З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет18/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
 
 Зар 
заман ақындарының кейбірінікі дін, кейбірінікі таза адамшылдық, тағы бірінікі 
шала күйде айтатын оқу өнер. Бұлардың сөз қылған жайлары басқа-басқа 
сияқты болып, атаған елдері әр түрлі болғанымен, барлығының басын қосқан 
ортақ жері бар. Ол ортақ жері: заман көлінің қайсысынан туатын өкініш, зар 
өткендей ойлап, күрсініп, сағынып, қазірден қажып, торығу, алдыңғыдан 
шошып, қорқу, сондықтан ыңыранып, зарығу, жылауына зорлау. Зар заманның 
пісіп жеткен кезіндегі толық шыны осы. 
Соңғы заман өлеңдеріне зар заман деген атау қойдық. Бұл атаудың иесі 
Шортанбай ақын «Зар заман» деген өлеңінде өзі көріп тұрған қазақ өмірінің 
барлық суретін айтады. 
Сол суреттер бойынша Шортанбай өмір сүрген заманның хал-жайы қалай 
пішінделеді, соны көрелік.
Шортанбай әуелі бұрыннан көп айтылып келе жатқан «Заманға» қай заман 
екенін атап, ат қояды. 
«Мынау ақыр заманда 
Алуан, алуан жан шықты, 
Арам, араз хан шықты, 
Қайыры жоқ бай шықты, 
Сауып ішер сүті жоқ, 
Мініп көрер күші жоқ, 
Ақша деген мал шықты»...
Баяғыдан құбылып, бұзылып келе жатқан заман, өзге заман екен. 
Сондықтан «ақша деген мал шығып, қайыры жоқ бай шыққаны» ақыр 
заманның белгісі. Заманның осы сияқты жаман белгісі «зар заманның» ішінде 
көп айтылады. Ел өмірінде бұрынғыдан өзгерген жаңалық, жаттық болса, 
барлығы да оңар заман нысанасы еді. Зар заман ақындарының ішінде қауым 
тіршілігіне, әлеуметтің қайғысын дін бояуымен бояп айтқан – Шортанбай.
 
?! 
1) Зар заман ақын толғауларының негізгі сарынын атаңыз? 
2) Мұрын жырауға Мұрат ақын қандай батырлық жырларды үйреткен? 
3) Алмажан Азаматқызының «Жетім қыз» дастанындағы кейіпкерлерді атаңыз? 
4) Шортанбай толғауларында қандай теңеулер кездеседі? 
5)Шортанбайдың араб әрпімен жазылған дастандарын атаңыз? 
6) С.Мұқанов еңбегінде Шортанбайдың қандай үш зарын атап көрсетеді? 


44 
7) Қ.Өмірәлиев Дулат өлеңдерін қандай үш түрге бөледі? 
8) Дулат Бабатайұлының дастандарын атаңыз? 
9) Мұрат ақын туындыларының жанрларын атаңыз? 
10) Мұрат ақынның болыстық билікке наразылық ниетіндегі туындылары 
атаңыз? 
11) Мұрат ақынның әсемдік әлемін танытатын туындыларын атаңыз? 
12) Мұрат ақынның өмір, тіршілік туралы толғауларын атаңыз? 
13) Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» дастанында қандай жер атаулары 
аталады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет