З. О. Дүкенбаева ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағЫ Ұлт зиялылары


ДӘРІС 6. КЕҢЕСТІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата11.01.2017
өлшемі1,08 Mb.
#1692
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ДӘРІС 6. КЕҢЕСТІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
Қазан төңкерісі бұрынғы ұлттық интеллигенцияны жоққа шығарып, 
жаңа   социалистік   сипаттағы   ұлттық   интеллигенция   құруды   міндет   етіп 
қойып,   осы   мақсатқа   жету   жолындағы   қауырт   іс-әрекеттерге   көшті. 
Қазақтың ақын жазушыларының бірен-сараны ғана Қазан революциясын 
құп көріп, негізгі бөлігі бұл төңкерісті қазақ халқына сырттан таңылған 
құбылыс   деп   қабылдады.   Революция   қарсаңында   қазақтың 
шығармашылық   интеллигенциясының   басым   көпшілігі   ұлттық-
демократиялық   көзқарасты   ұстанды.   Төңкерістен   кейін   олар   өз 
дүниетанымын бірден өзгерте алмады. Сондықтан 1917, 1918 жылдар ғана 
емес,   1925   жылы   да   “кеңестік”   деп   атауға   лайықты   қазақтың   ақын-
жазушылары әлі қалыптасып үлгермеген еді. Бұл кезеңде кеңестік ұлттық 
интеллигенцияның қалыптасуына қажетті қоғамдық негіз жасалды.
Қазақ   тіліндегі   кеңестік   алғашқы   республикалық   газет   –   1919 
жылдың 17-ші желтоқсанында 1-ші саны жарық көрген “Ұшқын” газеті 
болды.   Қазақ   баспасөзінің   қарашаңырағы   бүгінгі   “Егемен   Қазақстан” 
өзінің   тарихын   осы   “Ұшқыннан”   бастайды.   1920   жылы   13   қарашадан 
бастап газет “Еңбек туы”, 1921 жылы 7 қарашада “Еңбекшіл қазақ” атымен 
шықты. Ерекше атап өтілуге тиісті мәселе – газеттің бастауында тұрған 
адамдар   туралы   нақтылы   деректердің   тапшылығы.   Газеттің   1919-1922 
жылдары  редакторлары   мен  шығарушылары  жайында баспасөз  тарихын 
зерттеуші   ғалымдар   –   Қалижан   Бекхожин,   Саттар   Имашев,   Темірбек 
Қожакеев, Сағымбай Қозыбаев, Жарқынбек Бекболатов, т.б. әркім әр түрлі 
жазып жүр.
Соңғы уақытқа дейін “Ұшқынды” кім шығарды дегенде, “Казревком 
құрған Тәмимдер Сафиев бастаған редакциялық алқа (мүшелері Мерғали 
Ешмұхамбетов пен Әміржан Қаратаев)” деп жауап беріліп келді. Алайда, 
кейбір   деректерге   қарағанда   (мысалы   “Ана   тілі”,   1992,   7   мамыр) 
“Ұшқынның” алғашқы редакторы – 1938 жылы саяси қуғында қаза тапқан 
Халел   Есенбаев   болған.   Әртүрлі   басылымдарда   “Ұшқын”   –   “Еңбекшіл 
қазақтың”   1922   жылға   дейінгі   редакторлары   немесе   редакциялық 
алқасының   мүшелері   ретінде   Бернияз   Күлеев,   Смағұл   Сәдуақасов, 
Жүсіпбек   Аймауытов,   Сәкен   Сейфуллин,   Аманғали   Сегізбаев,   Сәбит 
Мұқановтардың   есімдері   аталады.   Дерек   көздері   нақты 
көрсетілмегендіктен   бұл   қаламгерлердің   газетті   шығаруға   қашан,   кім 
ретінде   қанша   уақыт   қатысқандығын   тексеріп-анықтау   қиын.   Бұл 
мағлұматтар газеттің  толық емес тігінділерінде көрсетілген деректермен 
қайшылыққа келеді. 
Мұрағаттық құжаттарда келтірілген мәліметтері де тексеруді қажет 
етеді. Біздіңше, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты қорында 
сақталған   төмендегі   екі   құжат   1921   және   1922   жылдардағы   газет 
70

редакциясының құрамын анықтауға септеседі. 1921 жылы 22 қазан күні 
РК(б)П   Қазақ   облкомы   (Киробком)   төралқасы   материалдық   жағдайдың 
қиындығынан   шықпай   тоқтап   қалған   “Еңбек   туы”   газетінің   орнына 
“Еңбекшіл   қазақ”   атты   газет   шығарылсын,   оның   редакция   алқасына 
Мұхтар   Әуезов,   Еркеғали   Алдоңғаров,   Әбдірахман   Байділдин,   Абдолла 
Асылбеков,   Телжанов   (бұл   кісі   туралы   дерек   таба   алмадық   –   З.Д.) 
енгізілсін   деген   қаулы   қабылдады  [105].   Көрсетілген   дерек   аталған   бес 
адамның   тек   екеуінің   ғана   (Еркеғали   Алдоңғаров   пен   Әбдірахман 
Байділдин) өмірбаянында расталады. 1926 жылдың 4 наурызында БК(б)П 
Қазақ өлкелік комитетінің үгіт-насихат бөлімінің қызметкері Әбдірахман 
Байділдин жазған ресми сипаттағы жазбасында “Еңбекшіл қазақ” газетінің 
1921 жылдың 7 қарашасы мен 1922 жылдың тамызына дейін төрт адамнан 
тұратын   –   Мұхтар   Әуезов,   Абдолла   Асылбеков,   Еркеғали   Алдоңғаров 
және   Әбдірахман   Байділдин   –   редакциялық   алқасының   шығарғандығы, 
1922   жылдың   тамыз   айында   газеттің   жауапты   редакторы   болып   Сәкен 
Сейфуллиннің   тағайындалғаны   айтылады  [106].   Бұл   дерек   Тұрсынбек 
Кәкішевтің   кітаптарында   расталады  [107].   Редакциялық   алқа   түріндегі 
ұжымдық   басқару   газет   өміріндегі   жеке   тұлғалардың   атқарған   қызметі 
туралы   талас   пікір   тудырса,   Сәкен   Сейфуллиннен   бастап   (1922-1924) 
газетті   басқарған   журналистер   –   Молдағали   Жолдыбаев   (1924-1925), 
Смағұл Сәдуақасов (1925-1926), Тұрар Рысқұлов (1926), Ораз Жандасов 
(1926),   Ораз   Исаев   (1926),   Ғаббас   Тоғжанов   (1926-1932),   Әйтіке   Мусин 
(1932-1934),   Ғабит   Мүсірепов   (1934-1936),   Жанайдар   Сәдуақасов, 
Жүсіпбек   Арыстанов,   Сақтаған   Бәйішевтердің   (1936-1941)   газеттің 
жауапты   редакторы   болған   күні   мен   айына   дейін   газеттің   өзінен   және 
мұрағаттық деректермен нақтыланды. 
1924   жылдың   17   қаңтарында   РК(б)П   Қазақ   обкомының   басшы 
қызметкері   Әбдірахман   Байділдин   Молдағали   Жолдыбаевқа   Кеңестер 
съезіне   делегат   болып   Мәскеуге   кеткен   Сәкен   Сейфуллиннің   орнына 
“Еңбекшіл қазақ” газетінің редакторы міндетін уақытша атқаруды жүктеді 
[108].   Сол   жылғы   11   сәуірде   РК(б)П   Қазақ   обкомының   төралқасы 
Молдағали   Жолдыбаевты   “Еңбекшіл   қазақтың”   редакторы,   ал   Зарап 
Темірбеков пен Рақым Сүгіровты редакция алқасының мүшесі етіп бекітті 
[109]. 1925 жылы 7 сәуірде Бейімбет Майлин БК(б)П Қазақ өлкекомының 
бюросының   шешімімен   “Еңбекшіл   қазақ”   газетінің   редакциясына 
қызметке жіберілді [110].
Көрнекті   қазақ   журналисі   Шәймерден   Тоқжігітов   1922   жылы   23 
ақпанда өз қолымен толтырған анкетасында Семейде басталған қоғамдық 
және шығармашылық қызметін тізіп шыққан [111]. Осы кісіге байланысты 
мұрағаттарда   табылған   құжаттар   белгілі   қаламгердің   еңбек   жолының 
белестерін   айқындай   түсуге   мүмкіндік   береді.   Шәймерден   Тоқжігітов 
1924-1925   жылдары   РК(б)П   Семей   губкомының   үгіт-насихат   бөлімін 
басқарды   әрі   “Қазақ   тілі”   газетінің   редакторы   қызметін   атқарды. 
71

Қазкрайкомның   тапсырмасымен   1924   жылдың   күзінде   семейлік   “Қазақ 
тілі”   газетінің   қызметін   арнайы   тексерген   Сәкен   Сейфуллин   газетінің 
саяси   бағыты   редакторлыққа   Шәймерден   Тоқжігітов   келгеннен   бері 
түзелді, оған дейін бұл газеттің таптық тұғыры айқын болмай келген еді, 
газеттің дұрыс жолға қойылуына Семей губерниялық атқару комитетінің 
төрағасы   Әбілқайыр   Досов   жолдастың   газет   редакциясының   қызметін 
тікелей бақылауға алуының үлкен ықпалы болды деп жазды  [112]. Айта 
кету   керек,   Сәкен   Сейфуллин   оң   бағасын   берген   Әбілқайыр   Досовтың 
(1899-1938) ұлттық баспасөз ісінің дамуына қосқан үлесінің айтарлықтай 
болғандығын айғақтайтын мұрағаттық деректер бірталай кездеседі.  1920 
ж. ол Омбыда шыққан “Кедей сөзі” газетінің редакторы да болды. 1925 
жылдың   9   қаңтарындағы   губкомның   мәжілісінде   ол   қалың   ауыл 
бұқарасына   арналған   журнал   шығару   мәселесін   көтерді.   Губерния 
басшылығын   құптатып,   қажетті   қаражат   көздерін   тауып,   журналдың 
алғашқы   сандарын   шығарды.   Журналдың   редакторы   болып   Шаймерден 
Тоқжігітов, мүшелері – губерниялық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі 
Сейдалин   және   қаламгер   Жантілеуов   Қали   бекітілді  [113].   Абайдың 
оншақты   өлеңдерін   алғаш   жариялаған   “Таң”   журналы   осылай   дүниеге 
келген   еді.   БК(б)П   Қазақ   өлкекомының   бюросы   1925   жылы   20   сәуірде 
Шәймерден   Тоқжігітовты   Ташкентке   “Ақжол”   газетінің   редакторы   етіп 
жіберу туралы шешім қабылдады [114]. Шәймерден Тоқжігітов Семейден 
кеткен соң журналды ешкім қорғап қала алмады. БК(б)П Қазақ өлкелік 
комитетінің   бюросы   1925   жылы   2   маусымдағы   отырысында 
Казкрайкомның ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Н.И.Ежовтың (1936-
1938   жылдары   КСРО   ішкі   істер   халкомы   болды)   баяндамасы   бойынша 
“Таң” журналын жапты [115].
Қазақ публицистикасының (көсемсөзінің) өсіп-дамуы журналистиканың 
қалыптасуымен   тығыз   байланысты   болды.   Ғалымдар   кеңестік   дәуірде 
жарыққа шыққан тұңғыш публицистикалық кітап деп Абдолла Асылбековтың 
“Біздің де күніміз туды” (Орынбор, 1921) шығармасын бірауыздан атайды. 
Абдолла Асылбековтың ізін ала Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Ерғали 
Алдоңғаров,   Әбдірахман   Айсарин,   Молдағали   Жолдыбаев,   Аманғали 
Сегізбаев,   Нағима   Арықова,   Сара   Есова,   Шәймерден   Тоқжігітов,   Хамза 
Жүсіпбеков сынды публицистер шықты. Жергілікті және орталық баспасөз 
бетінде   өз   орталықтарының   өзекті   мәселелерін   көтерген   қазақ 
публицистерінің қатары жыл өткен сайын арта түсті.
Жиырмасыншы   ғасырдың   басынан   бастап,   Ұлы   Отан   соғысына 
дейінгі жылдар қазақ журналистерінің сан және сапа жағынан қарыштап 
өскен   кезеңі   болды.   Ғасыр   басында  “Айқап”,  “Қазақ”  сынды   ұлтжанды 
басылымдарды   шығарған   алғашқы   журналшылдар   Қазан   төңкерісінен 
кейін жаңа сипаттағы басылымдардың  шығуына көмектесті, тілшілердің 
жас   ұрпағын   әдеби   шеберлікке   баулыды.   Олардың   адал   еңбегінің 
арқасында мерзімді баспасөздің ел өмірінде алатын орны өзгерді. 
72

Қазақ тілінде “журналист” деген сөз әлі қолданбаған заманда газет-
журналдардың авторлары “жазушы” делінді. “Тілші” деген термин қазақ 
тілінде жиырмасыншы жылдары қолданысқа еніп, бас кезінде “жазушы” 
терминімен қатар айтылып келді. “Жазушы дегеніміз екі түрлі, - деп жазды 
Сәбит Дөнентаев, – бірі – әрі оқулы, әрі газет-журналдың мәнісін білетін 
адамдар;   екіншісі   –   көзі   ашық   қана,   жазу   танитын   ел   кісілері. 
Әуелдегілерге біз жаз, жазба деп еш нәрсе айта алмаймыз. Өйткені олар 
қолы тиіп,  жазғысы  келсе,  біз  айтпай-ақ жазар.  –  біз  салғанда  қолқаны 
елдегі   жазу   танитын   ақсақалдар,   жастарға   саламыз”  [116]  деп   елдегі 
оқығандарды, ауылдағы түрлі дарын иелерін ұлттық баспасөз жұмысына 
үн   қосуға   шақырды.   “Жазушы”,   “тілші”   терминдерімен   қоса   кейде 
“газетші”   және   “журналшы”   (қазір   “Ана   тілі”   газеті   “журналист”   деген 
сөздің қазақша баламасы ретінде қолданады) сөздері де пайдаланылады.
Арнаулы   оқу   орындары   жоқ   заманда   тілші   ретінде   газет-журнал 
бетінде   үлкенді-кішілі   шығармашылық   туындыларды   жариялау   –   қазақ 
журналистерінің   қалыптасуының   басты   жолы   болды.   Дарынды   әрі 
белсенді   авторлар   газет   редакцияларына   қызметке   алынып   маман 
журналистерге  айналды.   Ұлттық  журналистер  БАҚ  құралдарының  төрт-
бес   түрінде   өсіп   жетілді:   жергілікті   (уездік,   округтық,   аудандық, 
губерниялық,   облыстық)   газеттерде;   орталық   яғни   республикалық 
басылымдарда; салалық (“Ауыл тілі”, Наркомземнің “Колхоз”, Түрксібтің 
“Теміржолшы”   газеттері,   т.б.)   БАҚ   құралдарында;   мекемелер   мен   оқу 
орындарының   қабырға   газеттері   мен   қолжазба   журналдарында; 
радиожурналистика   (жергілікті   және   республикалық   радиотораптарда 
шығармашылық қызмет істеу арқылы). 
Соғысқа   дейінгі   жылдар   ұлттық   баспасөздің   қаулап   өскен   кезеңі 
болды. 1917-1919 жылдары қазақ журналистері “Сары-арқа” (Семей, 1917-
1919),   –   редакторлары:   Х.Ғаббасұлы,   Имам   Әлімбекұлы,   Райымжан 
Мәрсекұлы; “Тіршілік” (Ақмола, 1917-1918), шығарушылары: Рақымжан 
Дүйсенбаев,   Сәкен   Сейфуллин,   Абдолла   Асылбеков,   Бәкен   Серікбаев; 
“Ұран” (Орда, 1917-1918) – Ғ. Мұсағалиев, “Бірлік туы” (Ташкент, 1917-
1918)   –   Мұстафа   Шоқай,   Сұлтанбек   Қожанов,   Қайретдин   Болғанбаев; 
“Жас азамат” (Омбы, Қызылжар, 1918-1919) – Қошке Кемеңгерұлы, Біләл 
Малдыбайұлы,   т.б.;   “Абай”   журналы   (Семей,   1918)   –   Жүсіпбек 
Аймауытов,   Мұхтар   Әуезов;   “Дұрыстық   жолы”   (Орда,   1919)   – 
Наркомнацтың   Бөкей   облыстық   бөлімшесінің   үні;   “Ұшқын”   (Орынбор, 
1919-1920)   –   Қазақ   ревкомының   үні   сияқты,   т.б.   басылымдар   дүниеге 
келсе,   1920-1925   жылдары   мұнан   әлдеқайда   көп   газет-журналдар   пайда 
болды: “Ақжол” (Ташкент, 1920-1925) – Сұлтанбек Қожанов, Міржақып 
Дулатов,   Ғазымбек   Бірімжанов   және   т.б.;   “Бостандық   туы”   (Қызылжар, 
1921-1928) – Сабыр  Айтқожин, Әбдірахман Айсарин, Жақан  Сыздықов, 
Мәжит   Дәулетбаев,   Сәбит   Мұқанов,   т.б.;   “Жас   Алаш!   (Ташкент,   1921-
1922) – Ғани Мұратбаев, Ілияс Жансүгіров, Сара Есова; “Өртең” (Орынбор, 
73

1922) – Смағұл Сәдуақасов, Еркеғали Алдоңғаров, Әбдірахман Байділдин, 
т.б;   “Жас   қайрат”   (Ташкент,   1922)   –   Ғани   Мұратбаев,   Сәдуақас 
Баймаханов, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.; “Шолпан” (Ташкент, 1922 - 1923), 
“Сана”   (Ташкент,   1923-1924)   –   Халел   Досмұхамедов,   Мұхтар   Әуезов, 
Мағжан   Жұмабаев,   Иса   Тоқтыбаев,   т.б.;   “Темірқазық”   (Мәскеу,   1923) 
РКФСР   Ұлт   істері   халкоматының   үні;   “Ауыл”   (Қостанай,   1923)   – 
Мұхаметжан Сералин, Бейімбет Майлин, т.б.; “Таң” (Семей, 1924-1925) – 
Мұхтар Әуезов, Шәймерден Тоқжігітов; “Жаңа мектеп” (Қызылорда, 1925) 
– Қазақ АКСР Халық ағарту халкоматының үні, т.б.
1921   жылы   22   наурызда   Ташкент   қаласында   Ғани   Мұратбаевтың 
редакторлығымен   қазақ   жастарына   арналған   тұңғыш   басылым   –   “Жас 
алаш”   газетінің   тұңғыш   саны   жарық   көрді.   Алғашында   Қазақстанның 
оңтүстігінде ғана (Түркістан АКСР-де) тараған осы газетті шығаруға Ғани 
Мұратбаев, Ілияс Жансүгіров, Сара Есова белсене араласты. “Жас алаш” 
1922   жылдың   тамыз   айына   дейін   шығып   тұрды.   1922   жылдың   бірінші 
қыркүйегінен   бастап   “Жас   алаштың”   орнына   “Жас   қайрат”   газеті   шыға 
бастады   (Ташкент).   Бұл   газетті   шығарушылар   Ерғали   Алдоңғаров,   Иса 
Тоқтыбаев,   Өтебай   Тұрманжанов   болды.   1924   жылдан   бастап   “Жас 
қайрат”   журнал   болып   шықты.   Темірбек   Қожакеев:   “Газет   кезінде   де, 
журнал болып тұрғанда да оған Ғани Мұратбаев тікелей басшылық етті” 
[117]  деп   әділін   жазады.   Сонымен   бірге   Ташкентте   шыққан   жастар 
басылымдарына   “Ақжолдағы”   зиялылардың   үлкен   көмегін   ашып 
айтуымыз   керек.   Қазақ   автономиялық   республикасындағы   жастардың 
тұңғыш   басылымы   –   “Өртең”   газетін   (Орынбор,   1922   ж.)   Ахмет 
Байтұрсынов,   Смағұл   Сәдуақасов,   Ерғали   Алдоңғаров,   Әбдірахман 
Байділдин шығарды. “Өртең” газеті екі ай шығып тұрды.
Қазақтың   жастар   баспасөзін   ұйымдастырушылардың   ең   көрнектісі 
Ғани Мұратбаев (1902-1925) болды. Ғани Мұратбаев аз ғана уақыт ішінде 
өзін   үлкен   қоғам   қайраткері,   талантты   ұйымдастырушы,   дарынды 
журналист,   редактор,   публицист,   аудармашы   ретінде   танытып   кетті. 
Газеттерге   1920   жылдан   бастап   жаза   бастаған   Сара   Есова   өзінің 
естелігінде: “Маған журналистика жұмысында өз күшіңді сынап көр деп 
кеңес   берген   Ғани   Мұратбаев   болатын.   Жастар   өз   ортасынан   талантты 
публицистер   кадрларын   даярлау   керектігі   жайында   ол   өте   қыза 
әңгімелеуші   еді.   Мен   оның   кеңесіне   құлақ   асып,   1922   жылдан   бастап 
бүтіндей газет жұмысына ауыстым. Әуелі Жетісудан облыстық қазақ газеті 
“Тілшіде”   редактор,   ал   кейініректе   “Әйел   теңдігі”   журналына   редактор 
болдым” [118] деп жазды. 
Тамаша   журналист   Ерғали   Алдоңғаровтың   (1901-1930)   бірталай 
қазақ басылымдарының бастауында тұрғандығы белгілі. Соның бір айғағы 
–   төменде   келтірілетін   құжат.   1923   жылы   17   қазанда   Қазақ   КЖО-ның 
саяси-ағарту бөлімінің алқасында Е.Алдоңғаров қазақ жастарына арналған 
журнал шығару туралы мәселе қойып, басшыларды “Жас қазақ” журналын 
74

шығаруға көндірді. Журналдың 5 адамнан тұратын (Еркеғали Алдоңғаров, 
Смағұл   Сәдуақасов,   Алма   Оразбаева,   Иса   Тоқтыбаев,   Қазанғапов) 
редакциясы да осы күні бекітілді  [119]. “Жас қазақ” журналы 1923-1925 
жылдары   шығып   тұрды.   1924   жылдың   8   ақпанында   “Лениншіл   жас” 
газетінің   алғашқы   саны   жарық   көрді.   Газет   редакторы   Еркеғали 
Алдоңғарұлының   жазған   бас   мақаласында   жаңа   басылымның   мақсаты: 
“елдегі надан жастарды оқуға шақыру” деп түсіндірілді.
Еркеғали Алдоңғаров 1925 жылы шыққан “Пионер” журналының да 
тұңғыш   редакторы   болды.   Осы   журналдың   алғашқы   санында   Шолпан 
Иманбаеваның   өлеңдері   жарияланды.   Жастар   баспасөзінде   шыныққан 
Еркеғали Алдоңғаров “Еңбекші қазақ” газетінің жауапты хатшысына дейін 
көтерілді.   Еркеғали   Алдоңғаров   жас   қаламгерлерге   өнеге   көрсетті, 
олардың   шығармашылық   жағынан   төселуіне   үлкен   қамқор   бола   білді. 
“Менің дүниетану әліппемнің бетін ашқан, алғашқы сабақты берген аяулы 
Еркеғали Алдоңғаров еді” [120] деп еске алады қазақ журналистикасының 
ардагері Ахмет Елшібеков.
1925   жылдың   күзінде   Мәскеуге   келіп,   Бүкілодақтық   Коммунистік 
журналистика   институтына   (КИЖ)   оқуға   түскен   Ілияс   Жансүгіров 
қазақтың   күнделікті   басылымдары   уақытында   келіп   жетпегендіктен, 
ұлттық баспасөзден қол үзіп қалғандай сезінді. Мұндай жағдайға төзгісі 
келмеген   Ілияс   Жансүгіров   БК(б)П   Қазақ   өлкекомының   үгіт-насихат 
бөліміне   хат   жолдап,   Мәскеуде   оқитын   қазақ   студенттеріне   “Еңбекші 
қазақ”, “Жас қайрат” және “Советская степь” газеттерін жіберіп тұруын 
сұрады (1925 жыл 28 қазан). Қазөлкеком АПО-сының меңгерушісі Ораз 
Жандосов   аталған   газеттердің   бір   данасын   КИЖ   студенттері   Ілияс 
Жансүгіров пен Ықылас Ысқақовтың атына міндетті түрде жіберіп тұруды 
міндеттеп редакцияларға нұсқау берді (1925 жылдың бесінші қарашасы) 
[121].
Сөз   шеберлігіне   бейімділік,   ақындық   дарынның   ерте   байқалуы   – 
ақындардың шығармашылығын зерттеуден келіп шығатын заңдылық деуге 
болады.   Мұны   аз   ғана   ғұмыр   сүрсе   де   ақындық,   қаламгерлік   өнерімен 
жарқырап   өткен   Сұлтанмахмұт   Торайғыров   (1893-1920),   Бейсенғали 
Жәнікешев (1894-1921), Баймағамбет Ізтөлин (1899-1921), Бернияз Күлеев 
(1901-1930), Шолпан Иманбаева (1904-1926), шығармашылығы растайды. 
1922   жылы   “Қызыл   Қазақстан”   журналының   он   үшінші   санында 
Елжас   Бекеновтың   “Бидің   жауыздығы”   атты   әңгімесі   жарық   көрді.   Бұл 
әңгіме жазушы, журналист Елжас Бекеновтың тырнақалды туындысы еді. 
Аз   уақыт   ішінде   талапты,   әрі   шебер   қаламгер   болып   республикаға 
танылған   Елжас   Бекеновтың   өмірбаяны   қызықты,   ал   шығармашылық 
мұрасы   ауқымды   болды.   Шығармашылық   интеллигенция   өкіліне 
айналмастан бұрын ол Көкшетау, Қызылжар, Томск губерниясында қара 
жұмысшы, 1916 жылы бірінші дүниежүзілік соғыстың майдан жұмысына 
алынғандар  қатарында  болды,  мұғалімдік етті,  Сәбит  Мұқановпен   бірге 
75

Кеңес   қызметіне   қатысты,   Көкшетау   уездік   халық   ағарту   бөлімінің 
меңгерушісі болды, Орынбор рабфагінде оқыды. 1922 жылдан бастап он 
бес   жылдай   Қазақстанның   әдеби   өміріне   бір   кісідей   атсалысқан   Елжас 
Бекенов   көптеген   газет   редакцияларында,   республикалық   кәсіподақ, 
бақылау   комиссиясы   (РКИ),   Қазақ   АКСР-і   ОАК-нің   жергіліктендіру 
комитетінде жауапты қызметтер атқарды. Мәскеудегі БК(б)П жанындағы 
Орталық марксизм-ленинизм курсының редакторлық бөлімін оқып бітірді 
(1931-1933).   КНИИМЛ-да   ғылыми   қызметкер   болды.   Ұлтшыл   атанып 
ұсталар алдында 1937 жылы Қазақстан Главлитосының саяси редакторы 
болған еді. 
1923 жылы “Ақ жол” газетінде Өтебай Тұрманжановтың (1904-1978) 
өлеңі тұңғыш рет жарық көрді. Қазақ әдебиетіне көп қырлы талант иесі 
келді.   Өз   қолымен   жазған   өмірбаянында   (1937   жылы   14   қарашасында 
жазылған)   1918-1920   жылдары   “Ташкенттің   беспризорныйы” 
болғандығын,   1920-1922   жылдары   балалар   үйінде,   одан   соң   Мәскеуде 
КУТВ-ны   оқып   бітіргендігін   (1922-1925),   жеті   жыл   бойы   Ташкенттегі 
Ортаазиялық   Комуниверситетінде   оқытушы   болып   1931   жылдан   бастап 
Алматыда   Казиздатта   сектор   меңгерушісі   әрі   КазПИ-де   қазақ   әдебиеті 
пәнінің оқытушысы, 1933-1934 жылдары Балқашта “Балқаш жұмысшысы” 
газетінің  жауапты хатшысы, 1934-1937 жылдары “Қазақ  әдебиеті”  және 
“Әдебиет майданы” редакторының  орынбасары қызметін атқарғандығын 
атап көрсетті [122]. 
Зиялылығы,   өткір   қаламы   мен   шыққан   тегі   саяси   репрессияға 
ұшырауына   себеп   болған   Қадыр   Тайшықовтың   (1900-1937),   алғашқы 
туындылары 1924 жылы жарық көрді. Ол шебер журналист, нәзік ақын, 
прозаик,   өткір   сықақшы,   фельетоншы,   дарынды   композитор   әрі   әдеби 
аудармашы   болды.   Ғалым   Бейсенбай   Кенжебаев   Қадыр  Тайшықовтың 
шығарған 3-4 әндері мен күйдің аттарын келтіреді [123]. Әкесі Баспақ бай 
әрі   би   болғандықтан   Қадыр  Тайшықов  1928   жылы   Ортаазиялық 
университеттен (САГУ) қуылды. Оқыған-тоқығаны көп, өнімді еңбегімен 
көпке белгілі болған Қадыр Тайшықов өзінің шығармашылық бейнесімен 
Бейімбет Майлинге жақын тұрған қаламгер. 
Драматургия   әдеби   шығармашылықтың   ең   күрделі   түрінің   бірі 
болып   саналады.   Драматургтер   ең   алдымен   жазушылар,   кейде   ақындар. 
Драматургия жанрының күрделі, қиын болатын себебі – егер прозаиктер 
шығармаларында түрлі сипаттаулар, әңгімелеу, түсіндірмелерді еркін әрі 
кеңінен пайдаланатын болса, поэзиялық туындылар толығымен автордың 
қасиеттері мен өзгешеліктеріне  негізделеді.  Ал драмалық шығармаларда 
авторлар   байқалмайды,   барлық   тартыс   кейіпкерлердің   сөздері   арқылы, 
диалогтар мен монологтардағы адамдардың ақыл-парасаты, дүниетанымы, 
көзқарастарының қақтығысы, шиеленіскен күресі арқылы жеткізіледі. 
Ақын-жазушылар   үшін   басты   сыншы   –   кітаптарының   оқушылары 
болса, драматургтер үшін – театр көрермендері болып табылады. Қаламгер 
76

ойының   жемісі   болып   қағазға   түскен   драмалық   шығарма   жан   бітіретін 
өнер   ордасы   –   театр.   Драма,   трагедия,   комедия   –   әдебиет   пен   өнердің 
жиынтығы, ал драматург-әдебиет пен өнерді меңгерген жазушы, әдебиет 
пен сахнаның мол тәрбиелік мүмкіндіктерін халық пайдасына жаратуды 
ойлаған зиялы адам, шығармашыл еңбекқор.
Қазақ   драматургиясының   негізін   Көлбай   Тоғысов   (Төгісов), 
Иманғали Меңдіханов, Бейімбет Майлин, Бекмұхамед Серкебаевтар Қазан 
төңкерісіне   дейін   қалаған   еді.   Ал   ұлттық   драматургияны   толыққанды 
әдеби жанр ретінде қалыптасуы соғысқа дейінгі жылдары өтті. Алғашқы 
драмалық   шығармаларының   жазылу   уақытына   қарап   кеңестік   дәуірдің 
драматургтерінің пайда болу процессін жүйелеуге әбден болады. Алдымен 
1917-1918   жылдары   драматургияға   иық   тіресе   келген   Жүсіпбек 
Аймауытов,   Мұхтар   Әуезов,   Сәкен   Сейфуллин,   Қошке   Кемеңгеровтың 
есімдері   аталуға   тиіс.   Жүсіпбек   Аймауытов   өзінің   “Рабиға”, 
“Мансапқорлар”, “Қанапия – Шарбану” пьесаларының 1916-1917 жылдары 
жазылғандығы   туралы   дерек   қалдырды  [124].   Мұхтар   Әуезов   тұңғыш 
пьесасы “Еңлік-Кебекті” 1917 жылы жазды. Сәкен Сейфуллиннің “Бақыт 
жолына” және Қошке Кемеңгеровтің “Әулие тәуіп” пьесалары 1918 жылы 
жазылды.   Бұл   төрт   қаламгер   кейінгі   жазған   пьесаларымен   бірге   қазақ 
драматургиясында жетекші рөл атқарады.
Халықтың   ортасынан   шыққан   өнерпаздар    әншілер,   күйшілер, 
сазгерлер, бишілер, сәулетшілердің қызметі елге ұнағанымен билік басына 
келген   коммунистердің   қолдауына   бірден   ие   болмады.   Өнердің   ұлттық 
сипаты мен мазмұнына большевиктік шабуыл жасалды. Қазақ түсінігіне 
жат идеологиялық-таптық құндылықтар күштеп енгізілді. 
Қазан   төңкерісінен   кейінгі   кезеңде   ұлттық   шығармашылық 
интеллигенцияның   құрамдас   бөлігі    өнер   иелері   сан   және   сапалық 
өзгерістерге ұшырады. Таптық күрес, саяси сипаттағы қауырт жүргізілген 
науқандар,   қызыл   идеологияның   қысымы    бұл   кезеңді   интеллигенция 
үшін   бір   қалыпты   даму   кезеңі   етпеді.   Өнер   адамдарының   тағдыры, 
олармен бірге жалпы қазақ халқының тағдыры ауыр сынға түсті.
Қазақтың дәстүрлі қоғамында ақын-жыраулар кәсіпқой топ, маман 
иелері ретінде жеке бөлініп шықса, өнерпаздар (әншілер, күйшілер, сазгер-
композиторлар,   т.б.)   көбінесе   әуесқойлар   түрінде   қабылданды.   Олар 
өнердің   бір   немесе   бірнеше   түрлерін   игергенімен   әдетте   өзінің   негізгі 
шаруасынан   қол   үзбей   келді.   Әнші,   күйші   яки   сәулетші   болып,   маман 
ретінде   ерекшеленіп   бөлінгендер   туабітті   дарын   иесі   болуымен   қатар 
негізгі кәсібі  мал шаруашылығынан қол үзіп өнер иесінің тұрақсыз қиын 
тіршілігінен қорықпай, өз өнерінің күш-қуатына сенгендер  еді. Есімдері 
мен   шығармалары   ел   есінде   қалғандардың   көбі   де   осы   таза   өнерге   бет 
бұрған өнерпаздар еді.
Әншілік өнердің көп ғасырлық тарихы болғанымен, өнер иелерінің 
қалың   тобында   сан   жағынан   басымы   осы   әншілер   болса   –   дағы, 
77

жиырмасыншы ғасырға дейін әншілердің (кейде өлеңшілер делінеді) жеке 
әлеуметтік топ ретінде көрінбеуінің басты себебі    тек қана ән айтумен 
айналысатын   өнерпаздардың   сирек   кездесуі.   Өлең   айтуды   кәсіп 
етпегенімен   әншілік   өнер   шығармашылық   интеллигенция   өкілдерінің 
көбіне   тән   болды.   Мысалға,   Тұрағұл   Абайұлы   (1875-1934)   әкесінің 
жиырмаға  жуық әндерін кенже баласы Мәкенге (1912 ж.т.) үйретіп Абай 
әндерінің   сақталуына   себепкер   болды.   Мәкен   Тұрағұлқызының 
орындауында  “Онегиннің   Татьянаға   жазған   хаты”  (“Хұп   білемін,   сізге 
жақпас”)   сынды   әндерді   1939   жылы   Ахмет   Жұбанов,   кейінірек   Борис 
Ерзакович, А.Серікбаева, Қ.Жүзбасов нотаға түсірді.
Сарыарқаның   жезтаңдай   әншісі,   Жарылғапбердінің   (1851-1914) 
шәкірті Қали Байжановтың (1877-1966) есімі қазақтың кеңестік дәуірдегі 
ән   өнерінің   іргесін   қалаушылардың   бірі   ретінде   қастерленіп   келді. 
Анызында ол ұлттық өнердің дамуына төңкеріске дейінгі кезеңде көп үлес 
қосып үлгерген сақа әнші еді. Қалидың орындауындағы халық әндері мен 
Біржан   сал,   Ақан   сері,   Жаяу   Мұса,   Жарылғапбердінің   әндерін   бір 
тыңдаған   адам   оның   құдіретті   үнін   ешқашан   ұмытпайтын   еді.   Ол   1932 
жылдан   бастап   өмірінің   аяғына   дейін   Қарағанды   радиосының   солист 
әншісі   болды.   Қазақ   өнерінің   баға   жетпес   қазынасы   ретінде   Қали 
Байжановтың орындауында елуге жуық ән таспасы сақталып қалды. Қали 
Байжановтың   ізбасар-шәкірті   Жабай   Тоғандықов   (1889-1956)   та   1932 
жылдан   бастап   өмір   бойы   Қарағанды   радиосының   әншісі   болды. 
А.В.Затаевич   Сарыарқа   әншілер   мектебінің   ірі   өкілі   Ғаббас   Айтбаевты 
(1882-1929) “өте сирек кездесетін әнші-ақын” деп жоғары бағалап, Ғаббас 
Айтбаевтың орындауында 12 әнді нотаға түсірді.
Ташкентте   Романовтардың   таққа   отыруына   300-жылдығына   орай 
өткізілген өнер байқауында (1913 жылдан) бас бәйгі атақты Қараторғай – 
Шолпан Жанболатқызына (1889-1923) берілген еді. Содан бері ән әншінің 
есіміне айналды. Қараторғай    Шолпанның өмірін зерттеп, насихаттаған 
жазушы   Айтбай   Хангелдин   (1906-1981)   ол   туралы  “Қараторғай”  атты 
деректі   повесть   жазды   (Алматы,   Жазушы,   1971).   Шолпан 
Жанболатқызының орындауында 1913 немесе 1914 жылдары грамофонға 
жазып   алынған  “Қараторғай”,  “Ахау,   Семей”  әндері    таспаға   түскен 
алғашқы   қазақ   әндері   саналады.   Зерттеушілер   Шолпан  Жанболатқызы 
орындаған   әнді  “Сырдың   Қараторғайы”  деп   атады.   Бұл   атау   Шолпан 
Жанболатқызының   өзі   шығарып,   өзі   орындаған  “Қараторғайды”  өзге 
“Қараторғайлардан”  айыру   үшін   қолданылды.  “Қараторғай”  әнінің   он 
шақты   түр-нұсқалары,   оның   ішінде   Ақан   серінің,   Үкілі   Ыбырайдың, 
авторлары ұмытылып халық әндері делініп кеткендері де белгілі. Ал осы 
Шолпан  Жанболатқызының  “Қараторғайын”  жоғалтпай,   бүкіл   қазақтың 
сүйіп тыңдайтын әніне айналдырған әйгілі әнші Жамал Омарова (1912-
1976)   болды.   отызыншы   жылдардан   бастап   қазақтар   жаңа   туған   қыз 
балаларына  “Жамалдай   елдің   сүйіктісі   болсын”  деп   Жамал   атын   беру 
78

әдетке   айналды.   Өнертанушы   З.Қоспақов   пен   жазушы   Б.Нұржекеұлы 
Ж.Омарованың атақты  “Ақбөпе” әнін (бұл әнді шығарған “Ашаның алты 
салы” атанған Шу өңірінің өнерпаздарының бірі Сауытбек Ұсауұлы (1870-
1932)   Құрманбек   Жандарбековтен   үйреніп,   күйтабаққа   жазып   бізге 
жеткізгендігін жоғары бағалады [125].
Арқаның   аса   дарынды   әншілерінің   бірі   Қосымжан   Бабақовтың 
(1891-1956) есімі көпке кеңінен белгілі болды. Ол бірталай тамаша әндер 
шығарған шебер композитор да болды. Ол 1930-1937 жылдары Қарағанды 
облрадиосының   хорында,   1937-1943   жылдары   Қазақ   филармониясында 
әнші болды. Қосымжан Бабақовтың шығармашылығы халқының көңілінен 
шыққанымен,   Коммунистік  партия   басшылығына   жақпай,   еңбегі   тиісті 
дәрежеде   бағаланбады.   1930   жылы   арнайы   шақырумен   Қарқаралыдан 
Алматыға   атақты   әнші   Қуан   Лекеров   (1896-1955)   келді   де,   Қазақ 
радиосының   әншісі   болып   орналасып,   қазақ   әнінің   де,   радионың   да 
беделін   көтерді.   Драма   және   музыка   театрында   жұрттың   есінде   қалған 
бірталай   рөлдерді   сомдады.   Арнаулы   концерттік   бригадалар   құрамында 
республиканы   аралап,   шалғай   ауылдарда   халық   әндері   мен   қазақ 
композиторларының   әндерін   шырқады.   Оның   есімі   ел   арасына   кеңінен 
тарап, сый-құрметке бөленді. 1939 жылы Қуан Лекеровке республиканың 
еңбек сіңірген артисі атағы берілді. 
Қатарынан   озып   үздік   шыққан,   елінің   сүйіспеншілігіне   бөленген, 
Жүсіпбек Елебеков (1904-1977) жастайынан  “Әнші бала”  атанып, Қоянды 
жәрмеңкесінде,   Семейдің  “Ес  –  аймақ”  группасында   ән   салды. 
Каздрамтеатрда   (1931-1935),   Қазақ   филармониясында   (1935-1960)   қызмет 
атқара   жүріп,   халық   әндерін,   музыкалық   фольклорды,   Абай   әндерінен 
бастап, репертуарын үнемі кеңейтіп отырды. Жүсіпбек Елебеков Естайдың 
“Жайқоңыр”  сынды   әндерін   орындағанда,   білетін   адамдардың   пікірінше, 
автордың өзінен кем емес, кейде тіпті ажарландырып айтатын болған [126].
Естайдың өз аузынан естіп үйренген “Наз қоңыр”, “Бір мысқал” атты 
сұлу әндерін республикалық радиоға жаздырған керекулік әнші Байғабыл 
Жылқыбаев   (1893-1983)   бұрын   естілмей   жүрген   Біржан   салдың 
“Теміртас”, Ақан серінің  “Нәзік гүл”, Майраның  “Толқыма”  т.б. әндерді 
таспаға   жазып   қалдырды.   Елді   әншілік   талантымен   тамсандырған 
қызылжарлық   айтыскер   ақын   Игібай   Әлібаев   ауыл   мұғалімі,   артисі, 
соғыстан   кейін   (1945-1948)   Солтүстік   Қазақстан   облыстық 
филармониясының көркемдік жетекшісі қызметкерін атқарды.
Ұлттық ән өнерінің жарқын жұлдызы Әміре Қашаубаев (1888-1934) 
1925   жылы   Парижде,   1927   жылы   Майндағы   Франкфуртте   (Германия) 
қазақ   өнерімен   шетелдіктерді   алғаш   таныстырды.   Халықтың   қалың 
ортасынан   дарын   қуатымен   суырылып   шыққан   Әміренің   еңбегі   көзі 
тірісінде   де,   кейінгі   заманда   да   өкімет   пен   партия   тарапынан   тиісті 
дәрежеде бағаланбады. Әншінің шын қадірін түсініп, Әміре Қашаубаевтың 
есімін   сақтауға   бағытталған   арнайы   бұйрық   шығарған   (1934   жыл  19 
79

қараша) [127]  Оқу халық комиссары Темірбек Жүргеновтің бастамалары 
қолдау   таппады.   Әміре   Қашаубаевқа  байланысты   деректер   қоры   үнемі 
ұлғая   түсуде.   Бұл   деректер   Әміре   Қашаубаевтың   мәдениет   тарихында 
алатын орнын қайта саралап, зерттеу қажеттігін көрсетеді.
Әлихан Бөкейханұлы  1925  жылы  маусымда Ахмет  Байтұрсыновқа 
жазған   хатында   Әміренің   Парижге   сапарына   үлкен   мән   беріп, 
еуропалықтар   алдында   ұятты   болмау   үшін   оған   қазақтың   ең   мәнді 
өлеңдерін   жаттатқызуды,   еуропалық   костюм   кигізбей   ұлттық   киіммен 
барғандығын   қалайтынын   білдірді   [128].   Алаштың   тағы   бір   үлкен 
қайраткері Мұстафа Шоқай шетелде жүріп Әміре  Қашабаевтың  бірнеше 
әндерін   патефон   табақшаларына   жаздырып   алды.   1943   жылы   Герман 
әскерінің соғыс тұтқыны болған Уақит Тұрысбеков Париждегі Мұстафа 
Шоқайдың   үйінде   қабырғада   ілулі   тұрған   Мұстафа   Шоқай   мен   Әміре 
Қашаубаевтың бірге отырып түскен фотосуретін көргендігін жазды [129].
Қазақ   өнеріне   Майра   Уәлиқызының   (1896   -   1929)   келуі   нағыз 
феномендік құбылыс болды. А.В.Затаевич Майра Уәлиқызының Қазақстан 
әнші   әйелдерінің   ішіндегі   ең   үздігі   деп   білді.   Ахмет   Жұбанов   Майра 
Уәлиқызы  ауыр   тұрмыстың   талқысына   талай   түссе   де   тұншықпаған, 
бұрын   ер   азаматтар   ғана   айтып   келген   әндерді   (“Ісмет”,  “Мақпал”, 
“Телқоңыр” сынды) емін-еркін салған тамаша әнші-ақын, композитор деп 
атап, “Қайраты мен өнері бірге қосылып” қазақ қызының өжеттігін көпке 
паш еткен атақты “Майра” әнін өте жоғары бағалады. Сапарғали Бегалин 
“Майра Уәлиқызы өз жанынан ән шығарған композитор, әрі үйренген әнін 
көкейге   қондыра,   тыңдаушыны   өзіне   ұйыта,   бір   есіткен   кісі   екінші 
есіткенше   құмартып   тұратын   етіп   айтатын   аса   шебер   әнші”  [130]   деп 
сипаттады. 
Майра Уәлиқызының үлгісі жаңашылдықты таңдаудың, өнерпаздың 
шын қадірін түсініп, дұрыс бағалаудың оңай еместігін көрсетеді. Майраны 
халық қолдады, өнерін сүйіп, қызықтады. Сонымен бірге оның еркіндікке 
ұмтылған іс-әрекетін құптамаған замандастары да аз болмағанға ұқсайды. 
Майра  Уәлиқызы  кеңес   дәуірінде   10   жылдан   астам   өмір   сүрсе   де, 
коммунизм   елесіне   елікпеді.   Кеңес   өкіметін   мақтап-мадақтап   ән 
шығармады.   Өз  кезегінше   қызылдар   да   Майра  Уәлиқызы  көп   жағдайда 
әйелдердің еркіндігіне қойылған әдет, шектерден шығып, әйелдердің бас 
бостандығы   үшін   күрескер   болғанына   қарамастан   оны   қолдауға   ниет 
етпеді,   ешқандай   құрмет-қошемет   белгісін   көрсетпеді.   Біздіңше, 
шығармашылығы   төңкеріске   дейін,   1910-шы   жылдары   басталған   Майра 
Уәлиқызының тарих сахнасына шығуы әбден заңды, табиғи құбылыс. Ол 
әр   ауылда   молынан   кездесе   беретін   қазақтың   әнші,   ақын,   домбырашы, 
биші, өнерпаз қыз-келіншектерінің өкілі болып табылады. Сайып келгенде 
Майра 
Уәлиқызының   өнердегі   жаңашылдығын   төмендегідей 
тұжырымдауға болады: 1) Майра  Уәлиқызы  қазақ әндерінің мазмұнына, 
құрамына, түріне бірталай жаңалық енгізді; 2) Қазақ өлеңінің көркемдігін 
80

ашуда   елге   таңсық   гармонның   мүмкіншіліктерін   молынан   пайдаланды;
3)   Ауылдың   өнерге   қалалық,   еуропалық   үлгідегі   өзгерістер   әкелді;   4) 
Майра Уәлиқызының репертуары өте кең болды. Ол қазақ әндерімен қатар 
татар және орыс әндерін көп салды.
Алма   Оразбаева   (1898-1943)   А.В.Затаевичке   көмектескен   алғашқы 
қазақ   әншілерінің   бірі   болды.   1920   жылдың   шілде-тамызында   Затаевич 
Алма  Оразбаеваның   орындауында   8   әнді   жазып   алды.  “Натура   очень 
музыкальная, - деп жазды Алма Оразбаева туралы А.В.Затаевич, - с мягким 
нежным голосом (сопрано) и чрезвычайно поэтическою, проникновенною 
манерою передачи. Алма Уразбаева была первого букеевскою казашкой, 
особенно горячо отнесшеюся к моей работе и давшею мне чрезвычайно 
ценные   сообщения”  [131].   Затаевич   фортепьянода   ойналатын   екі   әнін 
Алма Оразбаеваға арнады. 
Ұлт зиялылары театр өнеріне негіз боларлық дүниенің бәрі қазақта 
бар деп  есептеді. Қазақтың  әдет-ғұрпында,  ойын-сауығы,  ән-күйі, өлең-
жыры,  “Жар-жар”,  “Беташар”, ақындар айтысында театр өнерінің кейбір 
элементтері   кездесетіндігін   айтып,   оларды   театр   сахнасына   бейімдеп 
қоятын халық өнерпаздары табылатындығына кәміл сенді.
1918   жылғы   1   мамырда   Ақмолада   Сәкен  Сейфулиннің  “Бақыт 
жолында” пьесасы қойылды. “Тар жол, тайғақ кешуде” Сәкен Сейфуллин 
бұл   пьесасы   туралы:  “Менің   ең   алғашқы   ірі   деген   шығармам   осы   еді, 
осымен   жазушы   болып   едім”  дейді   [132].   Қазақстанның   батыс 
аудандарында   ауыл   мұғалімі   әрі   ақын   Әбдіғали   Сұлтановтың   өлеңмен 
жазылған  “Дариға-Қайдар”  драмасы мен  “Сүліктер”  атты комедиясы жиі 
қойылып,   жұртшылықтың   ыстық   ықыласына   бөленді.   1918   жылдың 
аяғында   Омбыдағы  “Жас   азамат”  қоғамының   мүшелері   Жүсіпбек 
Аймауытовтың  “Жебір болыс”  (кейін  “Мансапқорлар”  аталды) пьесасын 
қойып, большевизммен соғыстағы Алашорда әскеріне қаржылай жәрдем 
еттті.   1919-1920   жылдары   Қызылжар   қаласының   жастары   Қошке 
Кемеңгеровтың  “Әулие   тәуіп”,  “Қасқырлар   мен   қойлар”,  “Бостандық 
жемісі” пьесаларын қалалық бақтың сахнасында ойнады. 
Сол   жылы   қараша   айында   Қостанайда  “Қызыл   керуен”  группасы 
ұйымдастырылды.   Әліби   Жангелдиннің   жасағындағы   қазақ   жігіттері 
Серке   Қожамқұловтың   басшылығымен   жеке   ән-күй   үйірмесін   құрды. 
Соңғы   шығармашылық   топтың   мүшелері   Бейімбет  Майлин  “Бетім-ау, 
құдағи”  атты шағын комедиясын Серке  Қожамқұловтың ойнаған тұңғыш 
сахналық   кейіпкері   болды.   Кейінірек   Серке  Қожамқұловтың   үйірмесі 
“Қызыл   керуендегілермен”  бірігіп,   үлкен   группаға   айналды.   Үлкейіп-
нығайған   группа  “Қызыл   керуен”  атын   сақтап   қалды,   жер-жерден   ел 
өнерпаздарын өзіне тартқан шығармашылық ұйым болды. “Қызыл керуен” 
группасында Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Жұмаш Еленов (группа 
жетекшісі)   артистік   шеберлігін   шыңдады,   кейін   көрнекті   журналистке 
айналған   Ерғали   Алдоңғаров,   сырнайшы   Оразалы   Аяқбаев,   т.б.   белгілі 
81

адамдар сахна қызметіне араласты. Группа 1924 жылға дейін Ишанғали 
Мендіхановтың “Малдыбай”, Мұхтар Әуезовтің “Еңлік-Кебек”, “Бәйбіше-
тоқал” пьесаларын, көптеген комедиялар қойып үлгерді.
Кейін   Серке   Қожамқұлов   Троицкіде,   Уфада   1915-1916   жылдары 
Бейімбет   Майлиннің   өлеңдерін   сахнадан   оқыды,  “Ел   мектебі”,  “Неке 
қияр”, “Шаншар молда” атты шағын пьесаларында ойнады. Ол 1919 жылы 
Әліби  Жангелдин   отрядында   болғанда   жүрген   жерлерінде   жоғарыда 
аталған драмалық шығармалармен бірге Бейімбеттің “Қос қақпан”, “Келін 
мен шешей” пьесаларын қойғандығын еске алады [133].
1920   жылы   Қостанайда   Жұмаш   Еленовтың   режиссерлік   етуімен 
Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Ерғали Алдоңғаров, Аманғали 
Сегізбаев,   Әмина   Еленова,   Мұхамеджан   Фаризов,   Досмырза 
Нұрпейісов, Хасен Баймұрзин Бейімбеттің  “Қаламқас”  атты үш актілі 
комедиясын қойды.
Ұлттық театрымыздың тарихында жарқын із қалдырған Семейдегі 
“Ес-аймақ”  мәдени-ағарту   қоғамы   1920   жылы   қазан   айында   өнерсүйер 
қауымның бірлестігі, ұлт театрын құруға ұмтылған жастардың группасы 
ретінде   құрылды.   Қауымды   ұйымдастырушы   әрі   алғашқы   жетекшісі 
Сейітқазы   Тоқымбаев   болды.   1921   жылы   дүние   салған   Сейітқазы 
Тоқымбаев   туралы   деректер   тым   аз.  “Ес-аймақтың”  шығармашылық 
жұмыстарына   Уәли   Тұрлыбеков,   Ғалиақбар   Төребаев,   Мұхтар   Әуезов, 
Жұмат   Шанин   кезекпен   басшылық   етті.  “Ес-аймақта”  қазақ   өнерінің 
жарқын жұлдыздары Қали Байжанов (1877-1966), Әміре Қашаубаев (1886-
1934),   Жұмат   Шанин   (1892-1938),   Иса   Байзақов   (1900-1946),   Манарбек 
Ержанов   (1901-1966),   Жүсіпбек   Елебековтердің   (1904-1977)   театрдағы 
алғашқы қадамдары басталды.
Семейліктердің ықпалымен 1920 жылдан бастап Қарқаралы жастары 
айына   екі   рет   сауық   кешін   ұйымдастыруды   әдетке   айналдырды.   Ірі 
ауылдарда   қызыл  отауларды   ашып   шағын   пьесалар   қойып,   ойын-
сауықшылар   аталған   осы   өнер   сүйер   жандардың   қолында   алғашында 
қолжазба күйінде жазып алған пьесалар болды. Осы тұста “Ақжол” газеті 
Қызылжардағы  “Талап”  қауымының   мүшелері   драма   үйірмесін 
ұйымдастырғанын хабарлады (1921 ж. 21 қаңтар). Сол жылғы көктемде 
“Талаптың”  өнерпаз   жастары   Қошке   Кемеңгеровтің  “Алтын   сақина” 
драмасын сахнаға шығарды.
1921 жылдан бастап Қазақтың халық ағарту институты (КИНО) мен 
Киринпрос,  рабфактың   ашылуына   байланысты   Орынбордың   мәдениет 
орталығы ретіндегі рөлі арта түсті. Аталған оқу орындарының студенттері 
мен оқытушылары, қаладағы республикалық мекемелердің қызметкерлері 
Свердлов атындағы клубтың жанынан қазақ театр группасын құрды. 1922 
жылы   группа   Мұхтар  Әуезовтің  “Еңлік-Кебек”  драмасын   сахнаға 
шығарды.   Спектакльде   Сәбит  Мұқанов   (Көбей),   Серәлі  Қожамқұлов 
(Еспембет),   Рахым   Асылбеков   ойнады.   Еңліктен   басқа   әйелдердің 
82

рөлдерін   еркектерге   орындауға   тура   келді.   Группа   жұмысының 
жандануына   1923   жылы   Иса   Байзақов,   Елубай   Өмірзақов,   Қапан 
Бадыровтың   келуі   себеп   болды.   1923-1925   жылдары   группа   Мұхтар 
Әуезовтың “Бәйбіше, тоқал”, Бейімбет Майлиннің “Неке қияр”, Жиенғали 
Тілепбергеновтың  “Таңбалылар”,   Рахметжан   Малабаевтың  “Қатесіз 
қарғыс”,  “Ғұрып   күні”,   Әбдіғали   Сұлтанбаевтың  “Дариға-Қайдар”,   т.б. 
пьсесалары қойылды. Осы группадан Қапан Бадыров, Әбіқай Абдуллин, 
Сейфолла   Байғожин,   Жүсіпбек   Оспанов   сынды   маман   артистер   шықты. 
Группаның жұмысына жас ақын Тайыр Жароков, Мінетай Жақсылықов, 
Жұмағали  Әуезов,  Рақым   Иманбаев,  Құсайын  Оңғарбаев  сынды  оқыған 
азаматтар белсене қатысты. 
1922   жылы   Иса   Байзақов   өзінің   туған   жерінде   өнерлі   жастардың 
басын қосып драмалық үйірме ұйымдастырды. Осы шығармашылық ұжым 
“Үлгілі” деген атпен біздің заманымызға жетті. 1981 жылы ұжымға халық 
театры   атағы   берілді.   Әуесқой   театрлар   ұжымдарының   республикалық 
байқауының лауреаты атанды. Көптеген пьесаларды сахналап, жастарды 
артистік,   музыкалық,   әншілік   өнерге   баулыды.   1922   жылы   Ташкентте 
қазақ   оқығандары   өткізген  “Шығыс   кешінде”  Ілияс  Жансүгіров   Жанақ 
ақын, Қалдарбек Жандарбеков Бала ақын рөлінде ойнап, Жанақ пен Бала 
айтысын көрсетті. Сол жылы Орынборда “Еңлік-Кебек” пьесасының басты 
кейіпкерлерінің бірі – Көбей би рөлін Сәбит Мұқанов ойнады.
1923   жылы   24   қазанда   Мәскеу   қаласында   Қазақ   өлкесін   зерттеу 
қоғамы   ұйымдастырған   астанада   оқитын   қазақ   жастарының   музыкалық 
концерті болып өтті. Қоғам басшылығының Қазақ АКСР Халком Кеңесіне 
жолдаған баяндама хатында бұл концерт “қырғыз халқының тарихындағы 
тұңғыш концерт”  деп жаңсақ жазылған. Құжатта өзінің табиғи әсемдік-
көркемдігімен тыңдаушыларын таң ғажайып қалдырған бұл өнер шексіз 
қазақ   даласынан   қала   ғимараттарына  –  театрға   келуге   тиістігі,   қазақ 
әншілері мен күйшілері “еуропалық концерт бағдарламаларына енгізілуге 
тиіс”, Қазақстан  үкіметі қолдайтын болса Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы 
Орыстың мемлекеттік оркестрінің жетекшісі Г.П. Любимовтың көмегімен 
Қазақтың   музыкалық   аспаптарының   оркестрін   құруға   кірісетіндігі 
айтылған   [134].   Алайда   Қазақтың   халық   аспаптары   оркестрін   Ахмет 
Жұбанов тек 10 жылдан кейін, 1933 жылы ұйымдастыра алғаны белгілі.
1917-1925  жылдардың   тәжірибесі   кеңестік   сипаттағы   қазақтың 
шығармашылық   интеллигенциясының   қалыптасуы   күрделі   процесс 
екендігін   көрсетеді.   Бұл   жекелеген   ақын-жазушылардың 
шығармашылық тағдырынан  айқын аңғарылады.  Ақындық  жолы, яғни 
шығармашылық қызметі төңкеріске дейін басталған  Сәкен  Сейфуллин 
“революция   ақыны”,   “қызыл   сұңқар”   аталғанымен,   ұлтшыл-
демократияшыл   ақыннан   бірден   пролетар   ақынына   айналған   жоқ. 
“Сәкен   Сейфуллин   революцияны   бірден   жақтап   кетті”   деген   сөз 
Компартияның ұлылығын дәлелдеу үшін қажет болды.
83

Сол сияқты қазақтың кеңестік әдебиетінің негізін қалаушы, классигі 
саналған Бейімбет Майлиннің де әдебиеттегі жолы “Ғалия” медресесінде 
“Садақ”   қолжазба   журналын   шығарудан   (1913)   бастау   алып,   жетекші 
прозашыға   айналуы   ұзақ   еңбек   пен   күрестің   нәтижесі   болды.   Кезінде 
Алашорда әскеріне өз еркімен кірген Бейімбет  Майлин қаншама өнімді 
еңбек етсе де, шыққан тегі “таза пролетариат” Сәбит Мұқановтай билік 
басындағылардың   сеніміне   ие   бола   алмай   дүниеден   өтті.   1917-1925 
жылдары   еңбек   еткен   ескі   және   жаңа   шығармашылық   интеллигенция 
өкілдерін кеңестік интеллигенция деп атау әлі ерте еді.
84


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет