З. О. Дүкенбаева ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағЫ Ұлт зиялылары


ДӘРІС 11. ҰЛТТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата11.01.2017
өлшемі1,08 Mb.
#1692
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ДӘРІС 11. ҰЛТТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯНЫҢ ЖАҢА ТОПТАРЫНЫҢ ШЫҒУЫ
Қазақ халқының қас жауы Голощекин Қазақстаннан кеткен соң, ел-
жұртымыз қырылған бұрын-соңды тарихта болмаған алапат аштықтан соң, 
тарихтың жаңа беті басталды. Ұлт зиялылары білім мен ғылымға, руханият 
биігіне   ұмтылысты   жеделдетті.   Рухани   байлық   ұлтымызды   ауыр 
трагедиялардан   қорғайды   деп   елін   оқу   мен   мәдениетке   бет   бұруға 
шақырды. 
1934   жылғы   мамырда,   Қазақстан   жазушыларының   І   съезі 
қарсаңында   “Социалды   Қазақстан”   газетінде   жетекші   қаламгерлерге 
арналған “Екі оқушының”: Рахымжан Жаманқұлов (1893-1938) пен Саттар 
Ерубаевтың   (1914-1938)   ашық   хаттары   жарияланды.   Бірінші   хат   Сәбит 
Мұқановқа   –   қазақ   поэзиясындағы   шеберлікті   арттыру   мәселесіне 
арналды,   екіншісі   Сәкен   Сейфуллинге   –   дәстүр   мен   жаңашылдық   ара 
қатынасы   жөнінде,   үшіншісі   Бейімбет   Майлинге   –   қазақ   прозасының 
жағдайы   туралы,   төртіншісі   –   Ілияс   Жансүгіровке  –  жазушылардың 
шығармашылық   ұйымының   қызметін   жақсартудың   жолдары   жайында 
пікір алмасуға шақырды. Қарт жазушы Жайық Бектұров қазақ әдебиетінің 
өзекті   мәселелерін   көтерген   “Екі   оқушының”   ашық   хаттарының 
шығармашылық интеллигенцияға тигізген әсері үлкен болғандығын еске 
алады [249]. 
Білімді,   дарынды   әрі   еңбекқор  жас   талапкерлердің   есімдері  әдеби 
қауымға тез танымал болды. Рахымжан Жаманқұловтың “Төте жол” атты 
әңгімесі   республикалық   әдеби   конкурста   бас   жүлдеге   ие   болды. 
“Социалистік   Қазақстанда”   редактордың   орынбасары,   Қазақтың   көркем 
әдебиеті   баспасының   директоры   қызметтерін   атқарған   Рахымжан 
Жаманқұлов   1937   жылы   саяси   сүргінде   алғашқылардың   бірі   болып 
тұтқындалды.   Небәрі   он   тоғыз   жасында   Ленинградттың   философия-тіл 
институтын бітіріп үлгерген Сәттар Ерубаев қазақ және орыс тілінде еркін 
жазатын журналист әрі жазушы ретінде ерте көзге түсті. Ол  “Лениншіл 
жастың”   редакторының   орынбасары,   “Қарағанды   пролетариаты” 
редакторының   орынбасары   қызметтерін   атқара   жүріп   жалынды 
публицистикасымен, әдеби шығармашылығымен еліне кеңінен танылды. 
Ол – баллада, новелла, пародия, фантастика жанрларына қазақ әдебиетінде 
алғаш   рет   жол   салған   қаламгер   болды.   Жазушы   Бейбіт   Қойшыбаевтың 
деректері бойынша Саттардың атақты “Менің құрдастарым” романы қатал 
саяси сүзгіден өткізіліп, әсіре қызыл редакторлардың аяусыз қысқартып, 
күзелткендігі себепті бізге едәуір жұқарып жетті [250]. Соның өзінде бұл 
шығарманы   жазушының   замандастары   мен   кейінгі   ұрпақтары   жоғары 
140

бағалады.   Сәттар   Ерубаев   Қазақстан   комсомолы   сыйлығының   тұңғыш 
лауреаты,   Бүкілодақтық   Н.Островский   атындағы   әдеби   сыйлықтың 
қазақстандық бірінші иегері болды. 
Соғысқа дейінгі кезеңде Қазақстан жазушылар Одағының екі съезі 
болып өтті. І съезге (1934 жылы 12-18 маусым) 96 өкіл, оның ішінде 74 
қазақ қаламгерлері қатысты [251]. ІІ съезге (1939 жылы 21-27 маусым) 246 
ақын-жазушылар, оның ішінде 195 қазақ қаламгерлері қатысты [252]. 
І съезге 10 ұлты еуропалық қаламгер қатысса, ІІ съезге 40 қатысты, 
алғашқы  съезге   28 комсомол  жасындағы  ақын-жазушы,  екіншісіне  –  81 
жас қаламгер қатысты. ІІ съездегі сөзінде Сәду Машақов бір ғана Шығыс 
Қазақстан   облысында   отызыншы   жылдардың  басында   15-20   жас 
жазушылар болса, қазір олардың саны 60-тан асады деп мәлімдеді [253]. 
Екі   съезд   аралығындағы   бес   жыл   ішінде   қазақ   қаламгерлері   екі   еседен 
астам   өсті   делінгенімен,   өсіп-өркендеу,   әдеби   табыстар   жөніндегі   сан-
сапалық көрсеткіштер алдамшы рөл атқарды. Мысалға, 1934 жылы ақын-
жазушылардың бірталайы КазАПП, Қазақстан жазушылар одағына мүше 
болуды қажетсінбеді,  алашордашылар делінген  ескі қаламгерлер  таптық 
тұрғыдан жарамсыз деп табылып одаққа қабылданбады, елдегі көп санды 
халық   ақындары   мүлде   есепке   алынбады.   Саяси   қуғында   қаза   тапқан 
қаламгерлердің жоқтығы ІІ-съездің сапалық көрсеткіштерінде тайға таңба 
басқандай айқын көрінді. 
1934 жылдың 27 мамырынан бастап Қазақстан Жазушылар одағына 
жаңа мүшелер қабылдау жөніндегі комиссия (төрағасы Сәкен Сейфуллин) 
қызметке   кірісті.   Комиссияның   осы   күнгі   отырысында   (№1   хаттама 
бойынша)   Жазушылар   одағына   Сәкен   Сейфуллин,   Бейімбет   Майлин, 
Ғабит   Мүсірепов,   Мұхтар   Әуезов,   Таир   Жароков,   Жақан   Сыздықов 
қабылданды. екінші санды хаттама бойынша (1934 жылы 10 маусым) Ілияс 
Жансүгіров,   Сәбит,   Мұқанов,   Әбділда   Тәжібаев,   Мәриям   Хакімжанова, 
Өтебай   Тұрманжанов,   Асқар   Тоқмағамбетов   және   4   ұйғыр   жазушысы 
(Қ.Хасанов,   М.Ансары,   Х.Закиров,   И.Искандеров)   қабылданды.   3-ші 
хаттама   бойынша  –  Мәжит   Дәулетбаев,   Есмағамбет   Ысмайылов, 
Тәңірберген Отарбаев, Қажым Жұмалиев, Жұмат Шанин, Елжас Бекенов, 
Ғалым Малдыбаев, Ғали Орманов қабылданды [254].
1934 жылдың 5 тамызында Жазушылар одағының басқармасы Сәкен 
Сейфуллин комиссиясының одаққа мүшелер қабылдау жөніндегі 1-5 санды 
хаттамаларын бекітті. Одақты құраған алғашқы қаламгерлер қатарында 29 
мүше (21 қазақ) және 29 мүшелікке кандидат (19 қазақ) ақын-жазушылар, 
сыншылар   мен   аудармашылар   болды   [255].   Ал   осы   мұрағаттық 
тізімдегілер “Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия” кітабының 4-томындағы 
(1990)   Нарымбетов   пен   Ж.Сахиевтің   жасаған   тізіміне   мүлде   сәйкес 
келмейді.   Энциклопедияда   одаққа   соғысқа   дейін   мүше   болған   Мәжит 
Дәулетбаев,   Молдағали   Жолдыбаев,   Әмина   Мәметова,   Бекмұхаммед 
Серкебаев, Ғаббас Тоғжанов, Жұмат Шанин т.б. есімдері жоқ. Қатардағы 
141

әдебиетшілерді   былай   қойғанда,   осы   жылдары   Қазақстан   Жазушылар 
одағының басқармасында басшы қызмет атқарған Қалмақан Әбдіқадыров, 
Қадыр   Қуанышев,   Жақан   Сыздықов,   Жұмағали   Сайын   есімдері   де 
аталмайды.   Энциклопедияда   КСРО   Жазушылар   одағының   Қазақстанда 
соғысқа   дейінгі   жылдары   небәрі   34   (қазағы  –  26)   мүшесі   болса,   біздің 
есебіміз бойынша қазақ ақын-жазушыларының ғана саны 50-ден асқан еді.
Одақ   басшылары   кадр   мәселесін,   жеке   қаламгерлердің   тағдырын 
партком   аппаратындағылар   мен   келісіп   шешуге   міндетті   болды. 
Жазушылар одағына жаңа мүшелер қабылдау ісі де партия комитеттерінің 
жіті   бақылауымен   жүргізілді.   Партия   құжаттарын   тексеру   үстінде 
“әшкереленген”   белгілі   журналист,   прозаик,   Жазушылар   одағының 
Қызылжар   бөлімшесінің   төрағасы   Әбдірахман   Айсарин   (1893-1938) 
аупарткомның нұсқауымен 1936 жылы 31 қаңтарда Қазақстан Жазушылар 
одағына мүшелікке кандидаттығынан қуылды [256]. 
Төңкеріске дейін көзге іліне бермейтін ақындық шеберлік мәселесі 
Кеңестік  дәуірде  өте  өзекті  проблемаға  айналды. Социализмді  үгіттеуге 
кіріскен “күшенгіш ақындардың” жасанды, шалажансар өлеңдерін поэзия 
деп атаудың өзі үлкен қиянат болар еді. “Нағыз ақындар қазір жоқ” деген 
пікір   жиырмасыншы   жылдары   да,   отызыншы   жылдардың   өзінде   қылаң 
берді [257]. Мұның бір себебі ежелгі ақындық дәстүрдің үзілуі болса, енді 
бір   себебі  –  ақындық   мектептің   күрт   өзгерістерге   ұшырауында   жатса 
керек. Бұл екі себептің екеуі де Компартияның қазақтың шығармашылық 
интеллигенциясына ұстанған қасаң саясатының нәтижесі болды.
Біздіңше,   Қазан   төңкерісіне   дейін   ақындар   мектебі   кең   жайылған 
құбылыс   еді.   Әр   ақын-жырау   өзіндік   өрнегімен   жарқырап   шықты,   аса 
ірілері   өз   елінде   ғана   емес,   бүкіл   қазақтың   құрметі   мен   қошеметіне   ие 
болды.   Ақынның   жан-жағына   өнерпаз   шәкірттері   шоғырланса,   оның 
үстіне әр ауылда дерлік ізбасарлары ұстазының өлеңдерін жатқа айтатын 
ақын-жыршылар   да   болды.   Ал   коммунистер   заманында   орнаған 
теңгермешілік   ақындар   мектебінің   қалыптасуына   теріс   әсерін   тигізді, 
табиғи жолмен жас ақындардың өсіп-өнуіне бөгет жасалды. 
Сәбит   Мұқанов   бектер   дәуірінде   (феодализм   дегені)   Абайдың 
ақындық   мектебі,   буржуазиялық   поэзияда  –  Мағжан   Жұмабаевтың 
ақындық   мектебі   болса,   қазақтың   пролетарлық   әдебиетінде  –  Сәкеннің 
ақындық мектебі бар деп есептеді. Төңкеріске дейін қазақ поэзиясында екі 
ғана   ақындық   мектеп   болды   деген   сөз   әрине   шындыққа   үйлеспейді. 
Жоғарыдағы пікірін Сәбит Мұқанов Қазақстан жазушыларының І съезінде 
(1934   жылы   маусым   айында)   жасаған   баяндамасында   айтқан   еді   [258]. 
Кеңес   дәуірінде   (1934   жылға   дейін)   Сәбит   Мұқановтың   айтқанындай, 
жалғыз   Сәкеннің   ақындық   мектебі   болса,   осы   тұстан   бастап   Жамбыл 
Жабаевтың   (1846-1945)   ақындық   мектебінің   қалыптасып   орнығуына 
партия   мен   өкімет   тарапынан   жан-жақты   қолдау   жасала   бастады. 
Айналасы   төрт-бес   жылда,   Қазақстан   жазушыларының   2   съезіне   дейін 
142

(1939   жылы   маусымда)   жаңа   тұрпаттағы   Жамбылдың   ақындық   мектебі 
құрылды. Жамбылдың өзі Сүйінбай мектебінің өкілі болса дағы (“Менің 
пірім   Сүйінбай,   Сөз   сөйлемен   сыйынбай”),   Сүйінбайдың   есімін 
зерттеушілер   болмаса,   ешкім   ауызға   алмады.   Сүйінбайдың   ақындық 
мектебі Жетісулық ақын-жыраулардың мектебі болатын. Ал Жамбылдың 
ақындық мектебіне бүкілқазақтық статус – дәреже берілді.
Көркем әдебиет саяси тұрғыдан бағалана бастағанда қазақтың халық 
ақындары   ішінен   Коммунистік   партияның   құрметіне   алғаш   бөленген 
Жамбыл   болды.   Аз   уақыттың   ішінде   Жамбылдың   абырой-атағы   бүкіл 
Кеңестер   одағында   теңдессіз   биікке   көтерілді.   Жамбыл   қазақ   халқын 
КСРО   елдеріне   де,   әлемге   де   танытқан   аса   үлкен   тұлға   болды.   Оның 
дарыны   қазақтың   шығармашылық   интеллигенциясының   зор 
мүмкіншіліктерін баршаға паш етті. 
Жамбылдың   атқарған   тағы   бір   игілікті   ісі   (бұл   да   зерттеушілер 
назарынан   тыс   қалып   келді)  –  республика   басшыларының   назарын 
қазақтың   халық   ақындарына   аударды.   Жамбылға   дейін   коммунист-
басшыларды былай қойғанда, ақын-жазушылар ұйымы – КазАПП-тың өзі 
халық ақындары мен жырауларға еш көңіл бөлмеді. Құрылтай съезі 1934 
жылдың   жазында   болып   өткен   Қазақстан   жазушылар   одағы 
шығармашылығын   мойындаған   бірінші   халық   ақыны  –  Жамбыл   болды. 
Жамбылға дейін халық ақындарына әсіре коммунистер салқын көзқараста 
болды, оларға ескіліктің сарқыншағы ретінде қарап келді. Әдеби сахнаға 
КСРО-дағы әрбір оқиғаны социализм жеңістері деп жырлаған, Сталинге 
теңеу   таба   алмай   қиналған   Жамбыл   шыққанда   ғана   республика 
басшыларының   көзі   жаңа   ашылғандай   болды.   Жамбыл   халық 
ақындарының зор мүмкіншіліктерін олардың жаңа қоғамдық құрылысқа 
өте пайдалы қызмет ете алатындығын көрсетіп, іс жүзінде дәлелдеді. Жас 
ақындар шыққан тегі жағынан ғана коммунистерге жақын болды. Оларды 
ел-жұрты білмеді, әрі көркемдік шеберлік жағынан халық ақындарымен 
тіпті салыстыруға   келмейтін-ді.  Ал Жамбыл  сынды  халық  ақындары  ел 
сынынан өткен, атақ-даңқ тұрғысынан кенде емес, оқытып-үйретуді қажет 
етпейтін "дайын" ақындар еді. Бар мәселе олардың қоғамдық белсенділігін 
қайта оятып, жаңа өкімет жағына тартып, коммунистерді жай ғана қолдап 
қоймай, социализмның жаршысы, сталинизмнің жалынды үгітшісі етуде 
болды. Жамбылдан кейін халық ақындарын іздеуге кіріскен коммунистер 
діттеген мақсаттарына бірден жете қойған жоқ. Халық ақындарының көбі 
Сталин   мен   Ежовтарды   марапаттауға   бармады.   Тіпті   Жамбылды   халық 
ақыны   ретінде   асқақтатып,   ешкімнің   қолы   жетпейтін   биікке   көтеріп, 
құрметтеп, елі жартылай аш-жалаңаш жүргенде үй салып, машина беріп, 
жоғары зейнетақы тағайындап [259], көмекші хатшылар тағайындаса да 
“Жамбыл болам” деп үлгі алған халық ақындары көп болған жоқ. Бір ғана 
Жамбылдың өзінде Қасым Тоғызақов, Шәкір Әбенов, Қапан Сатыбалдин, 
Әбділдә Тәжібаев, Ғали Орманов, Таир Жароков, Павел Кузнецов сынды 
143

ақындар   хатшы   болды.   1937   жылдың   жазында   Жамбылдың   хатшысы 
Әбдісапар Жаманкенов (1896-1937) ұсталып кетсе де, қарт ақын Сталинді 
мақтаған өлеңдерін өзге хатшыларына жазғыза берді. 
Шамамен 1939 жылы жазылған халық ақындарының тізімінде (қол 
қойғандар Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Дихан Әбілов пен 
КСРО   ҒА   қазақ   филиалының   әдебиет   пен   халық   шығармашылығы 
секторының   меңгерушісі   Есмағамбет   Ысмайылов)   есімдері   аталған 
өнерпаздар   астанадағыларға   1936-1938   жылдарда   ғана   белгілі 
болғандығын аңғартады. Саяділ Керімбаевтың тұсына –  “выявлен в 1936 
году” Шәкір Әбенов – “выявлен в 1937 году”, Нұрпейіс Байғанин, Қайып 
Айнабеков (Сәкен Сейфуллиннің досы), Доскей Әлімбеков (Ақан серінің 
шәкірті, Үкілі Ыбыраймен айтысқан ақын) тұстарына “выявлен во время 
75-летнего юбилея Джамбула”, яғни 1938 жылдың мамырында таныстық 
деп жазады [260].
Қазақстан   жазушылар   одағының   төралқасының   жауапты   хатшысы 
Әбділда Тәжібаевтың Қазақстан Коммунистік партиясы ОК-ның хатшысы 
Скворцов пен Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Нұртас 
Оңдасыновқа   жазған   хатында   (1940   жылы   4   маусым)   халық   ақындары 
Нұрпейіс   Байғанин   (Ақтөбе   облысы),   Орынбай   Тайманов   (Оңтүстік 
Қазақстан),   Омар   Шипин   (Қостанай),   Нұрлыбек   Баймұратов   (Семей), 
Нартай Бекежанов (Қызылорда), Шашубай Қошқарбаев (Балқаш), Кенен 
Әзірбаев (Жетісу), Әлібек Байкенов (Қызылорда), Қуат Терібаев (Жетісу), 
Сапарғали   Әлімбетов   (Семей),   Елеусіз   Байрбеков   (Оңтүстік   Қазақстан), 
Доскей Әлімбековтың (Қарағанды). Шығармашылық қызметін өте жоғары 
бағалап,   оларға   материалдық   көмек   көрсетуге,   мерейтойларын   өткізуге 
қаржы бөлуін сұрады [261]. 
Қазақ әдебиетіндегі Жамбыл дәстүрі сөз болғанда шығармашылық 
ғұмыры Жамбылша ұзаққа созылған ақын-жырауларға тоқталып өту жөн 
сияқты.   Жүз   жылға   тақау   өмір   сүрген   ақмолалық  халық   ақыны  Доскей 
Әлімбекұлы   (1850-1946)   Сарыарқа   ақындарының   өнерін   біздің 
заманымызға   жеткізді.   Ақындық   жолы   ХІХ   ғасырдың   алпысыншы 
жылдарында басталған Доскейді Кеңес өкіметі ХХ ғасырдың отызыншы 
жылдары “тауып алды”. Шығармалары да жасы тоқсанға жақындағанда 
жариялана бастады. Алғашқы жинағы – “Толғау” 1941 жылы жарық көрді.
Кезінде   есімі   Жамбылмен   қатар   аталған   ақтөбелік   ақын   Нұрпейіс 
Байғанин   (1860-1945)   поэзияның   барлық   дерлік   жанрында   жемісті   әрі 
біршама   ұзақ   еңбек   етті.   Бала-жігіт   шағында   да,   сексеннің   сеңгіріндегі 
ақсақал кезінде де талантына бас игізді. Нұрпейістің дарынын аса жоғары 
бағалаған   ғалым   Есмағамбет   Ысмайылов   оны   жырау   деп   те,   теңдессіз 
ақын-жыршы деп те атайды. “Нұрпейіс әрі төкпе, ақпа ақын болғандықтан 
бұрынғы жырлардың желілі оқиғасын, сюжетін толық сақтап, соны қайта 
жырлағанда   бұрынғы   айтқанын   қайталай   бермей   қосымшалап   тыңнан 
жырлайды” [262] деп жазды. Нұрпейіс өзге региондардың айтыскерлеріне 
144

таңсық түре айтыс, сүре айтысты кеңінен қолданды. Аса үздік ақындық 
қабілетіне қоса шыққан тегінің кедейлігі ескеріліп, республика басшылығы 
Нұрпейіс Байғанинге,  Жамбылдай биікке көтермесе де, бірталай құрмет 
белігісін көрсетті. 1938 жылдан бастап әдейі бекітілген әдеби хатшылар – 
Мәриям Хакімжанова, Қуандық Шаңғытбаевтар ақынның аузынан шыққан 
өлең-жырларын қағазға түсірумен болды.
Өзін   әдебиет   пен   өнер   саласында   бірдей   ерекше   танытқан,   қазақ 
өнерінде   сал-серілік,   айтыскерлік   (14   жасынан   бастап   айтысқа   түскен) 
дәстүрлерді жалғастырушы Кенен Әзірбаев (1884-1976) “екінші Жамбыл” 
атанды.   Кенен   алғашқы   әнін   (“Бозторғай”)   11   жасында,   ал   соңғы   әні 
“Ескерткішті”   92   жасында   дүние   салар   алдында   шығарды. 
Шығармашылық ғұмырының ұзақтығы жағынан (80 жылдан астам) Кенен 
ұлт   зиялыларының   ең   алдыңғы   қатарында   орын   алады.   Кенен   шын 
жүйрікке тән қасиет - сөз өнері мен саз өнерінде шеберлік таныта білді. 
Оның   ақындық,   әншілік,   сазгерлік   туындылары   жұртты   тамсандырды, 
ізбасарларын   алға   жетеледі.   Кенен   Әзірбаев   Қазақстанның   Жазушылар, 
Композиторлар   одақтарының   мүшесі,   алғашқылардың   бірі   болып   Қазақ 
КСР-і Халық ақыны аталу құрметіне ие болды. 
Сәкен   Сейфуллиннің   жақын   серігі,   Жамбылдың   әдеби   хатшысы 
болған Шәкір Әбеновтің (1900-1994) тағдыры өте күрделі болды. Жамбыл, 
Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар өкімет тарапынан қолдау тауып мейлінше 
марапатталып   жатқанда   Шәкір   Әбенов,   Файзолла   Сатыбалдыұлы, 
Олжабай Нұралыұлы аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратылды. Шәкір Әбенов 
бір   емес,   бірнеше   рет   абақтының   дәмін   татты.   Зорлыққа   мойымай 
ұлтжанды мазмұнды өлеңдер мен әндер жазуын жалғастыра берді. “Қозы 
Көрпеш – Баян сұлу” жырының Шәкір Әбенов жазған нұсқасы 1937 жылы 
“Әдебиет   және   искусство”   журналына   жарияланды.   Соғысқа   дейінгі 
жылдардан   бастап   ол   шежіре   жинаумен,   ел   аузындағы   аңыз-әңгімелер, 
жыр-дастандарды   жазып   алумен   шұғылданды.   Көптеген   ғылыми, 
көркемдік   маңызы   зор   фольклор   туындыларын   жоғалу   қаупінен   сақтап 
қалды.   Еліміздің   ардақты   ақсақалы   Шәкір   Әбенов   1991   жылы   10   - 
желтоқсан күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 
ақ батасын берді. 
Сәбит   Мұқанов   (1900-1973)   қазақ   әдебиетінің   тарихына   аса   ірі 
прозаик ретінде енді, негізінен әдебиеттің осы саласындағы жетістіктері 
үшін академик-жазушы дәрежесіне жетті. Әділін айтсақ, соғысқа дейінгі 
жылдары   қазақ   әдебиетінде   Сәбит   Мұқановтай   өндіре   еңбек   еткен 
романист   болған   жоқ.   Кейін   “Мөлдір   махаббат”   деген   атпен   өңделіп 
жазылған   “Адасқандар”   романы,   “Ботакөз”   болып   түзетілген   “Жұмбақ 
жалау” (1938) романы халықтың сүйіп оқитын кітаптарына айналды. 
Сәбит   Мұқановтың   аталған   романдарының   қайта   өңделіп,   аттары 
өзгеруіне   дөрекі   социологиялық   сын   себеп   болды.   “Адасқандар”   1931 
жылы баспадан шыққан бойы іле-шала қатал сынға ұшырады. Бірақ бұл 
145

сын   романның   1935   жылы   Мәскеуде   “Сын   бая”   деген   атпен   орысша 
шыққанда   ұшыраған   сынның   қасында   түк   емес   деуге   болады. 
Бүкілодақтық   “Комсомольская   правда”   газетінде   (1935,   6   қазан)   роман 
идеялық жағынан жарамсыз етілді. БК(б)П Қазақ өлкекомының тегеурінді 
талабымен Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы “Комсомольская 
правдадағы”   сынның   анық-қанығына   көз   жеткізу   үшін   Сәкен 
Сейфуллиннің төрағалығымен (мүшелері Мұхтар Әуезов пен Дубовицкий) 
арнайы   комиссия   тағайындады.   Мұрағатта   сақталған   осы   комиссияның 
қорытынды пікіріне қарағанда [263], комиссия газеттегі сынды негізінен 
дұрыс деп тауып, Сәбит Мұқановқа жасалған шабуылды одан әрі үдете 
түсті.  “Пролетар ақыны” жұмысшы табының жазушысы деген аттың өзі 
әділетсіз   сыннан   қорған   бола   алмағандығына   Сәбит   Мұқановтың   осы 
тұстағы тағдыры айқын көрсетеді.
Сондай-ақ қазақтың алғашқы романистері – Ілияс Жансүгіров (1894-
1938),   “Қызылжар”   романын   (1935),   Мәжит   Дәулетбаев   (1896-1938), 
“Менің   құрдастарым”   (1937)   атты   аяқталмай   қалған   романның   авторы 
Саттар   Ерубаев   (1914-1937),   “Өмір   мен   өлім”   романын   жазған   Ғабиден 
Мұстафин (1902-1985) роман жанрының қазақ әдебиетінде орнығып, күш 
алуына   көп   еңбек   сіңірді.   1937   жылы   10   ақпанда   “Қазақ   әдебиеті” 
газетінде   Мұхтар   Әуезовтің   “Татьянаның   қырдағы   әні”   атты   туындысы 
жарияланды.   Бұл   –   қазақ   романы   мен   прозасының   биік   шыңы,   ұлттық 
әдебиетіміздегі   теңдесі   жоқ   ең   үлкен   жетістігі   болып   табылатын   “Абай 
жолы” эпопеясының алғашқы кітабынан тұңғыш жарияланған үзіндісі еді. 
“Абай” романы (эпопеясының І томы) 1942 жылы жарық көрді.
Шығармашылық   жұмыспен   ертерек   айналысқанымен   Халижан 
Бекхожин   (1913-1990)   өзінің   өмірбаянында   “Нағыз   ақындық   жолым 
Алматыда, КазПИ-дің қабырғасында басталды” [264] деп жазды. Ақынның 
өмірбаяны мен жеке қағаздарында әдеби қызметімнің басталуы 1936 жыл, 
осы жылы өлеңдерім республикалық баспасөзде алғаш жарияланды, сол 
жылы   Жазушылар   одағына   мүше   болып   кірдім   деуінің   ар   жағында 
бірталай   сыр   жатты.   Ақан   сері,   Мәшһүр-Жүсіп   сынды   алыптармен 
айтысқан   Нұрғожа   ақынның   отбасында   дүниеге   келген   Халижан 
жастайынан   халық   шығармашылығына   жақын   болды.   Нұрғожа   ақын 
балаларға   жан-жақты   білім   беруге   көп   күш   салды.   Қазақ   молдасы   мен 
орыс учителінің алдын көрген Қалижан оқу-білімге ынталығын, әдебиетке 
бейімділігін   ерте   танытты.   Өлең   жазуға   бейімділік   оны   1931   жылы 
Павлодар аудандық “Колхоз” газетіне қызметке кіруіне себеп болды. Осы 
газеттің   жауапты   хатшысы   бола   жүріп   ол   Павлодар   өңірінің   ақын-
жазушыларының   басын  қосып  әдеби   үйірме   ұйымдастырды.  Осы   әдеби 
ұйымның атынан Қазақстан жазушылар одағының І-съезіне делегат болып 
қатысты. Съезден соң елге қайтпай, КазПИ-дің тіл-әдебиет факультетіне 
түсіп,   нағыз   әдеби   ортада   шынығуға   кірісті.   КазПИ-ді   бітіретін   жылы 
146

(1938)   Қалижан   Бекхожиннің   “Орман   қызы”   поэмасы   республикалық 
конкурста бәйге алды. 
1936   жылы   Оралда   шығатын   “Екпінді   құрылыс”   газетінде   Хамит 
Ерғалиевтің “Тұңғыш” атты өлеңі жарияланып, қазақ әдебиетіне қуатты 
таланттың   келгенін   паш   етті.   Ол   ұлы   сазгер   Құрманғазының,   академик 
Ахмет Жұбановтың поэзиялық бейнесін жасады, қазақ әдебиетінің поэма 
жанрын   өркендетуге   үлкен   үлес   қосты.   Кейін   Хамит   Ерғалиевтің 
шығармашылығын   саралай   келіп,   академик-сыншы   Зейнолла   Қабдолов 
ақынның   бес   абзал   қасиетін   тізіп   берді:   1.   Өз   дәуірі   талап   еткен   аса 
маңызды   сұрақтарға   жауап   іздеуде,   келелі   тақырыптар   мен   күрделі 
мәселелерді   көтергенде   ақын   тұтастық   пен   үндестік   қасиеттерді   айқын 
танытады.   2.   Дәуір   шындығын   көркем   жинақтаудағы   әдемі   әрекет   етуі 
және   эпикалық   жанрды   дамытудағы   абыройлы   еңбегі   болды.   3.   Қазақ 
поэзиясында   бүтін   бір   образдар   галереясын   жасағандығы.   4.   Көп 
ақындарға үлгі мен өнеге беретін мектеп болып табылатын эпикалық кең 
құлаш пен лирикалық терең тынысты ұштастыруы: “Хамит ақын ешкімге 
ұқсамағанымен,   оған   ұқсас   қаламгерлер   көп”.   5.   Поэзиясының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет