негіз сөздің лексика-грамматикалық сипаты ортақ, мағынасы бірдей, бір тәсілмен жасалған туынды сөздің мағыналық-құрылымдық түрі .
Сөзжасамдық тип 3 элементтің қосындысынан, бірлігінен тұрады: туынды сөздердің бәрі бір сөз табына жатуы, бір тәсіл арқылы жасалуы, сөзжасамдық мағынасы бірдей болуы. Мысалы, балықшы,егінші, күзетші,
Сөзжасам үлгісінің негізгі белгілеріне: туынды сөздің жасалу тәсілі, негіз сөздің лексика-грамматикалық сипаты, туынды сөздің лексика-грамматикалық сипаты және сөзжасам формантының болуы жатады. Яғни сөзжасам үлгісі негіз сөздің лексика-грамматикалық ерекшелігі мен негізгі сөзжасам тәсілінің бірлігінен тұратын туынды сөздің сызбасы, үлгісі. Мысалы: әнші, оқушы.
Сөзжасамдық үлгінің түрлері
Біртектес үлгі
Оқу -лық
Бір- лік
Таза -лық
Жоқ-тық
Әртектес үлгі
Егінші
Диқан
Еңбекші
Еңбеккер
Сөзжасамдық жұп (қосақ)
Негіз сөз бен оның туындысын бірге алып, оларды сөзжасамдық жұп деп атайды. Мысалы, су-сушы, өн-ім кес-ім, т.б. Негізгі сөзжасам құбылыстарының бәрі осы сөзжасам жұбынан тарайды. Сондықтан оларды “шағын сөзжасам” деп те атайды. Сөзжасамдық жұптың біреуі сөз жасауға негіз болып келеді.
Сөзжасамдық жұптың түрлері
1.Формасы және мағынасы жағынан ерекшеленетін жұптар. Біреуі күрделі, екіншісі қарапайым болып келеді. Мысалы: қалам-қаламгер, қаламмен жазатын адам,жазушы, суретші-сурет салатын адам т.б.
2.Жұптың біреуі формасы және құрылымы жағынан күрделі болып келгенімен, мағынасы жағынан айырмашылығы болмайды. Мысалы: куә-куәгер, диқан-диқаншы, дихангер,т.б..Негіз бен жұптың арасында мағыналық ерекшелік жоқ.
3. Формасы жағынан екеуі де күрделі болып, мағынасы жағынан ерекшеленетін жұптар: лингвист-лингвистика
4.Формасы жағынан да, мағынасы жағынан да күрделі болып келетін жұптар: шаштараз-шаштаразшы, т.б.
5. Күрделі жұптар. Олардың жұптары мағынасы жағынан да, формасы жағынан да ерекшеленеді. Мысалы: темір жол - теміржолшы,т.б.