З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет7/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
Байланысты:
Пед.этика

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Моральдық сананың үш сатысына мəліметтер жинақтап, өз ойыңмен
тұжырымдама жаса.
2. Адамның мінез-құлқы жəне оны тəрбиелеуге қатысты даналық ойлар
жинақтап, топта бөлісіңдер.
3. Мораль ұғымына салыстырмалы талдау жасап, кесте толтыр.
1.3. Этиканың негізгі категориялары
Барлық ғылым түрлеріндегі сияқты этикада да бірқатар категориялар
бар. Категориялар заңдармен, қағидалармен, əдістермен біріге отырып, кез
келген ғылымның мазмұнының негізін құрайды. «Категория» сөзінің өзі грек
тілінен шыққан. Ол арқылы шынайы өмірдің маңызды жақтарын көрсететін
мейлінше жалпы түсініктер сипатталады [5].
Көптеген философиялық-теориялық пəндермен салыстырғанда 
этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден 
тұрады. Этикалық категориялардың барлығы табиғат құбылыстарына еш 
қатысы жоқ, тек тікелей адам əлемімен байланысты ұғымдар. Өйткені 
адамгершілік, аты айтып тұрғандай, тек адамға, яғни жақсылық пен 
жамандықтың арасын ажырата білетін ерік-жігері бар жан иесіне ғана тиесілі 
(1.1-сурет). 
Достық адамдардың бір-бірін қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, 
шынайы тілектестіктен, сенімнен құралады. Достық қарым-қатынас дегеніміз 
- жеке адамдардың бірін-бірі жақсы көруіне жəне ұнатуға, мақсат бірлігіне,
ұзақ уақыт жəне жан-жақты, тату-тəтті араласуына негізделген аса тығыз
қарым-қатынас, үлкен сезім.


11
1.1-сурет. Этиканың негізгі категориялары
Махаббат достықтың, татулықтың шыңы, адам өмірінің ұлы 
жарастығы. Онсыз өмірдің мəні, қызығы, құны жоқ. Ақын Абай: 
«Махаббатсыз дүние - бос» деп тегін айтпаған. Махаббатпен адамның бүкіл 
тіршілігі байланысты. Адам дүниеге келген мезеттен ата-ана махаббатының 
жылуына бөленсе, одан кейін дос-жаран, жора-жолдастарының 
сүйіспеншілігін біледі, бірте-бірте сүйіктісінің, жарының махаббатымен 
қауышады. Барлық ұлы істерге адамды қажыр беріп бастаушы күш -
махаббат. Адам біреуді сүйгендіктен, біреудің өзін сүйетіндігін немесе 
болашақта сүюінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік 
мақсаттарға ұмтылады. Ол адам жанының екінші біреуге, адамдар қауымына 
немесе белгілі бір идеяға бағытталған сүйіспеншілігі мен құштарлық 
сезімінің аса нəзік түрі. Махаббат ұғымының мазмұны өте кең. Оның адам 
жанының махаббаты, белгілі бір идеяға, Отанға, ата-анаға, жалпы адамзатқа 
деген түрлері көп. Махаббатта сезім мен ақыл ұштасып, адам парасатты 
табиғи күш ретінде көрінеді. Махаббат адам көңілін шартарапқа желдірер, 
көңілін аспанға көтерер, нəзіктік пен құштарлықты тудырар, қорқынышы мен 
үрейі, қызғаныш пен қасіреті көп күрделі жағдайларға жол бермейтін ғаламат 
сезім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет