64
бермеуінде;
- қарым-қатынас барысында табиғилық,
қарапайымдылық танытып,
өрескелдікке жол бермеуінде;
- бірбеткейліксіз ұстанымшылдығы жəне табандылығында;
- зеректік пен сезімталдығында;
- тұлғаның жеке басын қорламайтын əзіл-сықақ қолдана білуінде;
- иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасау жəне қысымшылық пен
қорлықсыз жазалай білуінде;
- өз білімі мен кəсіби даярлық деңгейіңнің артықшылығын атап айтпай-
ақ білімалушыларды оқыту жəне тəрбиелей білу қабілетінде;
- білімалушыларды тыңдай білуі, оның жəне
өзгелердің сұрақтарға
берген жауаптарына тыңғылықты қарай білуінде.
Педагогикалық қарым-қатынастың адамгершілік мəдениеті жəне оны
қалыптастырудың жолдары адамгершіліктің бес құндылығы арқылы іске
асыруға болады:
1. Сүйіспеншілік - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным
тұғыры, риясыз, ынтық, нəзік сезім,махаббат - адам жүрегін нұрлы қуанышқа
бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік
сезім.
2. Дұрыс іс-əрекет - ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде
беріледі жəне іс-жүзіне асырылады. Дұрыс əрекет ету қағидасы – өзіңе де,
басқа адамдарға да, табиғатқа да зиян келтірмеу.
3. Қиянат жасамау - ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық жəне жан
тыныштығы да сүйіспеншілікке
арналған, яғни тəтті жеміс. Рақымдылық,
мейірбандық, əр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай
оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына
көнсе, жалған шықпайды.
4. Жан тыныштығы, адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның
отбасында да тыныштық болады. Ал,
отбасында тыныштық болса, қоғамда
да тыныштық болады. Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық
болады.
5. Ақиқатты тану, рухани кəусар бұлақ көзінен жолды іздеп табу - бұл
əрбір жеке адамның, нақ осы қазір өмір сүріп жатқан барлығымыздың жəне
өмірге жаңа қадам басқан адамдардың міндетінің ішіндегі міндет[21].
Жоғарыда атап көрсеткендей, педагогикалық қарым-қатынас
педагогтың адамгершілік мəдениеті жəне оны қалыптастырудың жолдары
адамгершіліктің бес құндылығы арқылы түрлі оқу-тəрбиелік
міндеттерін
шешу барысында көрініп, олардың кəсіби қызметіндегі мəдениетінің
тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: