше бездері
гормондарды синтездейді, ол түлеуге (шаянтектес-терде) эсер етеді, аналық
жұмыртқалардың пісіп жетілуіне жэне диапаузаның ӛтуіне, түлеуге жэне
ересектерінің дамуына (насе-комдарда) жэне басқа қасиеттеріне де эсер етеді.
Омыртқалыларда жетілген эндокриндік жүйе дамыды. Қосме-кенділерде
гипофиз, бүйрекүсті, қалқанша, ұйқы безі жэне жыныс бездері пайда болды.
Сүтқоректілердің эндокринді жүйесі ӛте жетілген, олар ішкі секреция
бездерінің жүйесін құрайды, олардан бӛлінген гормондар мүшелердің
20
химиялық жолмен реттелуіне қатысады
Гипофиз организмнің қасиетіне эсер ететін гормон ғана бӛліп қоймайды, ол
басқа ішкі секреция бездері гормондарының синтездеуіне де эсер етеді. Атап
айтқанда, гипофизарлы гормон - соматропин клеткалардың ӛсу жиілігін,
үлпалардың ӛсуін жэне дамуына жағдай жасайды. Вазопрессин - бүйрек
ӛзекшелерінде судың қайта сіңірілуіне кемектеседі. Сонымен қатар гипофиз
тироксиннің бӛлуін жеделдеттіреді, ол клеткаларда және ұлпалардағы зат
алмасуға кӛмектеседі, ал гипофизарлы гонотропин жыныс гормондарын
белуге қатысады.
Бүйрекүсті бездер бірнеше гор-мондардың синтезіне қатысады, со-лардың
ішінде ең бастылары - кортизол, альдостерон жэне эфинефрин (адреналин).
Кортизол белоктардың, май-лардың жэне комірсулардың алмасуын реттейді,
буаздылыққа (жүктілік) эсер
етеді, альдостерон — натрий жэне калийдің алмасуына, ал эниферин -
бауырдағы гликогеннің ыдырауына эсер етеді және қан қысымын кӛтереді.
Эстроген гормоны - аналық жэне аталық бездердегі холес-теролдан синтез!
түзіліп ми мен басқа мүшелерден келген хабарларга жауап есебінде түзіледі.
Қангатүсісімен олар сүт бездеріне және кебею мүшелеріне тарапады. Себебі
эстроген жасуша жаргақшасындағы липидтерде ериді, ягни олар жарғақша
кедергілерінен ӛтіп ядро құрамындағы белок рецепторымен байланысқа
түседі. Одан соң эстроген + белок рецептор комплекс! гендердің реттегіш
аймагымен байланысады жэне олардың белгілерін геннің белсенділігі немесе
тежеуі арқылы ӛзгертеді. Эстроген + рецептор комплекс! геннің эксп-
рессиясын реттейді, прогестерон үшін белок рецепторын белгілейді. Жоғары
сатыдағы организмдердің эндокриндік жүйе ӛсу жэне дамуын реттеуге жауап
береді. Барлық гормондар организмдердің ішкі байланысының қызметінің
хабарларынажауап бере алатын химиялық қосылыстар болып саналады,
сонысымен ӛзгеріп тұратын физиоло-гиялық жағдайларға клеткалардың
«сезінуіне» жэне жауап беруіне кӛмектеседі. Гормондарды пептидті
(гипоталамустың, гипофиздің барлық гормоны, инсулин жэне глюкагон),
стероидты (бүйрекүсті безінің қыртысты бӛлімінің гормоны, андрогендер
жэне экстрогендер) жэне аминнің гормондары (эпинефрин жэне тиреоидты
гормондар) деп бӛледі.
Жоғары сатыдағы организмдердің эволюция барысында гормон бӛлетін
клеткалармен бездер мен клетка (мүшелер) - нысана араларын-дағы қарым-
қатнасын реттейтін күрделі жүйе қалыптасты. Эндокрин-дік жүйенің басты
даму орталығы гипоталамус болып саналады. Орталық жүйке жүйесінен
түскен хабарға гипоталамус клеткалары гипоталамустың реттегіш
гормондарын бӛледі, олардың ездері гипофизарлы гормондардың бӛлінуін
реттейді. Қанға түскен осылар бүйрекүсті, қалқанша бездеріне жетеді және
олардың эртүрлі гормон бӛлуіне кӛмектеседі, олар да қанға түскен соң
гормондардың рецепторлары арқылы нысана клеткалардың сыртқы бетіндегі
жэне ұлпалардың гормондарына жеткізіледі. Клеткалардың ішінде клетка
аралық хабар беретін дәнекелер болады, олар клетканың (үлпаның)
гормонының рецепторы арқылы арнайы клетканың қүрылысы немесе қайбір
21
ферменті туралы хабар береді.
9. Көбею жүйесі
Қарапайымдарда - арнайы кӛбею жүйесі бодмайды. Губкада жэне
ішекқуыстыларда да мұндай жүйе болмайды. Олардың жыныс клеткалары
денесі арқылы сыртқа шығарылады. Ей алғашқы кӛбею жүйесі жыныс
бездері мен жыныс клеткалары сыртқа шығатын ӛзектері жалпақ құрттарда
пайда болды. Гермофродитизм болғанына қарамастан, жалпақ құрттарда
аталықтарының тұдым жолы жэне жыныс клеткаларын сыртқа шығаратын
тұқым ціашкыш ӛзектер, сонымен бірге аналықтарында жұмыртқа жолы,
жатыр мен қынап қалыптасты. Жыныс клеткалары аталық бездер мен алалық
бездерінде дамиды.
Жұмыр құрттарда дара жыныстылық пайда болған. Олар да іштей ұрықтану
үшін шағылысу қалтасы бар.
Хордалыларда кӛбею жүйесі прогрессивті түрде күрделене түсіп, арнайы
аналық жэне аталық бездер дамыды, ол іштей ұрықтануға бейімделу
багытында жүрді. Ланцетниктің желбезек маңындағы саңылауларының
қабырғаларында кӛптеген жыныс бездері (26 жұп) болады. Бүл бездерде
жыныс клеткаларын сыртқа алып шығатын ӛзектері болмайды. Сондықтан
клеткалар қабырғаны жарып, желбезек саңылауларына түседі, одан кейін
артриопор тесігі аркылы сыртқа шығарылады. Жұмыр құрттарда сыңар
жыныс безі паійда болады, бірақ оның ӛзегі болмайды. Пісіп жетілген ұрық
дене қуысында болады, ол жерден жыныс тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Балықтар жыныс бездерінің кӛп болуымеи ерекшеленеді. Аналық безі кӛбіне
сыңар, ал аталық безі жұп болады. Балықтардың жыныс бездерінің ӛзектері
бүйректің несепағарларыімен байланысты. Жұмыртқа клеткаларының суда
ұрықтануының, қиын болуына байланысты, жыныс клеткалары (уылдырық
жѐне сүттің) кӛп мӛлшерде бӛлінуі арқылы жүзеге асады.
Қосмекенділерде жыныс бездері аталықтары (тұқым) мен аналықтарында
(жұмыртқа) жұп - болады. Амфибияілар (қүйрықсыз-дарында) элі де болса
сырттай ұрықтанады, құйрьіқтылар іштей ұрықтанады. Олардың дамуы
метаморфозды, яғни ш<збақтары күрделі ӛзгеріске ұшырап барып
ересектерге айналады. І
Бауырымен жоргалаушыларда аналық және: аталық жыныс бездерінің
қүрылысы қосмекенділермен ұқсас, бірақ (бұлардың оң жақ аналық безі
жақсы дамыған. Қолтырауындар кӛптеп жұмыртқа салады, бірақ олар ұсақ
болады.
Құстардың да кӛбеюі асиммитриялы, бірақ сол жақ аналық безі жақсы
дамыған. Жұмыртқа жолы ӛте үлкен, ол алдыңғы және артқы бӛлімдерге
бӛлінген. Жұмыртқа салар кезінде аналық безі үлкен болады. Жұмыртқа
салып болған соң қайта кішірейеді. Жұмыртқалары салыстырмалы түрде
үлкен болады.
Ӛте жоғарғы деңгейде кӛбею жүйесінің күрделенуі сүтқоректілерге тэн, олар
тек іштей үрықтанады. Оларда шағылысатын мүшелер дамиды, шарананың
анасының денесінде дамуына бейім-деледі. Қосалқы жыныс бездері дамиды.
22
Осы кластагы организмдерде күрделі жыныстық мінез-құлық тэн.
Әсіресе, бүларда аталық жыныс клеткаларының жетілуінің ӛзіндік
ерекшеліктері бар. Кептеген омыртқасыздардың жыныс клеткаларының
құрылымы қүрамдас, ол қарапайымдардың бір клеткалық жэне кӛп
клеткалық соматикалық клеткалары тэн. Соның ішінде, акросома -
лизосоманың алғашқысы. Центриолдар, митохонд-риялар жэне талшығы бар
аксондар болады. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдерде, іштей
үрықтану пайда болған соң сперматозоидтардьщ құрылысы үзынша пішінді,
ал оның құйрығында қосымша цито қаңқалы элементі пайда болады. Жоғары
сатыдағы құрлық организмдерінің жұмыртқа қабығының құрылысынына
байланысыты, эртүрлі пішінді қозғалғыш сперматозоидтар мен акросомдар
пайда болады.
Талдауға арналған сұрақтар
1. Органимдердің эволюциясында мүшелер жүйелерінің эволюциясы қандай
орын алады және оның білудің қажеті бар ма?
2. Тері жабынының эволюциясының негізгі белгілерін айтыңыз.
3.
Біліктілік қаңқаньщ эволюциясы қалай жүрді, осы қаңқаның
эволюциясының мәні неде?
4. Асқорыту жүйесінің эволюциясы қай бағытта жүрді?
5. Ас қорыту жэне тыныс алу жүйелерінің эволюциясы бір-бірімен қалай
байланысқан?
6. Омыртқалы жануарлардың эртүрлі кластарының тыныс алу жүйесінің
даму ерекшеліктерін айтыңыз.
7. Ыдырау ӛнімдерін шығару жүйесінің эволюциясы қай бағытга жүрді?
8. Қүрлықтагы омыртқалардың эволюция барысында қанайналым жүйесінің
күрделенуі немен байланысты болды?
9. Жүйке жүйесінің эволюциясы қай бағытта жүрді?
10. Кӛбею жүйесінің эволюциясы туралы не білесіз? Осы эволюцияға жыныс
клеткаларының қатысты бар ма?
11. Адам мүшелерінің жүйелерінде қазіргі кезде эволюция жалғасуда ма?
Жалғасса, онда қандай мүшелер жүйесі эволюцияға ұшырауда?
23
Әдебиеттер
Яблоков А. В., Юсуфов А. Г. Эволюционное учение. М.: Высшая школа.
1989. 335 стр.
Достарыңызбен бөлісу: |