3.2 Қоректендіру жүйесінің негізгі ақаулары
Автомобиль қозғалтқышының пайдалану тәжіребесi ақаулардың көпшiлiгi қоpeктeндipy жүйесiмен байланыс¬ты екендiгiн керсетедi. Қоректендiру жүйесiнiң ең жиi кездесетiн ақаулары: отын еткiзгiштердiң тығыз қосылғыштан тыс ауаны қосымша сору, отын еткiзгiштердің және сүзгiлердiң ластануы. Бұдан басқа карбюраторлы қозғалтқыштарда құрамы сәйкес келмейтiн жанғыш қоспа түзiледi: жетiмсiз немесе бай, дизель қозғалтқыш¬тарында отын еткiзгiштерге ауа енедi, отынның форсун-камен тозандану сапасы бұзылады және жоғары қысымды сорғыда отын берiлудiң басталу бұрышы өзгередi.
Мұндай ақаулар Болған жағдайда қозғалтқыш от ал¬майды, толық қуатын үдете алмай үзiлiспен жұмыс iстейдi, түтiндеп немесе кенеттен тоқтап қалады.
Отынның aққaн жерiн көзбен көрiп не қолмен сипап табуға болады. Ағуды отын еткiзгiштердiң штуцерлер бекiтiлуiн тарта түсiп немесе аралық төсемді ауыстырып тоқтатуға болады.
Егер Қозғалтқыш оталмаса, бiрiншiден, бактағы отынның мөлшерiн тексерiп, жапқыш шүмек ашық екен¬дiгiн баЙқау керек. Одан әpi отын айдау орғысының ақаусыз жұмыс iстейтiндiгiн тексередi. Шиналарға ауа толтыру үшін ластанған отын еткiзгiштердi сорғымен үрлейдi. Жанғыш қоспа карбюраторлы қозғалтқышта нашар түзiлуi мүмкін. Жиклердiң ластануы салдарынан карбюраторда сәйкес құрамды жанғыш қоспа дайындал¬мауы да мүмкін. Ластанған жиклердi ауа сорғысымен үрлейдi. Оларды тазарту үшін сымды пайдалануға бол¬майды, өйткенi ол жиклер Teciгi формасының кеңеюiне немесе өзгеруiне екелуi мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |