З. ҚҰламанова т. ЖаңАҚҰлов б. Момышұлы шығармашылығындағы топонимикалық атаулар


«Москва үшін шайқас» шығармасындағы орыс



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата16.02.2017
өлшемі5,15 Mb.
#4238
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

«Москва үшін шайқас» шығармасындағы орыс 
микротопонимдерінің тарихи-лингвистикалық сипаты
Б. Момышұлының «Москва үшін шайқас» повесіндегі топоним-
дердің тарихи-лингвистикалық сипатына тоқталсақ, соның ішінде – 
Волоколамск топониміне. 
Батальон  түгел  күйінде,  жауынгерлік  қалыпта  деңіз.  Жойылып 
кетпепті,  жау  қолына  түспепті,  артиллериясы  да,  көлік,  арба-сай-

288
289
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
мандары  да  түгел,  ұйымдасқан  түрде  Волоколамскіге  келіп  жетті 
деңіз (2 т., 14-б.).
Соғыс  жобасы  бойынша,  Волоколамск  аймағына  мықты  бекініс 
дайындау  мақсатымен  осы  жерде  жаумен  неғұрлым  көбірек  соғы-
сып, уақытты ұту керек еді (2 т., 31-б.). 
Бəрінің бет алысы Волоколамск... (2 т., 61-б.).
– Демек, Волоколамскіні жау алыпты ғой (2 т., 66-б.).
Сағат  азанғы  онда  алыстан  самолеттер  тобы  көрініп,  Волоко-
ламскінің  бізден  арғы  шетінен  артиллерия  атыс  дабылы  сарындай 
гүрілдеді (Б.М., 2 т. 76-б.).
Волоколамск ауданында 269 елді мекен бар: 1 қала, 1 жұмысшы 
посёлок, 9 посёлок, 18 село, 239 деревня мен 1 хутор.
Ауданның  əкімшілік  орталығы – Волоколамск  қаласы  Тимково 
деревнясының шығысынан 3 км қашықтықта орналасқан.
Аудандағы ең ірі елді мекендерге: Волоколамск қаласы; Сычёво 
қала типтес посёлкісі; Осташёв, Теряево, Ярополец, Болычево село-
сы; Нелидово, Макариха, Клишино деревнясы жатады.
Волоколамск  шоссесі – алғаш  рет 1135 ж.  Лаврентьев  жазба-
сында  Волок  на  Ламе  атауымен  кездеседі.  Волоколамск  Москва 
облысының ең ежелгі қаласы болып табылады. Оның жасы Москва 
жасынан 12 жылға  артық.  ХVІІІ  ғасырға  дейін  Волоком  Ламский 
деп те аталады, кейде Волок делінеді.
Волок  Ламский  Новгородтан  Рязан  жəне  Москва  аймақтарына 
апаратын  жолында  орналасқан  маңызды  сауда  орталығына  айнал-
ды.  Лама  өзені – бұл  Еділге  үстіңгі  жағынан  қосылатын  Шоши-
дің  сағасы.  Ал  Волошня  өзені  Москва  өзеніне  құйылатын  Руза 
өзені  салаларының  бірі,  Москва  өзені  Окидің  саласы  болып  табы-
лады.
Волоколамск  топонимінің  семантикасы  новгородтықтар  жүр-
ген  сүйретпе  жерден  шығады,  олар  кемелерді  Ламадан  Волошняға 
өткізіп жүрді.
1941  жылдың 27 қазаны  мен 20 желтоқсан  аралығында  Воло-
коламск қаласы герман əскерлерінің оккупациясында қалды. Неміс-
фашист оккупациясынан қаланы совет солдаттары қорғап қалады. 
2010  ж. 25 наурыз  күні  Волоколамскіге  Ресей  Федерациясның 
«Соғыс даңқының Қаласы» құрметті атағы берілді.
Полк  командирі  полковник  Капров  «Болычево»  совхозының 
аймағына  табан  тіресе  шегініп,  жолындағы  Игнатово,  Федосино, 
Княжево жəне басқа деревняларда айбындаса арпалысудың əуресін-
де жүріп, капитан Лысенкоға дер кезінде демеу бола алмапты, шы-
нын айтқанда да көмек беруге мүмкіншілігі де жоқ екен (2 т., 28-б.).
Болычево – Москва  облысының  Волоколомск  ауданындағы  де-
ревня.  Облыстың  батыс  бөлігінде  Волоколомсктан 33 км  оңтүстік-
батысына  қарай  жəне  Можайскіден 34 км  солтүстік-батысында 
орналасқан.  Ауыл  Искона  өзеніне  жақын  орналасқан. 2005 жыл 
бойынша 1159 тұрғыны бар. 
Буйгород – Москва  облысының  Волоколомск  ауданындағы  де-
ревня.  Кашинский  ауылдық  орталығына  жатады. 2005 жылғы  мəлі-
мет  бойынша  ауылда 19 адам  тұрған.  Буйгород  ауылы  шамамен 
Волоколамскінің  солтүстік-шығысынан 10 км  жерде  Клин-Лото-
шино  жолының  жанында  орналасқан.  Ауылдан  Буйгород  жылғасы 
бастау  алады.  Қазіргі  ауыл  бұрынғы  Буйгород  қаласының  жерінде 
орналасқан.  Ол  алғаш  рет 1497 жылы  аталады.  Қала  өз  атауын 
орналасқан  жеріне  байланысты  алған. «Буй»  ескі  ежелгі  орыс  тілі 
бойынша  ашық,  биік  жер  деген  мағына  береді.  Содан  Буйгород – 
биік  жерде  орналасқан  қала. 1929 жылға  дейін  Буйгород  Москва 
губерниясындағы Волоколомск уезінің орталығы болған. 1890 жыл-
ғы мəлімет бойынша ауылда 314 адам тұрса, 1926 жылғы бүкілодақ-
тық санақтың мəліметі бойынша 769 адам тұрған.
Осташово. Аудан орталығы Осташовода жауға қарсы тұрар бе-
кініс ордасын құр.
Осташовода Руза өзеніне салынған көпір бар еді (2 т., 23-б.).
... Міне, Осташовоның кіре берісіндегі көпір... (2 т., 24-б.).
Бұлар  Осташово  көпірінен  қарқынмен  тоқтамай  өтіп,  сонымен 
негізгі  күштеріне  Руза  өзенінен  жол  ашып  бермек  болған  немістің 
алдыңғы барлаушы отрядтары... 
Ол,  Осташовоның  шетіндегі  кірпіш  үйдің  тасасында,  бақылау 
пунктінде тұр (Б.М.,2 т. 25).
Осташево – Москва  облысының  Волоколамск  ауданындағы 
село,  Осташевское  селолық  мекенінің  əкімшілік  орталығы.  Воло-
коламскіден  оңтүстікке  қарай 20 километрде,  Руз  өзенінде  орна-
ласқан. 1910-20 жылдары  Осташев  болысының  орталығы, 1939-
57  жылдары  Осташев  ауданының  орталығы  болды.  Селода  құры-
лыс материалдары зауыты жұмыс істейді. Сонымен қатар, ХVІІІ ға-
сырдың  соңы – ХХ  ғасырдың  басына  жататын  Н.  Муравьев  сая-
жайы сақталған.
Қарбаласқан  немістер  тізбегі...  Бəрі  де  дəл  Остошоводағы-
дай (2 т., 109-б.).
Руза  топонимі.  Генералдың  ойы  бойынша,  егер  біздің  бөлім-
шелер шегініп келе жатып осы аймаққа, Руза өзенінің бойына табан 
тіреуге  шамасы  келмей  тұрақтай  алмаса,  мына  үлкен  даңғыл  жол-
ды  кесе-көлденең  күні  бұрын  дайындалып  қойған  қорғаныс  орда 

290
291
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
үйін  жəне  өзен  жағасындағы  тың  күші  бар  гарнизон  жаудың  ал-
дын белгілі уақытқа дейін бөгеп, шегініп келе жатқан бөлімшелері-
міздің  топтанып  есін  жиып,  күш  біріктіріп,  топтанып  жаңа  шепке 
бекініп  алып,  жаудың  алдына  қайта  бөгет  болуына  мүмкіндік  бе-
руге тиісті екен (2 т., 23-б.).
Бұл аймақтағы Руза өзенінен өтетін жалғыз өткел – көпір Оста-
шовода  ғана  болғандықтан  жау  оны  оңайлықпен  не  басып,  не 
орағыта айнала өте алмас (2 т., 24-б.).
–  Мен 1938 жылдан  бері  генералмын, – деді  Панфилов  дау-
сын  көтеріңкіреп. – Одан  елге  не  пайда,  Илья  Васильевич?  Руза-
дан  шегіндік.  Волоколамскіні  жауға  беріп,  ал,  сіздің  сол  жақ  қа-
наттағы  күшіңіз – яғни  сіз  өзіңіз  бүгін  жауға  станцияны  берді-
ңіз (2 т., 107-б.).
Ру́за – Москва  облысындағы  қала,  Рузск  ауданының  əкімшілік 
орталығы; «Қалалық  мекен  Руза»  муниципиалды  құрылымды  жал-
ғыз  елді  мекен.  Руза  өзенінде  орналасқан,  батыстан  Москваға 110 
км  жəне  солтүстік-батысқа  Тучково  теміржол  станциясынан 22 км 
қашықтықта орналасқан. Қала XIV ғасырдан белгілі.
Софатова. 
Мен  генералға  совхоз  поселкесі  жанындағы  тоғайда  болған 
соғысты,  Софатовадан  келе  жатқан  артиллериялы  неміс  колонна-
сына  төрт  зеңбіректен  оқ  бората  тиіскенімізді  түгел  айтып  бер-
дім (Б.М., 2 т.).
Генерал  маған  түрлі  түсті  қалам  ұсынып,  картадан  Софато-
ваны сұқ қолымен шұқып көрсетіп:
–  Жаңағы  айтқандарыңыздың  бəрін  картаға  сызып  түсіріңіз, – 
деп бұйырды (Б.М., 2 т.). 
Софатово  Москва облысының Волоколамск ауданындағы шағын 
деревня. 
Рюховское.
Волоколамск  алқымындағы  бағытқа  тірелетін  Рюховское  мен 
Спасс-Рюховское  түйініне  бас  командование  аса  зор  мəн  беріп,  зор 
көңіл бөледі (2 т., 31-б.).
–  Егер  біз  Рюховскоеде  радиомен  байланыса  алсақ  қой,  жауды 
ең жоқ дегенде екі күн əурелер едік (2 т., 33-б.).
Рюховское – Москва  облысы  Волоколамск  ауданындағы  село. 
Спасск  ауылдық  мекеніне  кіреді. 2005 жылғы  мəліметтер  бойынша 
селода 89 адам  тұрған.  Рюховское  селосы  автокөлік  жолында  Во-
локоламсктен оңтүстікке шамамен 4 километр қашықтықта орналас-
қан.  Жақын  орналасқан  елді  мекендері – Пагубино,  Иевлево,  хутор 
Дроздова жəне Спасс селосы.
Рабочий поселок фабрики имени Ленина.
Біз тұрған қыстақ «Рабочий поселок фабрики имени Ленина» деп 
аталады екен, ал біз отырған үй «Племхоздың» үйі екен (2 т., 43-б.).
Шешім таба алмай уайым басып қысылғанның салдары болу ке-
рек, біраз тұрып қасымдағы Степановқа:
– Біз қай жерде тұрмыз? – деппін.
– Рабочий поселок фабрики им. Ленина, дом племхоза (2 т., 45-б.).
Рабочий  поселок  фабрики  имени  Ленина – Ульяновск  облысы 
Барышск  ауданындағы  қала  типті  кент.  Ленинск  қалалық  мекенінің 
орталығы.  Тұрғын  саны 2515 адам (2010). Барыш  өзенінің  оң  жақ 
жағалауында 1848 жылы  ірі  жер  иесі  А.А.  Протопоповтың,  Румя-
невск  шұға  фабрикасына  негізделіп  құрылды.  Қала  типті  статусын 
1938 жылы алды.
Лама топонимі. 
Карта  бетінде  жасыл  жіптей  иреңдеген  жіңішке  сызықтың  ас-
тына  р.  Лама  (Лама  өзені)  деп  жазылғанын  шығардың  алдында 
оқығанмын.
Лама бұрқылдай қайнап толқып ағады (2 т., 48-б.).
Алланың  айтуы  бойынша:  Попов  өз  ротасымен  Ламадан  өту, 
езіліп  жатқан  айдаулы  егістің  орны  батпаққа  малшыланып  жүру 
азаптарын бастан өткізіп Тимковоға жақындағанда дұшпанның тос-
қауыл тобына кез болыпты (2 т., 51-б.). 
Лама  топониміне  талдау  жасасақ,  Лама  сөзінің  семантикалық 
мағынасы көп. Тілімізде Лама сөзі: 1.Дін жəне мифологияға қатыс-
ты – үш атау: Лама (Буддизм), Далай-лама, лама немесе Ламмасу;
2. Биология ғылымына қатысты – үш атау;
3. Географияға қатысты – жеті атау;
4. Техника ғылымына қатысты – екі атау;
5. Музыка ғылымына қатысты – үш атау бар. 
Лама – Москва  жəне  Тверь  облыстарындағы  өзен.  Лама  өзені 
Волоколамск  ауданы  Себенки  деревнясы  маңындағы  батпақтан 
ағып шығып, Шошуға оның сағасы маңында, Иваньков су қоймасы-
ның оңтүстік-батыс бөлігінде құяды.
Балтық  түбінен  шыққан  өзен  атауы lama термині  арқылы  пайда 
болған,  оның  қазіргі  латыш  тілінде  бірқатар  мағынасы  бар,  арасы-
нан  «тар  ұзын  жазық»  жəне  «кішкене  тоған,  шалшық»  мағыналары 
оның  түсіндірілуі  үшін  қызығушылық  тударады.  Бұл  жайт  lama 
термині  б.э.  І  мыңжылдығында  қазіргі  Москва  маңын  мекендеген 
балттар  тілінде  тек  «тар  ұзын  жазық»  дегенді  ғана  емес,  онымен 
ағатын өзен ұғымын да берді.
Ал  шығармада  кездесетін  Лама  ойконимі  осы  Лама  өзенінің 
атауына байланысты қойылған болуы ықтимал. 

292
293
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
Тимково топонимі.
Тимковоға қарай азимут бойынша жолға түселік (2 т., 44-б.).
Компасымды алып, оның жылтыр дірілдеген ұшына қарап Тимко-
во тарапын анықтап көрсем, əлгі қос із солай қарай қатар жатыр екен.
Жиенішбаевтың ізімен Тимковоға қарай тарттым (2 т., 49-б.).
Немістер Тимковода екені күмəнсіз. Ал, Попов қайда?
«...Октябрьдің 27-нен 28-не  қараған  түнде  Тимковоның  тарапын-
дағы ұрыста батальонның қимылы сəтсіздікке ұшырады (2 т., 50-б.).
Тимково – Москва облысы Волоколамск ауданындағы қала. Во-
локоламск  қалалық  мекеніне  жатады. 2006 ж.  муниципиалды  ре-
формаға дейін Волоколамск ауылдық округіне тиесілі болды.
Тимково  ауылы  Лама  өзенінің  сол  жағасында,  Селесня  сағасы-
нан  төменірек  (Иваньков  су  қоймасының  бассейні),  Волоколамск 
қаласының  орталығынан  батысқа  қарай 4 км  қашықтықта  орналас-
қан.  Ауылдан  батысқа  қарай 1 километр  қашықтықта  «Балтия»  фе-
дералды  автожолы  өтеді.  Жақын  елді  мекендері  Ивановское  ауылы 
мен Хворостино деревнясы.
Истра  қаласы.  Бұл  айқын  мəселе,  меніңше,  салмағын  Волоко-
ламск даңғыл жол бойына салып, бір жұлқынғанда Истра қаласына 
шығу,  жалпы  беталысы  Москваның  батыс  қабырғасы  болуы  керек. 
Жаратып  жинаған  күштеріне  қарағанда  оның  ойы  екпінді  қарқы-
нын Москваға жетіп, бір-ақ баспақ-ау деймін (2 т., 91-б.). 
Олардың  мақсаты  жан-жақтағы  жауға  көңіл  бөлмей,  майданды 
қақ  жарып  өтіп,  тікеден-тіке  Истраға  барып  шегінген  жау  топтары-
ның алдында тосқауыл болып тұру екен (2 т., 249-б.).
И́стра  қаласы 1781 жылдан  Россия  құрамында,  бұрын  Воскре-
сенск деп, кейіннен Истра деп аталған.
Истра өзені. Истра өзенінің бойы, көл жағасы. Истра қаласының 
іргесі, одан соң оңтүстікке қарай көлбеп жатқан жер беті ойлы-қыр-
лы,  шошақ  төбелі,  белес-белес  жонды,  қырқалы  келеді.  Мықты 
бекіністер  жасап,  қорғануға  жер  жағдайы  өте  ыңғайлы-ақ.  Коман-
дованиенің  ойы:  Истра  бойында  жауды  тоқтатып,  алдына  көп  уа-
қытқа  дейін  бөгет  жасап,  ілгері  бастырмау  еді.  Бірақ  іс  ой  үстінен 
шық-қан жоқ, күтпеген жерден насырға айналды. Жау Истраны оп-
оңай-ақ басып алды (2 т., 215-б.).
Ченцы.  Картаға  оңнан  солға  қарай  салынған  əртүрлі  нақысқа 
қарасам:  Строково,  Ченцы,  Мыканино,  Ядрово,  Дубосеково  тағы 
бірнеше қыстақтардың батыс жағынан орманды тірей қызыл қалам-
мен  сызылған  біздің  бекініс  жөні  басқұрдай  тоқылып  көрсетілген 
екен.  Карта  бойынша  он  шақты  шақырымнан  кейін  өзіміздің  полк-
тардың  тұрған  жерін  көріп,  барлығының  артында  Горюны,  Ма-
тренино  қыстақтары  мен 151,0 нысаналы  төбені  басып  əкететін 
жол  айқастарын  қоршап  сызған  генералдың  қаламының  ізіне  көзім 
түсіп, ентелеп үңіле бастадым: «Момышұлының батальоны» деп жа-
зыпты (2 т., 90-б.).
Бүгін  неміс  күні  бойы  Ядровоны,  Мыканино  мен  Ченцыны  ар-
тиллериямен  де,  авиациямен  де  үсті-үстіне  соққылап,  əйтеуір  тас 
жолға шығуға тыпыршып, тынбай жан таласуда (2 т., 108-б.).
Ченцы – Москва облысы Волоколамск ауданындағы қала.
2006  ж.  муниципиалды  реформасынан  кейін  Волоколамск  қа-
лалық мекеніне жатады, Ченец ауылдық округының орталығы.
Ченцы  деревнясы  Волоколамск  қаласы  орталығынан  шығысқа 
қарай 4 км  қашықтықта  орналасқан.  Деревнядан  оңтүстікке  қарай 
бір  жарым  км  қашықтықта  Волоколамск  тас  жолы  өтеді.  Ең  жа-
қын елді мекендерге Горки мен Авдотьино жатады.
1929  жылдан  бастап  Москва  облысы  Волоколамск  ауданы  құ-
рамындағы елді мекен болып табылады.
Матринино  топонимі.  Айта  берсең,  Матринино,  Горюны  хал-
дері нашар болса сенен 30-40 адам алуым да мүмкін (2 т., 97-б.).
Жолда,  Матренинода  бірінші  ротаның  командирі  Филимонов-
пен  жолығып,  біраз  кідіріп  даңғыл  жол  бойындағы  Горюны  қыста-
ғына қас қарайғанда жетіп, аттан түстім (2 т., 97-б.).
Матренино,  Ядрово – Москва  облысы  Волоколамск  аудынын-
дағы  деревня.  Чисменск  ауылдық  округіне  кіреді, 2006 жылғы 
муниципиалдық  реформасына  дейін  Анинск  ауылдық  округіне  қа-
расты болған.
Матренино  деревнясы  Новориж  тас  жолы  маңында  Волоко-
ламск  қаласының  орталығынан  оңтүстік-шығысқа  қарай 12 км  қа-
шықтықта  орналасқан.  Аймақта 4 бақша  серіктестігі  тіркелген.  Де-
ревнядан солтүстік-батысқа қарай 2,5 км қашықтықта Москва темір 
жолының Матренино-Рижск бағытындағы платформа орналасқан.
Дубосеково топонимі. 
Соғыс  ойраны  сағат  сайын  өршіп,  дабыл  үстіне  дабыл  қаққан-
дай  күңіреніп,  орман  үстінен  будақ-будақ  қара  түтін  көрінеді:  ар-
палыс  айқас  Ядрово  мен  Дубосековоның  маңайында  болып  жа-
тыр (2 т., 102-б.).
Дубосековоның  солтүстік  шетінде  екі  дивизионның  оғын  қо-
сарлап тез атыңдар (2 т., 106-б.).
Дубосеково – Москва  облысы  Волоколамск  ауданындағы  стан-
цияға  қарасты  шағын  поселок.  Чисменское  ауылдық  мекеніне  кі-
реді, 2006 жылғы муниципиалды реформасына дейін Жданов ауыл-
дық округіне жатты. 

294
295
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
Аттас  Дубосеково  айрылма  жолының  (разъезд)  маңында,  Во-
локоламск  қаласынан  оңтүстік-шығысқа  қарай 9 км  қашықтықта 
орналасқан. Оның маңайында 1941 ж. 16 қарашада кеңестік 316 ат-
қыштар  дивизиясы  мен  неміс-фашист 11 танк  дивизиясы  арасында 
шайқас болды. Бұл 28 батыр панфиловшылар туралы кеңестік ресми 
аңыз нұсқасының бастауына əсер етті.
Мыканино.
Мыканино  деревнясына  баратын  жолмен  он  жеті  жауынгер  жү-
ріп келеді (2 т., 104-б.).
Олар  Мыканино  деревнясының  түбіндегі  бекініске  келіп  орна-
ласты (2 т., 105-б.).
Мыканино – Москва  облысы  Волоколамск  ауданындағы  де-
ревня.  Чисменское  ауылдық  мекеніне  кіреді, 2006 жылғы  муници-
пиалды роформаға дейін Анинск ауылдық округінде болды.
Мыканино  деревнясы  Волоколамск  қаласының  орталығынан 
бастап  шығысқа  қарай 6 км  қашықтықта  орналасқан.  Деревняның 
оңтүстігінде  Волоколамск  тас  жолы  өтеді.  Жақын  елді  мекендері – 
Ядрово мен Рождествено деревнялары.
1929  жылдан  бастап  Москва  облысы  Волоколамск  ауданы  құ-
рамындағы елді мекен.
Горюны топонимі. 
Бұл  Волоколамск  тас  жолының  екі  жағасына  орналасқан  кіші-
гірім  деревня,  жиырма  бес  шақты  үйі  бар.  Үйлері  кəдімгі  Рос-
сия  деревняларына  тəн  шыбық  шарбақты  ағаш  үйлер.  Егер  майдан 
жаққа  бетіңді  бұрып,  картаға  қарап  тұрсаң,  карта  бетінде  кішкене 
өрмекшідей болып тырбиып жатқан Горюныны көресің (2 т., 115-б.).
Біздің  батальонның  басты  тірегі  мен  штабы  осы  Горюны-
да (2 т., 116-б.).
Горюны – орыс  халқының  шағын  субэтносы,  Сумск  облысы-
ның  орталық  бөлігінде,  əсіресе,  Бурынск  жəне  Путивльск  аудан-
дарының орталық бөлігінде тұрады. Горюндардың орыс говоры бе-
лорусс  пен  украин  тілдеріне  жақын.  Горюндар  Сум  Полесьенің  ав-
тохтонды тұрғындары болып табылады.
Ядрово.
Сергей  Иванович  екеуміз  бірсыпыра  тығыз  жұмыстарды  ретте-
дік: оның бір бақылаушысын біздің бір офицермен бірге полковник 
Капровқа,  басқа  біреуін  Ядрово  аймағына,  менің  полк  командирім 
майор Елинге жібердік (2 т., 125-б.).
Көптен  күткен  шылдыр  кенет  соқты,  телефонист  маған  труб-
каны алып берді:
–  Елин  Ядроводан  кетті, – деді  генерал, – ал,  Возмищеден  ко-
лонна  созылып  келе  жатыр,  сол  екі  пунктқа  да  дивизионнан  екі 
дүркін оқ атылсын! – деп бұйырды (2 т., 128-б.).
Ядрово – Москва  облысы  Волоколамск  ауданындағы  деревня. 
Чисменск  ауылдық  округіне  кіреді, 2006 жылғы  муниципиалдық 
реформасына дейін Чисменск ауылдық округіне қарасты болған.
Ядрово  ауылы  Волоколамск  тас  жолында  Волоколамск  қаласы 
орталығынан  шығысқа  қарай 6 км  қашықтықта  орналасқан.  Жақын 
елді  мекендері – Мыканино  деревнясы  мен  Трехмарьино  кенті. 
Деревняның оңтүстігінде Городни өзенінің бастауы бар.
1929  жылдан  бастап  Москва  облысы  Волоколамск  ауданы 
құрамындағы елді мекен.
Шишкино.
Бір  кезде  Шишкино  маңындағы  орман  үстінен  үштен  топта-
лып истребительдер ытқып-ытқып шыға келді (2 т., 143-б.).
Олар  үш-үштен,  алты-алтыдан  топтанып  Шишкино,  Матрени-
но,  біз  тұрған  Горюнының  үстінен  ұшып  өтіп  барады.  Рождествен-
ское,  Ядрово  мен  Дубосековоға  жеткенде  қүйыла  дəлдеп  гүрсіл-
детіп бомба тастай бастады.
Таң  ата  Шишкиноға  келіп,  өз  тобымызға  қосылдық.  Ал,  енді 
генералдың  айтқаны  «бүгін  мен  ертең  шыдап  берсін,  əсіресе,  тас 
жолдың  бойындағы  Горюныны  қолдан  шығармай  мықты  ұстасын» 
деді (2 т., 147-б.).
Бара  жатқан  қыстағымыз  Шишкино,  орманнан  шыға  берген-
де-ақ алдымыздағы алаңнан көрінді (2 т., 89-б.).
Шишкино – Москва  облысы  Волоколамск  ауданындағы  стан-
цияға  қарасты  деревня.  Чисменскоге  ауылдық  мекеніне  жатады, 
2006  жылғы  муниципиалды  реформаға  дейін  Анинск  ауылдық  ок-
ругіне тиесілі болды. Тұрғыны – 8 адам (2010).
Шишкино  ауылы  Волоколамск  қаласының  орталығынан  шы-
ғысқа  қарай 11 км  қашықтықта,  Каменка  өзеніне  құятын  Осинни-
ковск  бұлағының  жағасында  орналасқан.  Аумақта  екі  бақша  се-
ріктестігі  тіркелген.  Жақын  елді  мекендері – Лысцево  деревнясы, 
Рождествено мен Амельфино.
1929  жылдан  бастап  Москва  облысы  Волоколамск  ауданы  құ-
рамындағы елді мекен.
Гусенево топонимі. 
Краев  Гусеновоға  қарай  кете  берсін.  Икс-игрик  координатын-
дағы орманда бізді тосуы керек (2 т., 179-б.).
Гусенево – Москва  облысы  Волоколамск  ауданындағы  деревня. 
Чисменск  ауылдық  мекеніне  кіреді. 2005 жылғы  мəлімет  бойынша 
деревняда 8 адам  тұрған.  Гусенево  деревнясы  Большая  Сестра  өзе-

296
297
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
нінде,  Волоколамск  қаласының  орталығынан  шығысқа  шамамен 
15  километр  қашықтықта  орналасқан.  Жақын  орналасқан  елді  ме-
кендері – Аксеново  деревнясы  жəне  Чисмена  поселкесі.  Гусенево 
деревнясында  Лесная,  Панфиловская,  Речной,  Цветочная,  Школь-
ная  жəне  Южная  көшелері  орналасқан.  Ұлы  Отан  соғысы  жыл-
дарында  И.  Сталин  К.Е.  Ворошиловпен  бірге  И.В.  Панфиловтың 
316  дивизиясының  Гусенево  деревнясы  маңындағы  орналасу  ор-
нын аралайды.
Старое Рахино топонимі.
...Сентябрьде  біздің  батальон  Старое  Рахино  маңында  қорға-
ныс шебінде жатты (2 т., 189-б.).
Старое  Рахино – Новгородск  облысы,  Крестецк  ауданының  де-
ревнясы.  Новорахинск  ауылдық  мекенінің  құрамына  кіреді.  Старое 
Рахинодан  Холова  өзені  ағады,  оңтүстігінде  кішігірім  Ямно  теңізі 
бар. Көшелері: Луговая, Отрадная, Солнечная.
Крюково топонимі.
Село  Крюково,  станция  Крюково  сол  себептен  біздің  есімізде 
қалды.  Бұл  шепте  біздің  полк  көпке  төтеп  бере  алмады.  Жаудың 
басым  күштері  шабуыл  үстіне  шабуылдап,  бізді  тықсыра-тықсыра 
барып,  Александровка,  Каминка  селоларын  басып  алып,  екі  бүйі-
рімізден  қысып,  маңдай  алдымыздан  соғып,  бізді  бірте-бірте  ығыс-
тыра  берді.  Тек  кешке  қарай,  ымырт  жабылуын  пайдаланып,  Крю-
ковоның  іргесіне  тақап  барып  бекініп  алуға  мұршамыз  зорға  жет-
ті (Б.М., 2 т., 236-б.).
Крюково  топонимі  Белоруссияда  Минск  облысының  Любань 
ауданында  ал  Ресейде  Архангельск,  Белгородская,  Брянск,  Влади-
мир,  Вологодский,  Иванов,  Калуга,  Курган,  Москва,  Курск,  Ленин-
град,  Липецк,  Зеленоград  облыстарында  жəне  Украинада  кездеседі. 
Қолданыста шамамен 85-ке жуық Крюково атауы бар екен.
Б. Момышұлының «Москва үшін шайқас» повесіндегі – Крюко-
во Москва облысының Волоколамск ауданындағы шағын деревня.
Васильево.
Бара  жатқан  жерім – дұшпаннан  өткен  күні  ғана  азат  етілген 
Васильево  қыстағы.  Оның  алдында 3-4 шақырым  жерде  Соколо-
во  қыстағына  бекінген  жау  сіресе  қарсыласып,  жанына  жолатпай 
шайқасып жатқанына екі-үш күн болды (2 т., 261-б.).
Васильево  орманының  алаңында,  қарға  белдеуіне  дейін  көміл-
ген орыс қыстағы (2 т., 261-б.). 
Дедёшино. 
–  Алдынан  тосқауыл  қалдырып,  негізгі  күшіңізбен  Дедешино 
совхозына  қарай  шегінуге  кірісіңіз!  Бұйрық  солай – деді  полков-
ник (2 т., 232-б.).
Түн  жарымы  ауа  бастағанда  бəріміз  де  Дедешино  совхозына 
келіп жеттік (2 т., 236-б.).
Дедёшино – Москва  облысы,  Истинск  ауданындағы  Букаревск 
ауылдық мекенінің деревнясы. 2004 жылғы тұрғын саны – 21 адам. 
Дедешино  Истра  аудан  орталығынан  батысқа 13 километр  қашық-
тықта,  Маглуши  өзенінің  сол  бөлігінде  орналасқан.  Деревняның 
атауы XVI ғасырдағы  жер  иегері  Дедишиноның  фамилиясынан 
шыққан.
Ловать өзені. 
Екі  ортада  түйісетін  жері  мына  тұрған  Холм  қаласы, – деп 
картадағы  қара  қоңыздай  тарбиған  бір  белгіні  сұқ  қолымен  көр-
сетті.  Картаға  үңіле  қарап  мен  сирек  жасыл  жиекті  баса  сызылған 
р.  Ловать  деген  жазуды  оқыдым.  Е,  баяғыда  мектепте  оқып  жүр-
генде аталатын Ловать дария-өзені осы екен ғой деген ой маған сап 
ете  түсті.  География  сабағында  кездескен  Ловать  өзенінің  бойына 
соғысқа келемін деген кімнің ойында бар еді бұрын (2 т., 262-б.).
Ло́вать  (др.рус.  Ловоть,  белор.  Ловать) – Белоруссия  жəне  Ре-
сейге  қарасты  өзен.  Витебск,  Псков  и  Новгород  облыстарының 
территориясымен ағады.
Көлемі 21,9 мың  км²,  орташа  су  ағасы 169 м³/с.  Балтық  теңізі-
нің Нева өзенінің бассейні. 
Өзен  жағалауында  Великие  Луки  қаласы,  Холм  жəне  қалалық 
типтегі Парфино посёлкесі орналасқан. Ең ірі ағысы – Кунья Холм 
қаласы арқылы Ловать өзеніне құяды.
Бородино́ – Москва облысы Можайск ауданындағы деревня. Бо-
родино елді мекенінің əкімшілік орталығы. 
1601  жылдары  алғаш  рет  «Писцов  кітабында»  Можайск  тура-
лы  айтылады. 1812 жылғы 1 дүниежүзілік  соғыстағы  «Бородино 
шайқасы» əлемге əйгілі етеді.
Алыстан  хабар  күтемін.  Бородиноға  құлақ  түре  тыңдаймын. 
Трошковоға жырақтың жайын болжап кірмекпін.
Аңғарсам  дəл  Бородиноның  тұсы...  Екінші  жақтан  тағы  бір  пу-
лемет  шаңқ  ете  қалып,  лезде  үні  өшті... «Немістің  күзетшілерінің 
шүйдесінен  шоқита  соғып,  үндерін  өшіріп  жатқан  біздің  жігіттер 
болды», – деп  ойланып  тұрғанымда,  алдымдағы  Трошководан  тұн-
шыға  күмпілдеген  жер  астынан  шыққандай  еміс-еміс  атыстар  ес-
тіле бастады (2 т., 273-б.).
Алты  қыстаққа  алты  жақтан  күреп  тазаланған  алты  даңғыл  жол 
жосып  келіп,  барлығы  барып  ортасындағы  бір  қыстаққа  қосыла 
түйіледі.  Содан  тағы  бұтақтана  жан-жаққа  тарайды.  Ол  қыстақтың 
аты Бородино екен. Басқа төртеуі оның сыртын ала, үлкен үйді ор-

298
299
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
таға  ала  қонған  отауларша  қоршап  тұр.  Олардың  аттары  Баркло-
вица,  Трохово,  Кашино,  Коншино  екен.  Мұның  бəрі  бізге  жаңа 
картадан  мəлім.  Біздің  іздеп  келген  Трошковомыз  алтыншы-
сы (2 т., 268-б.).
Нахабино.
Москва  өлкесіндегі  Нахабино  қыстағының  бір  үлкен  салқын 
үйі (2 т., 5-б.).
Нахабино – Москва  облысы  Красногор  ауданындағы  қала  тип-
тес  кент, «Нахабино  қала  қонысы»  атты  муниципиалды  құрылым-
ның əкімшілік орталығы. Адам саны: 37 991адам (2013). Адам саны 
жағынан  Ресейде  екінші,  Москва  облысында 1 орында  тұрған  қала 
типтес  кент.  Москвадан  батысқа  қарай 32 километр  қашықтықта 
жатқан  Волоколамск  тас  жолында  орналасқан.  Нахабино  тарихы 
1842  жылдан  ауыл  ретінде  белгілі,  ол  кезде  ауыл  Плещеев  əуле-
тінің  қол  астында  болды.  Біреулер  «Нахабино»  атауы  Нахабинка 
өзенінің атауынан шықты десе, екінші одан ескілеу нұсқасы бойын-
ша  ежелгі  орыс  тілінде  шұңқыр  мағынасы  бар  «хаб»  сөзінен  шық-
ты делінеді. Демек Нахабино – «Шұңқыр үстінде» деп аталды. Қала 
типтес  кент  статусы 1938 жылдан  бастап  алынды, 2005 жылы  му-
ниципиалды  реформаның  барысында  муниципиалды  құрылым,  қа-
лалық  кент  Нахабино  құрылды.  Оның  ішіне  Желябино,  Козино 
жəне Нефедьево ауылдары кіреді.
Рдей көлі.
Рдей  көлінің  көлемді  аймағын  Рдей  ойпаңы  деп  атайды (2 т., 
300-б.).
Рдей  ойпаңынан  өткен  соң  ашық  жондарға  орналасқан  село-
лар кездесе бастады (2 т., 301-б.).
Соколово топонимі.
Біз  мына  адамдарды  Соколовоға,  осы  араның  сыртындағы  де-
ревняға  алып  барып,  ұйымдастыру  шарасын  қарастырамыз.  Басқа 
батальон  да  орындарында  көрінеді  ғой,  оларға  біздің  Соколовода 
екенімізді хабарласын! Өзіңіз тез қайтып келіңіз! (2 т., 220-б.).
Біз Соколовоға келдік.
Көшенің  ортасына  қайта  оралып  келе  жатқанымда  аспан  күр-
кіреп,  тау  құлағандай  сарт-сұрт,  тарс-тұрс  етіп,  Соколовоның  үс-
тіне зеңбірек, миномет оқтары жауа бастады.
Соколовоны да сізге тапсырдым (2 т., 225-б.).
Москва  іргесінде  үлкенді-кішілі  деревнялар  да  аз  емес.  Соко-
лово – солардың орташалауының бірі.
Соколово – орман  ортасында.  Айнала  қоршаған  орман  оның 
кең, қос етекті көйлегі сияқты 
Мен  Серебряковпен  сөзімді  аяқтап  орнымнан  тұрғанда,  Соко-
ловоның  үстінен  біздің  самолеттер  топ-тобымен  ұшып  өте  баста-
ды (2 т., 230-б.).
Бұл  жоғарыда  Б.  Момышұлы  шығармаларынан  келтірілген 
нақты  мысалдар  арқылы  сюжет  дамуында,  семантикалық  компози-
цияның  барлық  деңгейінде,  көркем  текст  тұтастығын  құруда,  оның 
эксплицитті  жəне  имплицитті  мағынасында  рөлі  бойынша  оно-
мастикалық атауларды таптастыру мүмкіндігіне ие боламыз.
Сонымен  Ресейдегі  Москва  облысы  Волоколамск  ауданын-
дағы  микротопонимдерінің  тарихи-лингвистикалық  сипаты  сөз 
етілді.  Волоколамск  топонимінен  бастап,  Болычево,  Руза,  Осташо-
во,  Софатова,  Лама  өзенінің  сол  жағасында  Тимково  деревнясы, 
И́стра – қаласы, Ченцы, Матренино, Дубосеково, Мыканино, Горю-
ны, Шишкино, Ядрево, Гусенево Старое Рахино, Крюково, Василье-
во,  Дедёшино,  Бородино  Рдей,  Нахабино,  Соколово,  т.б.  топоним-
дері жан-жақты талданды. 

300
301
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет