7
көне этикалық ойлардың жалғасы болды. Осы кездегі этикалық ойларды
дамытушы ұлы ғұлама Әбу Насыр əл-Фараби. Әл-Фараби ілімінің басты
идеясы - бақыт, ақыл жəне рақымшылық. Бұл оның негізгі гуманистік
көзқарастарының категориялары. Адам қайырымдылыққа, əділдікке
ықыласпен бас иіп, зұлымдық пен əділетсіздікке бармауға тырысып, үлкен
ақылдылыққа ие болуы тиіс. Мұндай кəмелетке жету үшін білім, рухани күш
салу, психофизиологиялық мінез талап етіледі. Әл-Фараби адамның маңызын
түсіндірудің адамгершілік-этикалық мазмұнына көп көңіл бөледі. Оның
этикасы жүрек пен қолдың тазалығын, əлеуметтік əділдікті, адамдар
арасындағы қатынаста ар-намыстылықты жариялады. Адамда ең бастысы,
оның іс-əрекетінің айнасы - рухани негіз алға шығады деп пайымдайды [2].
Этика - философиялық категория. Ол педагогика, психология,
филология жəне заң ережелерімен сабақтас. Ол теориялық жағынан
қарағанда заң-ережелерден тұратын құрылым, қоғамның, жалпы бүкіл
адамзаттың дамуының қозғаушы күші.
Адамның еңбектік қызметі тəжірибелік қызметтің негізгі үлгісі болып
табылады. Осыдан бастап кəсіби этика феномені туралы айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: