ҚОРЫТЫНДЫ
Батыр-бабамыз Бауыржан Момышұлының өмір жолындағы
ерлік тағылымдарын топонимдерді тілдік-танымдық бағытта талда-
улар арқылы баяндайтын шығармаларындағы жастарға елін, туған
жерін сүю, қадірлеу негізінде ұлттық патриоттық бағытта тəрбие
беру мақсат-міндеттері көзделінді.
Əулиеата, Көлбастау, Момыш ауылы, Бекет станциясы, Бур-
ное, Шақпақ ата, Ақ орда, Майлыкент, Сайрам, Түлкібас, Кремень,
Евгеньевка, Кавказ, Ленгер, Машат жəне т.б. Б. Момышұлының
«Ұшқан ұя» повесіндегі топонимдерге тарихи-лингвистикалық тү-
сініктер берілді.
Тарихымыздан белгілі империяның топонимикалық саясаты,
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін де өзінің пəрменді жалғасын та-
уып жатты. Қазан төңкерісінен кейін республикамызда жаппай
жаңа совхоздар, колхоздар, елді мекендер ұйымдастырылды. Олар-
ға Орталықта белгілі адамдардың, революционерлердің, əскери
қолбасшылардың, мəдениет пен əдебиет қайраткерлерінің есімі
берілуімен көптеген жаңа топонимдер пайда болды. Бұл құбылыс
бүкіл республикада өз көрінісін тауып жатты. Əсіресе, Жуалы ау-
данына қатысты Кремень, Евгеньевка, Бурное жəне т.б. көптеген
жинақталған архивтік материалдарды зерттеп зерделеу барысында
осы жағдайға көз жеткіздік. Б. Момышұлы шығармаларында кезде-
сетін қазақ тіліндегі байырғы топонимдердің тарихи-лингвисти-
калық сипаты талданып қарастырылды.
Сондай-ақ топонимдердің кейбір онимдік тұстары шығарма
желісіне орай жазушының туған жерін сипаттауы, оның тарихына
жете қанық екендігі, оның өз туған жері, кіндік қаны тамған жеріне
деген ыстық ықыласы мен патриоттық сезімі байқалады. Бұны біз
топонимдерді талдау барысында аңғардық. Бұл оқырман қауымның,
өсіп келе жатқан жас ұрпақтың Отан алдындағы борышы, туған
жерінің физика-географиялық орналасуын, тарихын, мəдениетін,
табиғатын, байлығын, тіпті қала берді тауы мен тасын, шөбі мен
суын, т.б. мақтан етіп көздің қарашығындай қорғауға əрдайым əзір
болуға жетелейді.
Қорыта айтқанда, тұтастай топонимдік материалдарды жинап,
оны тарихи-лингвистикалық жақтан талдаудың тіл тарихы мен қо-
ғам тарихы əрі этнография, география ғылымдары үшін мəн-ма-
ңызы аса зор. Топонимдер құрамында көне дəуірдің куəсі ретінде
сақталған атам заманғы көне атаулармен қатар, жаңа дəуір атау-
лары да кездеседі. Қысқасы топонимдік материалдар – халқымыз-
дың мол қазынасы, мəдени байлығы, тілі мен тарихының қайнар
бұлағы, ата мұрамыз.
Сонымен қазіргі ономастиканың кешенді ғылым болып табы-
латындығы, дегенмен ол ең алдымен тіл біліміне қатысты, мұны
тек ономастика жеке ғылым деңгейін алғаннан кейін ғана XX ға-
сырда көпшілік мойындады.
Жалқы есімдер саны тілдегі көпшілік қолданысындағы жалпы
есімдер санынан асып түсетіндігі қызығушылық тудыратын жайт,
себебі олар жаңа атау ретінде, жаңа мағынада қоғамдық қажетті-
лікті қанағаттандыру үшін қалыптасып отырады. Басқаша айт-
қанда, тіл жəне сөйленіс ономастиконы оның лексиконынан байы-
рақ: егер алғашқысы жүз миллиондаған бірлікпен есептелсе, екін-
шісі тек жүз мыңдап есептеледі.
Көркем шығарма мен жазушының жалпы шығармасында топо-
нимдер саны əртүрлі болып келуі мүмкін. Барлық жалқы есімдер
ономастикалық кеңістікті немесе текст ономастиконын кұрайды,
ол жалқы есім разрядтары мен басқа да белгілеріне қарай бірнеше
топтарға бөлінеді.
Шығарма (текст) ономастиконы, оның құрамы, ономастикалық
атауларды таңдауы мен шығарма ішінде байланысы жанр заңды-
лығы мен жазушының көркемдеу тəсіліне, əдеби шығарма түрі
мен поэзия құрылысы, текстің сюжеттік-тақырыптық мазмұнына
сəйкестігімен, онимнің эстетикалық мəніне тікелей байланысты.
Осы арқылы əр жазушының өз «ономастикалық əлемі» болады
жəне де ол басқа да тілдік құралдар сияқты жазушының көркем
идеясын білдіреді. Ал бұл «ономастикалық əлем» органикалық түр-
де көркем шығарманың ішкі əлеміне кіреді, оның бірліктері бол-
мысты суреттеу үшін қызмет атқарады жəне бір-бірімен жүйелі
түрде байланысып, көркем шығарма кезеңі мен кеңістігінде өмір
сүреді. Нақтырақ айтсақ, Б. Момышұлы шығармаларының филосо-
фиялық сарыны мен топонимдерін кітабымыздың тақырыбы етіп
алуымыздың маңыздылығы осында.
Біз кітабымызда Б. Момышұлының шығармаларындағы топо-
нимдерді жан-жақты талдай отыра жастардың патриоттық сезімі
мен Отан анаға деген ыстық ықыласы мен Ұлы Отан соғысы ке-
зіндегі ата-аналарымыздың ерлігін дəріптедік, жастар санасына сі-
ңіру мақсат міндеттерін іске асырдық.
302
303
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
Авторлық қолданыстың жалпы жүйесімен байланыстан басқа
ономастикалық атаулар кез келген көркем шығармада өзекті бо-
лады, яғни олар əркез бір нəрсе туралы ақпарат береді, өзінің көр-
кемдеуші қызметін атқара отырып, əртүрлі коннотативті мағынаға
ие болатындығын дəлелдедік.
Əдебиет ономастикасын зерттеуші əр атаудың семантикалық
жағынан жұмбақ екенін жəне оны ономастикалық атауларды жал-
пы тілдік жəне халық санасындағы мəдени-психологиялық кон-
нотациялары мен жазушының эстетикалық міндеттеріне сүйене
отырып ашу керектігін қарастырдық. Əдеби шығарма құрамына
таңдалып енгізілген жалқы есім қызметіне сөздің көркем-бейнелік
мағына ерекшелігі кіреді. Олар мағыналы, семантикалық жəне
əлеуметтік ерекшелікке ие екендігіне көз жеткіздік. Мысалы,
Б. Момышұлының Отаны Қазақ топырағы екендігін, оның Отан,
халық алдындағы борышы, туған жері, елі туралы мəліметтерді то-
лық білу мəселелері көзделді.
Ономастика мəселесінің ұлттық сана қалыптастырудағы қар-
қынды дамуы – оның саралануына жəне дамуына себепші фактор-
лардың бірі екендігі дəлелденді.
Көркем шығарма тіл арқылы ұлттық-мəдени бағыттағы құнды
ақпаратты ашуға септігін тигізуші ерекше материал болатындығын
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдерді талдау барысын-
да байқадық.
А.А. Фоминнің шартты түрде əдеби шығармалардағы ономас-
тикалық атауларды зерттеудің төрт бағытын, соның ішінде ға-
лымның: «... əдеби ономастиканың болашағы үшін соңғысының
қызметі зор, себебі лингвистика шеңберінде ол барынша толық
жəне объективті түрде қарастырылады жəне көркем текстің қалып-
тасуы мен интерпретациясына ықпал етуші факторлар қарасты-
рылады жəне жаңа лингвистикалық пəндер – когнитивті лингви-
стика, дискурс теориясы, текст аралық теория т.б., сонымен бірге
қазіргі кезде тез дамып келе жатқан текст лингвистикасы мен поэ-
тика – əдеби ономастика өз міндетін шешуде өзара тиімді əрекетте-
сетін ғылымдар», – деп айтқан пікірін басшылыққа алдық.
Бауыржан Момышұлының əдеби шығармашылық мұрасын
зерттеу – өзектілік пен бүгінгі күннің қажеттілігінен туған. Сол се-
бепті де жоғарыда атап өткеніміздей, Б. Момышұлының шығарма-
ларындағы топонимдерді танып білу арқылы еліміздің, жеріміздің,
тіпті, батырдың ерлік жасау барысындағы жүріп өткен жолын,
қалаларының аталу уəждері мен семантикалық мəн-мағынасын,
тарихын білу арқылы жастарды ұлттық патриотизмге тəрбиелеу-
дегі мəні зор екендігіне көз жеткізу.
Қазақ халқының біртуар азаматы, Халық қаһарманы, жазушы
Б. Момышұлының шығармаларындағы топонимдерді жоғарыда
көрсетілгендей лексикалық, семантикалық, этимологиялық, тари-
хи бағытта зерттеп, зерделедік. Б. Момышұлы шығармалардағы то-
понимдердің даралығын, өзара ұқсастықтары мен байланыстарын,
аталу уəждерін тани отыра, қазіргі кездегі топонимдердің ұлттық
сипаты мен басқа орыс топонимдерін анықтау мен тарихи-линг-
вистикалық талдаудың да маңызы бар екендігіне көз жеткіздік.
Ономастиканың тағы бір нысаны ретінде көрнекті ақын-жа-
зушылар шығармаларындағы ономастикалық атауларға тарихи-
лингвистикалық, этномəдени, когнитивтік, статистикалық, т.б. тал-
дау жүргізілуде. Ендеше, белгілі мақсатқа сəйкес ономастикалық
атаулар соның ішінде, шығармалардағы топонимдердің семанти-
калық, тарихи-лингвистикалық мəнін ашу мақсаты да жан-жақты
қарастырылды.
Сонымен, көркем шығармадағы топонимикалық атаулар семан-
тикасы мен тарихи лингвистикалық сипатының өзектілігі, күрде-
ленуі мен жалпылануы сөздің көркем-ономастикалық мағынасы-
ның қалыптасуында заңды құбылыс болып табылады. Шығарма-
дағы топоним семантикасы, оның көп қырлылығы ономастикалық
семасиология мен əдеби ономастика, текст стилистикасы мен линг-
вистикасында бір бағытта зерттелуі қажет əдеби шығармадағы сөз-
дің көркем мағынасының ерекше түрі болып табылады.
Қорыта айтсақ, қазақ халқының Б. Момышұлы шығармаларын-
дағы топонимдердің тілдік қолданыс қызметін анықтау – бірінші-
ден, заман талабы. Оның Отан қорғаудағы əсіресе, Москва үшін
шайқасы – 2 дүниежүзілік соғыстағы ірі шайқастардың бірі. Мос-
ква үшін шайқас қорғаныс ұрыстары (1941 ж. 30 қыркүйек – 5 жел-
тоқсан) жəне қарсы шабуыл (1941 ж. 6 желтоқсан – 1942 ж. 20 сə-
уір) кезеңдерінен тұрады.
Москва шайқасында Қазақстанда құрылған əскери құрамалар
ерекше көзге түсті. Волоколам бағытын қорғаған 16-армияның
құрамында Алматыда жасақталған атқыштар дивизиясы болды.
1942 жылы қаңтарда қарсы шабуыл Қызыл Армияның жаппай
шабуылына ұласты. Шайқастардың нəтижесінде қарсыластар ба-
тысқа қарай 400 шақырымға дейін қуылып, Москва, Калинин жəне
Тула облыстарының ондаған қалалары мен жүздеген село, деревня-
лары азат етілді. Москва үшін шайқаста фашистік армия алғаш рет
ауыр жеңіліске ұшырап, оның жеңілмейтінді туралы аңыз жоққа
шығарылды.
304
З. Құламанова
Жиырма сегіз гвардияшы-панфиловшылар – Ұлы Отан соғысы
жылдарында Москваны ерлікпен қорғаған қазақстандық жауын-
герлер. 1941 ж. 15 қарашада Германия əскерлері 51 дивизиямен
Москваға екінші «негізгі шешуші шабуылды» бастады. Батыс май-
дан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін
16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор
И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен
8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Москва түбіндегі Воло-
колам тас жолын қорғады.
Батырлардың есімімен аталатын мектеп, ауыл, аудан, көше,
парктер бар. Алматы қаласындағы 28 панфиловшы-гвардияшылар
паркінде, Москва түбіндегі Дубосеково разъезінде жəне батырлар-
дың туған жерінде ескерткіштер орнатылып, мемориалдық мұра-
жай ашылған.
Бауыржан Момышұлының əдеби шығармашылық мұрасын зерт-
теу – өзектілік пен бүгінгі күннің қажеттілігінен туған. Сол се-
бепті де жоғарыда атап өткеніміздей, Б. Момышұлының шығар-
машылығындағы топонимдерді танып білу арқылы еліміздің, же-
ріміздің, тіпті, батырдың ерлік жасау барысындағы жүріп өткен
жолын, қалаларының аталу уəждері мен семантикалық мəн-мағы-
насын, тарихын тілдік тұрғыдан талдай білу арқылы жастарды ұлт-
тық патриотизмге тəрбиелеудегі мəні зор болып отыр.
ІІІ
ҚОСЫМШАЛАР
306
307
Қосымшалар
Қосымшалар
Б. МОМЫШҰЛЫ ӨМІРІНІҢ
ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ
р/с
ж.
Өмірінің кезеңдері
топоним
1
1910 ж.
Дүниеге келді.
ҚазССРО-ы,
Жамбыл
облысы, Жу-
алы ауданы
Көлбастау
ауылы
Балалық
шағы
2
1917 ж.
Мектепке барады.
Жуалы, Түл-
кібас, Сай-
рам ауданы
3
1921 ж.
Бастауыш мектепті Аса интерна-
тында жатып оқиды.
Аса
4
1924–28 ж.
Шымкент қаласындағы жеті
жылдық мектепте оқиды.
Шымкент
Есею
шағы
5
1928 ж.
Орынбор қаласындағы Қазақ
педагогикалық институтына
оқуға түседі.
Орынбор
қаласы
6
1929 ж.
«Əулие Ата» тоғыз жылдық
мектебін бітіреді.
Жуалы
7
1928–30 жж.
Бастауыш мектепте ұстаздық
етеді.
Жуалы
8
1931 ж.
Аудандық милицияда 6 айдай
жұмыс істейді.
Жуалы
9
1932–34 жж.
Қызыл Армия қатарында қызмет
етеді.
10 1933 ж.
Полк мектебін бітіреді.
11 1932 ж.
Алғашқы əскери дайындық
Өзбекстан.
Термез
12 1933–36 жж.
Өзбекстан.
Термез
13 1936 ж.
Өнеркəсіп банкінің экономисі
болып жұмыс істейді.
Шымкент
14 1936 ж.
Ленинградтағы Финанс
академиясының жанындағы бір
жылдық курсты бітіреді.
Ленинград
15 1936 ж.
Рота командирі, полк штабы
бастығының көмекшісі.
16 1936 ж.
Қиыр
Шығыс
17 1937–55 жж.
Қызыл əскерде қызмет етті
18 1940 ж.
Украинаның Житомир қала-
сындағы 202-ші арнаулы
танкке қарсы шабуылдайтын
дивизионның командирі болып
тағайындалады.
Украина
Житомир
қаласы
19 1941 ж.
Қазақ əскери комиссариатының
нұсқаушысы қызметін атқарады.
Алматы
Ұлы Отан
соғысы
жылдарын-
да
20
1941 жылдың
басынан
316-атқыштар дивизиясының
құрамында соғысқа аттанады.
Алматы,
Талғар
21
1941 ж.
17 тамыз
Солтүстік-Батыс майданға
жіберіледі.
Москва
22
1941 ж.
6 қазан
Батыс майданда генерал
К.К. Рокоссовский басқарған
16-армия құрамында Мəскеу
қорғанысының шешуші
учаскелерінің бірі – Волоколамск
бағытында ұрысқа кіреді.
Волоколамск
23
1941 ж.
23 қараша
316-атқыштар дивизиясына
И.В. Панфилов есімі беріледі.
Волоколамск
24
1941 ж.
26 қараша
Маршал Рокоссовский полк
командирі етіп тағайындайды.
Новлянск,
Ивановск де-
ревнялары
25
1941 ж.
15 желтоқсан
16-армияның құрамынан
Ставканың резервіне (16-30
желтоқсан) өтеді.
Москва
26
1942 ж.
16 наурыз
Солтүстік-Батыс, Калинин май-
дандарында көрсеткен ерлігі
үшін Ленин орденімен марапат-
талады.
Калинин
27 1942-43 жж.
Ловать өзені Холм қаласы
түбіндегі қорғанысты
ұйымдастырады.
Ловать өзені
Холм қаласы
28 1942 ж.
8-атқыштар дивизиясында
қызмет етеді.
Москва
1942 ж. қазан Подполковник шенін алады.
Москва
29
1942 ж.
маусым
Полковник шеніне көтеріледі.
Москва
30
1941 ж. аяғы
мен 1942 ж.
Москва-Волоколамск, Старая
Русса – Холмда жауға қарсы
тұрады.
Москва-Во-
локоламск,
Старая Русса
- Холм
31 1941-45 жж.
Панфилов атындағы
8-гвардиялық дивизияның бата-
льон, полк командирі, соғыстың
соңғы жылы аталған дивизияның
командирі болады.
Волоколамск
308
309
Қосымшалар
Қосымшалар
32
1941 ж.
16-18 қараша
Вермахтың Мəскеуге екінші
дүркін шабуылы кезінде
Б. Момышұлы басқарған бата-
льон өз дивизиясынан қашықта
Матронино селосының маңында
жаумен бетпе-бет келеді.
Москва-Во-
локоламск
тас жолында
33
1942 ж.
6 маусым
«Қызыл Жұлдыз» орденімен ма-
рапатталады.
Волоколамск
34 1944 ж.
Комдив болып жүрген кезінде
Дубровка деревнясының
маңында болған ұрыс кезінде
қатты жараланады.
Дубровка
35
1944 жылдың
басында
12-Прибалтика майданында Пуш-
кин таулары мен Новосокольни-
ки түбінде шабуыл ұрыстарын
жүргізеді.
Новосоколь-
ники
36 1944 ж.
Режица (Резекне) қаласын
азат еткені үшін «Режицалық»
құрметті атағы берілді, Риганы
азат етуге атсалысқаны үшін
2-дəрежелі Суворов орденімен
марапатталады.
Режица
(Резекне)
қаласын
37 1944 ж.
Денсаулығына байланысты Алма-
ты госпиталіне жіберіледі.
Алматы
38
1945 ж.
21 қаңтар
Гвардия полковнигі
Б. Момышұлы Екінші Прибал-
тика майданының, 6-гвардиялық
армиясының, 9-гвардия атқыштар
дивизиясын басқарады.
Екінші При-
балтика
39
1945 ж.
6 қаңтар
Алматыға келген Бауыржанды
Академия президенті Қ.Сəтбаев
соғыс туралы əңгіме-лекция
оқуға шақырады.
Алматы
50
1945 ж.
ақпан-наурыз
айлары
Б. Момышұлы басқарған ди-
визия Приекуле станциясының
солтүстік-батыс жағында
орналасқан неміс əскерінің үш
бекінісін бұзып өтіп, 15 елді
мекенді азат етеді.
Приекуле
станциясы
41 1945 ж.
көктем
Жаудың 350 мыңдық Курляндия
тобын талқандау операциясына
қатысады. 2-дүниежүзілік соғыс
кезінде дивизияның 36 адамы
Кеңес Одағының Батыры атағын
алады.
Курляндия
42 1946–60 жж.
«Ұшқан ұя» повесі жазылады.
Алматы
Соғыстан
кейінгі
жылдар
43
1946-48 жж.
Ворошилов атындағы əскери
академияның тыңдаушысы бо-
лады.
Москва
44 1948-50 жж.
49-атқыштар бригадасы
командирінің орынбасары
қызметін атқарады.
Москва
45 1952 ж.
Кеңес Армиясы Бас Штабының
жанындағы Жоғары əскери ака-
демияны тамамдайды.
Москва
46 1953 ж.
Академик Ван-Чон-Худың
басқаруымен келген Қытай деле-
гациясымен кездеседі.
Москва
47 1950-55 жж.
Совет Армиясы əскери академия-
сында сабақ береді.
Калинин
48 1954 ж.
Дивизияның жауынгерлік даңқ
мұражайы ашылады.
Алматы
49 1955 ж.
Шығармашылық жұмыспен айна-
лысады.
Алматы
50 1963 ж.
Кубада 10 күн сапарда болады.
Куба
51
1982 ж.
10 маусым
71 жасына қараған шағында
дүние салады.
Алматы
«Кеңсай»
зиратына
қойылды
Кеңес
Одағының
Батыры,
Халық
қаһарманы
52
1990 ж. 12
желтоқсан
Б.М. 80 жылдық мерейтойына
орай Кеңес Одағының Батыры
деген жоғары атақ беріледі.
Астана
310
311
Қосымшалар
Қосымшалар
ПАЙДАЛАНҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
Абай. Энциклопедия. Қазақ энциклопедиясы. – Алматы: Атамұра.
1995. – 550 б.
Абдрахманов А. Топонимика жəне этимология. – Алматы: Ғылым,
1974. – 206 б.
Əбілдаұлы Б. мақала. Интернет. 2014. – 10 б.
Байбатша Ə. Қазақстанның антропогендік тарихы. – Алматы: Ғы-
лым, 2003. – 295 б.
Бартольд В.В. Сочинения., Т. II, ч. 2. – Москва: Наука, 1963.
Баскаков Н.А. Примечание №4, на стр. 212 в книге М. Рясенена:
«Материалы по исторической фонетики тюркских языков». – Москва:
Наука, 1955.
Бичурин. Собр. сочинении. II т. – Москва: Наука, 1950. – С. 520.
Воронцова В.Л., А. Толстой. Хождение по мукам. – Москва: Худ. ли-
тер, 1965. – С. 450.
Географический энциклопедический словарь, 1983. 384 с.
Гумбольдт В. Фон. Избранные труды по языкознанию: пер. с нем.под
общей ред. Г.В. Рамишвили: посл. А.В. Гулыги. – 2-е изд. – Москва: Прог-
ресс, 2000. – С. 400.
Дмитриев Н.К. Соответствия р/з. Исследования по сравн. граммати-ке
тюркских языков, 1, фонетика. – Москва: Прогресс, 1955. – С. 222.
Достанбаев. Т. Феномен казахского народа: к 100-летию со дня рож-
дения Бауыржана Момышулы // Мысль. – 2010. №10, – 10-12 стр.
Жамбыл облыстық мемлекеттік архив материалдары. Ф. 50, опись-1,
дело-4, связка-1, Ф-140, опись-2, д-14, св.-6,7; Ф-184, о-1, Д-147, Св.-7.
Жанпейісов Е. М. Əуезовтің «Абай жолы» эпопеясы. Алматы: Жа-
зушы, 1984. – 256 б.
Жанұзақ Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер. – Алматы: Арыс. 2004. – 234 б.
Жанұзақ Т. Қазақстанның географиялық атаулары. Алматы об-
лысы. – Алматы: Арыс, 2005. – 253 б.
Жанұзақ Т. Ж. Қазақстанның географиялық атаулары. Алматы об-
лысы. – Алматы: Арыс, 2005. – 171 б.
Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1988. –256 б.
Жаппар К.З. О. Сүлейменов поэзиясындағы жалқы есімдердің эсте-
тикалық қызметі. канд. дисс.автореф. – Алматы: Арыс, 2000. –25 б.
Жеріңнің аты – еліңнің хаты. Энц. Анықтамалық. – Алматы: Аруна,
2006. – 806 б.
Жучкевич В.А. Общая топонимика. – Минск: Белорус, 1968. – С.287.
Жұбанова А., Жұбанов Е. Ш. Уəлиханов. Манас. Қобыланды батыр. –
Алматы: Жазушы, 1975. – 496 б.
Жұматаева Е. «Қазақстан майдангер жазушыларының шығарма-
лары арқылы оқушыларға патриоттық тəрбие беру» Фил. ғылм. канд.
дисс.автореф. – Алматы, 2006. – 24 б.
Иманалиев Ж.О. Фил. ғылм. канд. дисс.автореф. – Алматы, 1990. – 26 б.
Керімбаев Д.М. Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен
лингвостилистикалық қызметі (Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» повесі бойынша)
канд. дисс. автореф. – Алматы, 2004. – 24 б.
Керімбаев Е.Ə., Тілеубердиев Б.М., Дүйсенби Қ.Т. Оңтүстік Қазақ-
станның топонимикалық кеңістігі. – Шымкент: Кітап, 2007. – 352 б.
www. krakow. pl. Архивировано из первоисточника 23 августа 2011.
Конкабаев К. Топонимия Южного Киргизии. Фрунзе, 1980. – С.215.
Қазақ əдебиеті: энциклопедия. – Алматы: Қазақстан даму институты,
1999. – 750 б.
Қазақ мəдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна
Ltd» ЖШС, 2005. – 650 б.
Қазақ Совет энциклопедиясы. 4 том. – Алматы, 1973. – 621 б.
Қазақтар: көпшілікке арналған 9 томдық анықтамалық. – Алматы:
«ІDK-TІPO» Баспа-редакциялық орталығы, 1998. – 525 б.
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының
дəстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы: DPS, 2011. – 850 б.
Қазығұрт. Энциклопедия. – Алматы: Тоғанай Т, 2002. – 543 б.
Қайдаров Ə., Мұқатаева. Қазақ эпосындағы жер-су атаулары мен
кісі аттары жайында. – Алматы: Санат, 1985. – 285 б.
Қайдаров Ə.Т. Қаңлы. – Алматы: Ғылым, 2004. – 609 б.
Қаһарман Бауыржан Момышұлы (1910-1982) : фотоальбом. – Алматы:
Өнер, 2008. – 192 б.
Қожамжарова Д.П., Темірбекова Р.Н. Бауыржантануға кіріспе. Тараз:
Тараз университеті, – 2011. – 131 б.
Қойшыбаев Е. Қазақстаның жер-су аттары. – Алматы: Мектеп, 1985. –
256 б.
Құламанова З.А. Жамбыл облысының елді мекен атаулары. –Тараз:
ТарМУ РИО, 2005. – 161 б.
Құламанова З.А. Жамбыл облысының ойконимдері. – Тараз: М.Х. Ду-
лати ТарМУ, 2009. 247 б.
Құламанова З.А. Жамбыл облысының топопнимикалық анықтама-
лығы. – Алматы: Арыс, 2014. – 808 б.
Лексико-семантические типы антропонимов в эпопее «Путь Абая»
М. Ауезова. – Тюркская ономастика. – Алма-ата, 1984. – С 656.
Мадиева Г.Б., Супрун В.И. Теоретическое основы ономастики. – Ал-
маты-Волгоград: Арыс, 2011. – С.273.
Махпиров В. Махмұд Қашғаридың «Дивану-лүғат ат-түрк» ескерт-
кішіндегі XI ғ. Фил. ғылм. канд. дисс.автореф. – Алматы, 1980. – 24 б.
312
313
Қосымшалар
Қосымшалар
Момышұлы Б.М. 30 томдық жинағы. – Алматы: Өнер, 2009.
Мурзаев Э.М. Природа Синьцзяна и формирование пустынь цен-
тральной Азии. – М., 1966, 346-347-бб.; его же. Средняя Азия. Москва:
Наука, 1957. – С.248-249.
Мурзаев Э.М. Краткий топонимический словарь. – Москва: Наука,
1966. – С.367.
Мұртаза Ш. Б. Момышұлының 100 жылдық мерейтойында сөйлеген
сөзінен алынды.
Мұхамедқалиев Қ.С. Фил. ғылым. докт. дисс. автореф. – Алматы,
2005. – 24 б.
Мырзахметов М. Бауыржан Момышулы – символ правды и справед-
ливости. Современное образование. – 2009. – №2. – 86-89 с.
Мырзахметұлы М. Түркістанда туған ойлар. – Алматы: Санат, 1998. –
367 б.
Никонов В.А. Имя и общество / В.А. Никонов. – Москва: Наука, 1974. –
С.350.
Нұрмағамбетұлы Ə. Жер-судың аты – тарихтың хаты. – Алматы:
Балауса, 1994. – 64 б.
Оразбаев Қ.М. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығарма-
сындағы ұлттық дəстүрлер көрінісі. Фил. ғылм. канд. дисс. автореф. –
Алматы, 2008. – 24 б.
Оразғалиева Г. А.С. Пушкин прозасындағы түркі тілді жалқы есім-
дер. Фил. ғылым. канд. дисс.автореф. – Алматы, 1990. – 24 б.
Орузбаева Б.О. Манас. – Фрунзе, 1985. – 676 б.
Өзбекстан облыстары мен Ташкент қаласының тұрғындары (1992–
2009 жж.). Статистикалық мəліметтер. 2014.
Подольская Н.В. Словарь русской ономастической терминологии. –
Москва: Наука, 1988. – С.189.
Попов М.И. Основные принципы топонимических исследований /
Принципы топонимики. – Москва: Наука, 1964. – С.34-44.
Потебня А.А. Из лекции по теории словесности / Русская словес-
ность: Антология. Москва: Наука. 1997. – С.117.
Рақымқызы Р. Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін. Жұл-
дыздар отбасы. Аңыз адам. 2010. №9.
Рамстедт Г.И. Введение в алтайское языкознание. 1957.
Розенфельд А.В. Название «лянгар» в топонимике Таджикистана. Изв.
всесоюзн. географ. об-ва. Том 72, вып. 6. – Москва: Наука, 1940. – С. 861.
Сəкенов С. «Қырымның қырық батыры» эпопея. – Алматы: Жазушы,
1970. – 126 б.
Таджикско-русский словарь. Москва: Прогресс, 1954. – С. 203.
Тараз Жамбыл облысы. Энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопе-
диясының бас редакциясы. –574 б.
Тарихи тұлғалар: танымдық-көпшілік басылым. Құраст. Б. Тоғысбаев.
Толықт, 2-бас. – Алматы: Алматы кітап, 2006. – 376 б.
Фомин А.А. Литературная ономастика в России: итоги и перспективы /
Вопросы языкознания. – Москва: Наука, 2004. №1. – С.108-120.
Достарыңызбен бөлісу: |